Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға қүдіреті әбден жетеді



бет20/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607

байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға қүдіреті әбден жетеді» деген тұжырымы халқымыздың тэжірибесінде музыкалық терапияның болғанына ғылыми негізі болары хақ. Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі-өздерінің айна-ладағы адамдарға деген қарым-қатындсын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен карым-қатынасу арқылыы қанағаттандырылады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспір-імнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді.Ал музыка-адамның сезімдерінің әміршісі екенін қазақтар өте жақсы білген. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.Осы педагогикалық-психологиялық заңдылықты қазақ халқы тым ерте аңғарған.Тілі шықпаған сәбидің жан сарайына жету ән-күй,әуен екенін жете сезінген олар,сылдырмақпен ойнатып,бесік жырын айтатын,әр іс-әрекетін әнге сүйеп атқаруының түп себебі осында жатыр.Бұл- дәлелсіз мақтанқұмарлық емес.Айталық.Ботасы өлген боз інгенге басқаның ботасын қалай телігенін көрген шығарсыз.Өлген ботаныің терісін басқа інген ботасының үстіне жауып,қыл қобызбен сарнатып,телу күйің тартып,көс-көстеу жырын орындағанда шай қайнатым уақытта,боз інген көзінен жас парлап,алпыс екі тамыры иіп,өз ботасының терісін құшырлана иіскеген боз інген,бөтен інген ботасын өз ботасындай танып,емізіп тұрады.Бұл ненің күші? Тұмса тұсақтың қозысын тастап кететін немесе өз қозысынан өзі жеритін, кей жағдайда қозысы өлген қойға сүті аз қойдың қозысын жағызғанда,аналарымыз,әпкелеріміз,жеңгелеріміз «төй-гелеп» қозыны алдыр-атын, телитінін жақсы білеміз.Ол ненің құдеріті?Ән-әуеннің әсері.Жапония ғалымдары,күн көзіне еріп,күнбағыс табақшасы (алақаншасы)

75


Танып білген.Балалар әлемді сезім арқылы таниды: есту, сипап сезу, иіс сезу және көру. Әрбір сезу тәжірибесі мидың миллиардтаған жасаушалары арасында байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді, сөйтіп балаға бұл дүниені үйренуге көмектеседі. Мысалы, ата-ана баласымен оны қолына алғанда,бесікке бөлегенде,сылап сипағанда,өс-өстегенде сөйлеседі, баланың естуінің дамуына осылай ән айтып, көмек-теседі.Қайталау байланысты нығайтады, осылайша бала ата- анасының дауысын тануға үйренеді.Бұлай үйрету өмір бойына жалғасады.Алайда қабілеттіліктерді, әсіресе, көру, есту, сөйлеуді дамытуда ерекше кезеңдер болады.Ми мақта секілді тез сіңіруге, жаңа ақпараттарды қабылдауға қабілетті болатын кезең бар. Мәселен, кішкентай балалар өзінің ана тілін оңай және жылдам үйренетінін еске түсіріңіз. Дүниегекелу мен бес жас аралығындағы кезең баланың дамуындағы барлық салада ерекше қабілеттілік кезең болып табылады . Бұл туралы адамтану қазақ ілімінде мынандай ерекше қағида бар.« Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбес жасқа дейін қосшыңдай сана,онбес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген хас қағида бар.(Дәл осыгндай ұстаным, жапон-дарда,корейлерде,саян түріктерінде де кезігеді) Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім.Бала беске толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластырады. Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне, денінің сау, денесінің ширақ, ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы,ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап мұқият бақылайды. Басқаша айтқанда, «патшасындай» қарайды. Солай етуге ата–анасы ғана емес,тайпалы ел, ауыл–аймағы міндетті болған Осы жастағы оң тәжірибе өмір бойына дені сау даму-дың негізін салады.Екінші жағынан, нашар тамақтану, күй-зелістер, негативті тәжірибе және оң эмоциялардың (ынталан-дыру) жетіспеушілігі осы жылдары баланың дамуына елеулі әсер етеді. Баланың дамуындағы ауыспалы сатыны-жас шамасының кезеңдері деп жүрміз. Оның бастыларын: отыру, еңбектеу, тұру, жүру және алғашқы сөйлеуі қатарлы даму
80

алпыс жыл бойы керектенілген екен. Білім арқылы көкірек көзін ашу қазақ тәрбиелеу ілімінде тым ертеден қалыптасып,оқу-ағартушылық филиосо-фиясы арқылы ол даму жолын тауып,әсіресе ХХ ғасырда ерекше табыстарға қол жеткізді.Ислам өркениеті Ұлы Дала өлкесіне тарау арқылы ғылым-білім,мектеп-медіресе қатарлы оқу-білім ошақтары өте баяу болса да,оның көне дамымаған түрлері келсе де, қазақ қоғамында жылжу болды,қазақтың көкірек көзін ашу амал-айласына сіңісе отырып,өз орнын тауып жатты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет