84
сатыларын жоғарыда тізбектедік. Негізгі кезеңдерге жету жолында бірнеше қадамдар бар. Әрбір жаңа дағды қалыптасқан дағдыға негізделеді. Мысалы, бала еңбектеу үшін,әуелі бауырын көтеру керек,бауырын көтеру үшін жастық не көпшікке етбетінен жатып, талпынып, тырбанып жаттығу жасау қажет.Құйрығын басып отыру үшін,әуелі жатқан жерінен аунай алуы,одан соң жан-жаққа бұрылып қарау,кеудесін бұру,онан соң басын көтере алуы тиіс.Мұның бәрі ересектер көмегімен сол қозғалысты жасай алатын шағында жаттығып дағдылану нәтижесінде орында-лады.Жүру үшін әуелі тұру дағдысын игереді,ол үшін сүйеніп(жүкке,қабырғаға, төсекке, орындыққа, керегеге т.б.) тартып,итеріп бойын билеп үйренеді. Ал,оларды жасамаса, дамудың ол кезеңі кешігеді. Мысалы,бөлеу әнін, бесік жырын,өс-өстеу,сылау ән-өлеңдерін естімей өскен нәрестенің, айнала-сындағы туыстар-ының,ата- анасының үнін ажыратуқабылеті кешігеді. Тіптен басқа тілде сөйлейтін жұрт ортасында өмірге келген қазақ баласының тілі 6 айдан 1 жылға кешігіп шығатыны анықталған.Ал,басқа ұлт тілінде , тілге келген сәбилердің сөйлеу кезеңі 6-8 айға ұзаратынын нақтылы зерттеу көрсетіп отыр.)
Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын.
Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым, серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқа-нат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндет-імен аталатын. Қозы жас;қой жас;жылқы жас ; патша жас;аңдушы; қағушы; суқұяр: атқосшы; көрікші;соғушы; аутартар;ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мект-бін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу,шөп шабу,егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен, қазақтар, салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айнал-дырған. Мысалы:сірге жинар,төстік қаптар, соғым бас,көгентүп жасау, пішен той,сабан той т.б. Қазақ ұғымында ең қызық,ең бақытты,ең жақсы дәурен сүретін жас-30-ға дейінгі жас.Алайда оның бір мүшел кезеңі балалық бал дәуренге тиесілі.Бірінші мүшелдің алғашқы бес
81
жылы уайымсыз,риясыз өмір кешетін,күл шашатын,ойын қуатын,жерден таяқ жеп,мазақтамалар мен санамақтарға тілі әзер келіп, бал тілімен басқаларды мәз ететін жас . Ал жеті жастан бастап,ұл мен қыз тәрбиесінде елеулі айырмашылық орын алып,еңбектен өзіндік міндет артып,оны жүзеге асыру жолы нақтылана бастайды.
Шаруа отбасында тәрбие,үлгі-өнеге көрсету іс- әрекеті, әулет пен тайпаның, рудың шынайы өмір әрекеттерінен айыр-машылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Өнегелер міндетті түрде өмір белестерінде өріліп, тәрбие еңбек қимылдар-ының ауқымында жүзеге асырылатын. Мәселен бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу,қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді. Қазақ ұлы онға толы-сымен қозы жасына келді деп есептейді. Қазақ ұғымында,азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады.
