48
оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесіжеке адам үшін елеулі болып табылатын сфераларда іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адам-дарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.Осыған әсер ететін ұрпақтың бойында бар,ата-бабадан ұласқан, ақыл-ой,дарын-қабылет,өнер мен даналық нышандары біршама дәреже де оған ықпалын тигізе алады.Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылық-тарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады.«Тәрбие адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді про-цесс»- деп Я.Коменский тәрбие сипатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
Адамға барлық заттарды білгізу-«ғылыми білім»;
Заттардың және өзінің қожасы ету-«адамгершілік»;
Құдайға, заттарға құлшылық ету-«діни тәрбие»;
Тән саулығы-«дене тәрбиесі».
Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланыс бар.Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы фило-софия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінеді. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы өзгешелігімен дарала-нуы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың
45
өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқара-сын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреу-лер-айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер-сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туын-дайды.. Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу-миллиондаған жеке тұлғалар-дың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көрге-нін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателік-терінен де сабақ алады.Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды Жеке тұлғаға тән қасиет-терді,оның ата –бабасынан ұласқан тектілігімен ұштас-тыруды,мұны жүзеге асырудың ғылыми негізін тұжырымдап, қалыптасу жолын айқындап сара-лау,амал-айласын,тәсілдерін тағайындап беруді текті тұлға тәрбиелеу теориясы деп отырмыз. Бұл теорияның формула-сын қорытып,ғылыми негізін анықтауға алғы шарттар мен негіздер бар ма?Сенің іздестіріп тапқандарың мен қорытып тұжырымдаған түйіндерің жеткілікті ме?-деуіңіз әбден мүмкін.Педагогика мен психология тарихында мұндай талпыныстар әр кезде болған.Бір сәт тариха бет бұралық. Текті тұлға тәрбиелеу көзқарасына белгілі мөлшерде ықпал жасау
46
мүмкіндігі бар теория-Бихевиоризм. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әркім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/, сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды “Сана” ,“түйсік” “қабылдау”,“ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми маз-мұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығар-ылды.“Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы)“реакция”(организм-нің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы “байланыс”(ассоциация, коннексия )негізгі психоло-гиялық ұғымдарға айналды.Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимулреактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Бұл теорияның мақсаты–ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін анықтау .Бізге керектісі-осы,ортаға бейімделу бағыты.Казіргі психоло-гиядағы тұлға теорияларынан(Ангьял, Гольдштейн, Роджер) туа берілген организмдегі өзіндік маңыздану да бізге жат болмайды Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипат-тарға сай құрылған. Сонымен, тұлға тура-лы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс - әрекет сияқты.Тұлғаның интерак-ционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінезді белгілеп,оны бірнеше топқа бөледі :1.Адам қабілеті. 2.Когнетивті стротегиясы. 3.Кітетіні. 4.Құндылығы.5.Мінез жоспары. Тұлға теориясын жасауда американ психо-логі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.(Бұл туралы алдыңғы
47
