Изомерия Амин қышқылдарының изомериясы функционалды топ орнына және көміртегі скелеті құрылысына байланысты болады.
α – аминпропион қышқылы (α-аланин)
β – аминпропион қышқылы (β-аланин)
α – аминмай қышқылы
β – аминмай қышқылы
γ – аминмай қышқылы
α – аминизомай қышқылы
Физикалық қасиеттері. Аминққышқылдары – суда еритін түссіз кристалл заттар; олардың көпшілігінің тәтті дәмі бар (D-амин қышқылдары), L-амин қышқылдарының дәмі ащылау келеді. Қарапайым алифатты аминдер (метиламин, этиламин, диметиламин) газ тәрізді заттар, суда жақсы ериді. Иістері аммиактың иісіне ұқсас. Ортаңғы аминдер сұйық заттар, иістері балықтың иісін еске түсіреді. Құрамында көміртек атомы көп аминдер — иіссіз, қатты заттар. Көміртек тізбегіндегі көміртектің саны өскен сайын суда ерігіштігі төмендейді. Аминдер органикалық,еріткіштерде (бензол, т.б.) жақсы ериді.