Қозы жасындағы бала онбеске толысымен отау иесі делініп,қозы бағудан қой бағуға ауысады. Ол,жәй ғана солай ауыстыра салу емес,үлкен оқу,мүқият баулудың нәтижесі. Қозы бағу оңай болмағанымен,қой бағу тіптен қиын. Бүл жаста-ғылар,ата кәсібін-маман иемденуі қажет.Сондықтан,он бес пен жиырма бес арасын қой жасы деген.Он беспен жиырма бестің арасын қой жасы деуі-бір қора қойды ит-құсқа жем қылмай, жоғалтпай бағу,жауын-шашында,боранда аман сақтау, азаннан қас қарайғанша жалықпай жанында болу,жалғыз жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді. Бұл қой жасынан еті тірілер, шыныққандар, сенімділер ғана өтіп,жылқы жасына ауысады. Қашан да болмасын,жиырма бес жас- белдің бекіп, бұғанасы қатайып,өсіп жетілген, тебіннің күшейген кемел шағы. Ат құлағы көрінбейтін боранда, түкірігі жерге түспейтін қаңтар-дың сары шұнақ аязында. тұмсығына оқтаудай мұз қатқан,
кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп үйір-үйір жылқыға ие
82
болу,күртік қарды белуардан ойып тігілген қоста жатып, жылқы отарлату,ұтылап тосатын,ұлып артыңнан қалмайтын қалың қасқырға шалдыр-май,екі күннің бірінде тебініп келетін сақадай сай жауға алдырмай жылқы бағатын, жиырма бес пен қырық жас арасындағы жігіттер ғана. Жылқы жасындағы қазақ,ата кәсіптің ең маңдайлысы-жылқышы мамандығына қол жеткізуі тиіс.Бірер дарындылары,осы жаста атбегілік өнерін игерген.Қырық пен алпыс арасын патша жасы деудің өзіндік мәні бар.Қырықты қазақтар әспеттеп, қынынан суырылған қылышқа теңейді. Себебі, осы жастағы өнер иелері өрге жүзіп баршаға танымал болады, талант-тылар атағы әйгіленіп, халық алдында көзге түседі, шешендері билік жасап, бағалана бастайды,
Қазақта мүшел жас ерекше жиі қолданады және оны есептеу үшін жыл қайыру амалы енгізілген.Көптеген халық жылды мүшелмен есептейді.Қазақта жыл қайыруды жас мөл-шерін есептеумен қатар әр мүшелде игеруге тиіс білім,білік, дағды-әдептің игерілу дәрежесіне есп жасау сынап қорыт-ындылау өлшем мөлшерін тағайындап қойған.Дәлірек айт-қанда,КІСІ қалыптасудың кезеңдерін осылай белгілеп, қойылған талаптардың орындалуына бақылау қоятын амал-айласын тағайындап,оны қолдану жолын көрсетіп қойған.
Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар он екі түрлі жануардың атымен аталадыБұлардың алтауы-үй жануары, алтауы түз тағысы.Осы кезде,кәзіргі жыл санау мен ескі жыл айыруды кестелеп пайдалану жиі қолданылуда. Мүшелдегі жылдар-дың ретін еске сақтаудың оңай әдісі бар.Ол үшін мына бір шумақ тақпақты жаттау керек.
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан,
Жатпа қарап,мойыма,
Тайма именіп ділмәрдан./С.Мұқанов/
Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санауда қолданылып жүрген жануарлар атының алғашқы әрпінен басталады.Түйе-тышқан, сеніп-сиыр,бойына-барыс, қалған-қоян, ұмыт-ұлу, жылдардан-
83
алтын дәуір,өнер-білім үйренетін,әрқандай қиындықты бұйым ғұрлы көрмей,аңсаған арманға жетіп,бақыт-байлықжарататын, арындаған,жалындаған,дәуір екенін шынайы ұғынып, және оны ғанибет біліп,жастық шақты мәнді,мағыналы өткізуге күш салу. 2.Денсаулықтың қадірін білу: қазақ халқы «бірінші байлық –денсаулық»-деп, денсаулықты бәрінен жоғары қояды, денсау-лыққа ерекше көңіл бөліп,түрлі әдіс-амалдарды қолдана отырып, денсаулықты қорғау,денсаулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дәріптеген.Қазақтың тұтынған,ішіп-жеген ас-суы,әрі табиғи, әрі өте таза болған. Тазалық-ты ерекше дәріптеп,адам ағзасына қылдай зияны тиетін бір де-бір дәмді аузына салмаған. Әрі жасына сай келетін тамақтар мен ауқаттанған.Қарттарға жылы-жұмсағын,нәрлі жұғымдысын ұсынса,жастарға әл-қуат берелік ,күштілерін таңдаған. Жеткіншектерге «бір аяқ қымыз-дың,екі аяқ желігі бар»-деп,қымыздың өзін шақтап ішкізген. Қырыққа келмей ашыған немесе бозаны ауыздарына да алғыз-баған.Тамақты аузынан шыққанша обырланып, қомағайланып алуды үнемі шектеген.Киімнің өзін жыл мезгіліне сәйкес киіндіріп, «тоғыз қабат торқадан,тоқтышағымның терісі артық» -деп,ғұмыр кешкен өлкесінің ерекшелігіне сай киіндірген.