сипаттаудың негізгі құралы болған шежірені ғылымда «социо-генограмма» дейді. Қазақтың шежіресіндегідей социогенограммада да кемінде жеті атаға дейін туған-туыстар көрсетіледі. Тіпті, оны сызудың, қандай ақпарат-тар көрсетілуі керектігін ғалымдар ғылыми тұрғыда жасап, шартты белгілеріне дейін анықтап қойған. Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.Осы негізде,қазақ әулет мектебінде «Тарих-шежіре» деген пән оқытылған.Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі-шежіре үйрету .Оның негізгі мақсаты-ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жастың тұлғалық қасиетіне тірек қояды. Сондықтан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» дейді. Бала жас ерекшелігі ескеріліп, қазақтың классикалық шежіре жазу дәстүріне сәйкес, «Менің шежірем» атты белгілеу кітапшасын жасап,шамалы әулетте (200-дей отбасын қамтып), ұстаздар мен ата-аналар көмегін ала отырып, генетика, родология, нумерелогия, астрология жетіс-тігіне сүйеніп, қолданып, керектеніп көріп едік, ата-аналардан жақсы қолдау тауып,тым жылдам таралып отыр..Кейбір ата-ана «Әулет шежіресі» деген фотосуретпен безендірілген кітаптар дайындап алды.(«Менің шежірем» кітапшасының жасалу жолы,пайдалану әдісі-/Тәрбие орг сайтында: 14.қыркүйек 2017
52
тұлға тәрбиелеу тәжірибесі орасан салмақты.Осы педагогикалық процесс,қазақта жалпы ұлттық сипат алған. Бүгінгі педагогикалық-психологияның экс-периментальді түйіндері мен тұжырымдарынан еш кем емес.Текті тұлға тәрбиелеу теориясы өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.Экспериментальді емес теория санатына сиысады,Себебі ол,талай ғасыр бойы керектеніліп сыналған білім.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді.Аристоель құл болушылық немесе бағынушы-лықты табиғат заңы дейді.Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі-преформистер.Преформизм-XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондық-тан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.Қазіргі медицина құрсақ-тағы балаға сыртқы дыбыстың әр алуан әсері барын әлде-қашан дәлелдеп қойған. Құрсақта жаңа қалыптасып келе жатқан шарананың қандай мінезді пенде болып туарына сырттағы әуез ,ананың көкіл күйі оның ішіп-жеген ас суы,жүріс-тұрысы,киген киім-кешегі, әсер еткен иіс,жұтқан ауасы сезінген иіс естіген үнге дейін әсер ететінін қазақ ерте сезген.Атам қазақ аттың жалында, түйенің қомында көшіп жүріп ән айтқан, күмбір-лете күй тартқан.Қаныш ғұламаның сөзімен айтқанда: «академик әжелер»жүкті келіннің дем алып-тынығу,ас ішіп халдену,жүріп-тұрып серуендеу ережесін тағайындап беріп,оны оң орындалуын мұқият бақылаған. Адуын мінез бәй-бішелердің өздері келін-кепшікті алқақотан жинап ән салдырған, бой жаздырған,көптеген ғұрыптарды орындат-қан.. Мұның ар жағында - ұрпақ қамы, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатыр.Ән шырқаған көңілден
49
ауру қашарын әлмисақтан білген, шадыман көңіл жас анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сенген.Екі жастың ата-тегіне дейін жіліктей саралап,тектілігін тексеріп басын құрап, атастырып,тұрмыс құруға рұқсат еткен.Мұның бәрі білімділік пен көрегендік нәтижесі екендігі анық.Анығында тектілік тәрбиесінің өмір-де көрініс бергені болмақ.Преформистер «академик-қазақ әжелердің» еңбегімен өзімізден бұрын танысқаны бізді таңқалдырады.Ортамызда жаңа ғана оны танып-біліп,тама-шаға тап болып,жаңалық деп жарсалыпжүргендеріміздебар.(С,Ғаббасов.Қазақпедагогикасыныңнегіздері А.,1995) АкадемикД.Кішібековтың пайымдау-ынша, «текті болуға ата-баба, ана, туған жер, өскен орта әсер етпей қоймайды, бірақ, осылардың ішінде ең бастысы – әр адамның өз басы, ақыл-есі, парасаты,жігері, алдына қойған биік мақсаты, жаманнан жире-ніп, жақсыға ұмтыла білуі. Сонда ғана, адам дараланып, сомда-лып, тұлғалық дәрежеге көтерілуі мүмкін». Осылайша, қоғам қашан да тектілерге сүйенеді.Текпен берілетін қасиеттергеөнеге-үлгі, инабаттылық, кішіпейілділікті жатқызуға бола-дыСебебі, баланың бойындағы бұл қасиеттер әке-шешеден бастау алады. Адамгершілік, азаматтық, қайраткерлік, қолбас-шылық, зиялылық, діншілдік, әділеттілік те адам бойына текпен дарыса керек-ті . Ғалым, философ Ж. Молдабеков текті жанды «ол өнер жолын қуады, сертінде тұрады, уәдесін орындайды, қолы ашық, көңілі жайдары, тілі майда, әрекеті батыл келеді » деп сипаттайды.Ақын Сәкен Иманасов, дінді тектіліктің бастауы деп біледі. Сонау ламаизмнен, даоцизм-нен, тәңіршілдік, буддизмнен бастау алып Исламмен жалғасын табатын адами қасиеттер сананың, зерденің оянуы, жетілуі, ар тазалығы, инабаттылық пен қайырымдылық иірімдерін қалыптастырады, тектілікке жол ашады Американдық ғалымдардың зерттеуінше бақытты болуға жалғыз жол достық қарым-қатаныстарды нығайту мен әлемдік дәстүрлі діндер насихаттайтын адамгершілік нормаларын ұстану екенін ғылыми жолмен дәлелдеген. Қазақи шежірені зерттеуші ғалым,
