Химиялық қасиеттері Амин қышқылдарының құрамында негіздік амин және қышқылды карбоксил топтары болғандықтан, олар амфотерлік қасиет көрсетеді.
1. Тұздар түзу реакциялары. Амин қышқылдары қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұздар түзеді.
аланиннің натрий тұзы
аланиннің тұз қышқылды тұзы
2. Амин қышқылдары қышқылдар сияқты күрделі эфирлер, хлорангидридтер түзеді:
4. Амин қышқылына азотты қышқылмен әсер етсе, оксиқышқыл және азот түзіледі: NH2СН2СООН + НNО2 → НОСН2СООН + N2 + Н2О
5. Амин қышқылдары дезаминдеу реакциясына түседі, нәтижесінде амин тобы жойылады.Бұл реакция организмдерде ферменттердің әсерінен жүреді:
ферменттер
6. Амин қышқылдарының құрамында негіздік қасиет беретін амин тобы және қышқылдық қасиет беретін карбоксил тобы болғандықтан олардың молекулалары өзара әрекеттесіп,полимерлер түзіледі:
7. Амин қышқылдарына ғана тән қасиеттері: а) Амин қышқылдарына қыздырудың әсері: Альфа- амин қышқылдары дикетопиперазин түзеді (молекулааралық циклді диамид)
Бета- амин қышқылдарын қыздырғанда аммиак бөлінеді және қанықпаған қышқылдар түзіледі:
акрил қышқылы
Гамма- амин қышқылдары молекула ішіндегі дегидратацияға ұшырап, циклді аминдер – лактамдар түзіледі:
ә) амин қышқылдарына мыс(ІІ) иондарымен комплекс қосылыстар түзу реакциясы тән:
Полипетид тізбек түзуі амин қышқылдар амфотерлі органикалық қосылыстар бірақ, амин қышқылдарының бейорганикалық амфотерлі қосылыстардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Олардың молекулалары бір-бірімен реакцияласады. Оны шамамен былай көрсетуге болады:
Түзілген молекула тап осылайша аминқышқылының үшінші молекуласымен, т.б реакцияласуы мүмкін.
Осындай реакцияның нәтижесінде саны үлкен амин қышқылының саны бар молекулалар – пептидтер түзілуі мүмкін. Амин қышқылдарының молекулалары өзара әрекеттескенде атомдар тобын - HN - СO - пептидтік немесе амидтік топ дейді, ал ондағы көміртегі мен азот атомдарының арасындағы байланысты пептидтік (амидтік) байланыс дейді.