3.Өмірдің қадірін білу;«Өмір деген –бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М.Мақатаев/ «Өмір-теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./ «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып,жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж.НеруӨмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.( І.Есенберлин.)
88
көрсетіп,сынақ тапсырып отырған..«Жігіттің де жігіттік ниетінен байқаңдар,ниеті қалыс жігіттің жүрегінде сайтан бар»-дейтін халық,жігіт сынын әр кез,айтып,оларды тану жолын көрсетіп,бойындағы жаман мінез,сөлекет қылық, тұрлаусыз әдеттерін жойып отырған..Қазақта «жігіт сыны,қыз сыны»-деген жігіттер мен қыздарды танып білу ережесі,жақсы-жаман қыздар мен жігіттердің ішкі-сыртқы санасын, мінезін, жүріс-тұрысын,ақыл-ой парасатын бағамдайтын өлшем қалыбы да бар.Ұл және Қыз сынын жырламаған бірде-бір ақын,жырау жоқ.Адамтанушы Шалақын (1748-1819);«Бір жігіт бар-құр жан,бір жігіт бар-тірі жан,бір жігіт бар-жігіт жан.Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны бар,ешнәрсені бітірмейді;тірі жан дейтін бар тапқанын киімі мен асқа сатар жақын көрген досын жатқа сатар,қызыл белбеу шонқима етік,үкі тағып,әркімді бір сықақ қылар;жігіт жан дейтін жігіт-сегіз қырлы бір сырлы болар.»Ал,қыз сынын: «Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі,Қыз онбесте келеді түзелгісі,Аяғын көр асын іш деген сөз бар,Шешесін көр қызын ал,сол белгісі.Уа,жігіттер әйел алсаң қарап ал,ақыл-дысын,Ол сенің ахиреттегі жақын кісің»-деп жар таңдаудың мақсатын ашып берген.«Басына бақ қонатын қазақтың ұлы епті, қызы көрікті болады». Есею шақ жиырма бестен отыз үш жасқа дейін. Кемелдену шақ-отыз үш жастан,жетпіс төрт жасқа дейін. Үшінші мүшел-37жас. Алды-артына көз тастап,ой жүгір-тетін,ақыл тоқтатқан, азамат атанған,«орда бұзуға да»- қайрат-күші жеткілікті,нағыз жас қазақ. Осы аталған әр мүш-елде,КІСІ қалыптаса отырып,белгілі адамшылық қасиеттерді игереді,өмір заңдылықтарын танып біледі,тәрбие көріп,тәлім алады.
Ертеде өмір сүрген Қоныс батыр Қожабек деген байдың қызы Тананы алмақ болады. Үлкендер құда түсейік десе, олардың ақылына көнбей, қызға күшпен үйленгісі келеді.
Бір күні Қоныс жігіттерімен келіп, бір төбенің басына шатыр тіккізіп, Қожабекке кісі жібереді. "Қызын берсе қолынан, бермесе жолынан аламын" дегенді аңғартады. Сонда Тана
Достарыңызбен бөлісу: |