50
Дәуірхан Айдаров: «ғылыми тек (ген) – адамның шыққан негізі, нәсілін, тұқымын білдіреді.Ал, қазақы танымдағы тектіліктің мазмұны тереңде» – деп тек пен тектілікті ажыратады. Жазушы Қ.Түменбай тектілікті шыңырау құдыққа теңеп, «оның суы мөлдір болғанындай, тектілік те мөлдір болады» – дейді.Жазушы А.Смайыл «тегінің ар-намысын ойлаған жігітарғы-бергі үрім бұтағының қамын қатар күйттеп, жанын арына садаға етеді. Арлы ер аз сөйлеп, көп тындырар, тек осындай табанды азаматтардың қатары толыққан сайын халық тектілене түседі» деп тектіліктің азаматтықпен біте қайнасып жатқан-дығын көрсетеді. Сонымен, зиялы қауымның пікірі тектіліктің туын биік ұстау үшін адамның бойында мынадай өлшемдер болуы шарт дегенге саяды: дене бітімі, ой-санасының деңгейі, тәрбие, жүріс-тұрыс, киім киісі, қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, тамақтануы, тәртібі, ғылым мен өнерге жақындығы, салт-дәстүр мен дінді ұстануы, жаны, сезімі, ақыл-парасаты, ізденімпаздығы, жауапкершілігі, рухы-ның биіктігі, қанағаты, иманы, шыншылдығы, турашыл-дығы, мүсәпірге қол ұшын беруі, жанашырлығы және т.б. Әрине, аталған қасиеттердің жиынтығы бір адамның бойынан табылуы некен-саяқ кезедеседі. Десек те, қазақ тұлғаларға кенде емес!» (А.Молдабекова.www.akikat/kz) Гуманитарлық ғылымдар да тектің әлеуетін пайдалануды көздеді. Әсіресе, психотерапия ғалымдары адамның ата тегін зерттеу арқылы отбасылық қатынастарда туындайтын мәселелерді анықтауға көштіОсылайша, бүгінде әлеуметтік психология мен клиникалық әлеуметтану ғылымында адамның шыққан тегін сызғызу арқылы, оның бүгінгі өміріндегі әлеуметтік мәселелеріне жауап айтады.Адамның сол текті жалғаушысы немесе белгілердің тасымалдаушысы ретінде келер ұрпаққа не беретінін, не беруге болатынын да талдауға болады.Тіпті, ажырасу, ішімдікке салыну, психологиялық бедеулік, ер азаматтың отбасын тас-тап кету жағдайлары, жеңіл жүрістікке салыну және т.б. әлеуметтік мәселелердің тек арқылы берілетіндігін ғалымдар байқаған. Қазақта текті
51
Алыстанаңғар-ды. Сайып келгенде, ұлттың тектік қорын (генофондын) күшейту мақсатында жеті атаны сақтау, құдан-далы болу, атастыру, қалың мал, полигамия (көп әйел алу), әмеңгерлік, т.с.с. ата дәстүрлерді сары майдай сақтап, шынжыр-лы-текті тұқымдардың тамырын үзіп алмай, ұрпақтарға сабақ-тас\тыруда бай тәжірибе жинақтады. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан некелік-отбасылық қатынастың негізгі өзегі бозбала мен бойжеткеннің арасындағы тамыры жоқ арзан сезім емес, жарық дүниеге ақыл-ойы зерек, дені сау, аяқ-қолы балға-дай текті ұрпақ әкелу философиясымен байланысып жатыр. Өйткені қай кезде де ұрпақтың денсаулығы мен зердесі мемлекеттің ең үлкен қазынасы екені сөзсіз. Ортағасырлық жазба деректерде бірде Жәнібек хан ғұлама ғалым, шипа-герліктен қара үзіп шыққан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан: «Қандай ауруды емдеу қиын?», - деп сұрағанда емші: «Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын», - деп жауап береді. «Оның алдын алуға бола ма?» - деген ханның екінші сұрағына Өтейбойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өзара қыз алыспау керек. Жеті қазақ үшін қасиетті сан», - деген екен. Аты аңызға айналған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» (Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Араб қарпінен көшіргендер-К.Елемес, Д.Мәсімхан. Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.) деген жарлық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті жарғы бойынша да жеті ата ішінде қан араластыру өлімге не ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады. М.Қозыбаевтың пікірінше, «тоқсан тоғыз қырылып, тоқсан тоғыз тірілген ол халықтың асыл тұқымын қалай сақтау заңын игерді.Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді» (Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы: Қазақстан, 1994. 59-б.). Демек, ата-бабаларымыз дәл қазіргідей ДНК-ны толық зерттемесе де, жақын адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерттің етек алатынын жетік біл-ген. Тұқымқуалаушылықтың заңдары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуі дұрыс емес.
56
№23088. Tarbie.org 23088—pdf:; Edu Laif kz Тектану амалы-тамаша тәрбие құралы, деген тақырыппен жарияланды және осы кітапшаның соңғы тақырыбына арнайы енгіздік/).Тектіліктің дәл анықтамасы болмағанымен, белгілі бір нышандары мен қалыбына сәйкес біз өз анықтамамызды ұсынатын боламыз. Қазақтың көрегендігі де, көсемдігі де санасында, сананы тәрбие-лейтін, қорғайтын, жетілдіретін амал айла,әдіс-тәсіл толық жетіліп,қалыптасқан.Қиыншылық қыспағының қарқынының, рухани жағынан тежейтін көрегендік саналы адамдардың шығуына ықпал еткен, әділетсіздіктің заңын орындайтын санасы жұтаң адамдарға бұл әдіс белгісіз болып көрінгенімен, тарихтың рухымен қатар келетін ұлттық сананың қасиетін ұрпақ бойынан қайта ашатын қазақы тәрбиенің әдіс-айласы ойдан ойға, бойдан бойға тарап рухты күшейтеді. Ұлт перзенттерінің интеллек-туалдық оянуына тез ықпал етіп отырады. Ата-бабалары-мыздың тектілік ұғымының мәні осында жатыр. Бала күндерінде тағдырдың қиыншылығымен сабалақ атанған қазақ-тың хандары, қойшы атанған қазақтың күйшілері, тай мініп, садақ атқан қазақ балаларының батыр болуының басты себебі жан дүние өрісінде.Ол уақыты келген, өмір талап еткен уақытында күшіне еніп, деңгейіне жетіп жан-дүниеден жарып шығатын қуатқа айналып, ең соңында елеусіз жүрген бала өзінің қасиетімен өмірдегі шынайы ролін, тарихтағы орнын өз күшімен дәлелдеп шығады. Демек тектіліктің заңы дала заңының бір белгісі, қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын басты байлығы, рухани құндылығы. (Ү.Сәрсенбин.www. akikat/kz)
Жалпы текті тұлға тәрбиелеуде мектеп пен әулет бірлесе отырып,кең көлемді, орасан аумақты іс шараларды жүргізіп тамаша табысқа жету мүмкіндігі бар екенін атап өткен дұрыс. Тұлға тәрбиелеудің басты тәсілі адамды сақтау, әлеуметтік ортада тектілікті қалыптастыру, сол тектілік арқылы елдің бола-шағына қызмет ету. Қазақ тұлғаларының қасиеті арқылы көрсе-тіліп отырған рухани қасиет үлгілер, яғни, төзімділік, шыдам-дылық, батырлық, ақылдылық, зерделілік, сезімтал-дық, діни сауаттылық кешегі өткен ата-бабаларымыздың бойында бар
53
ъболатын. Мыңдаған жылдарға жететін, ұлттың тәрбиесі арқылы ұрпақтың қасиетімен тарихи уақыттың бөгетінен өтіп отыратын тектіліктің қасиеті, тектілік қасиеттің күші. Біз көп жағдайда батырды қара күштің иесі, ханды ақыл мен айланың иесі, биді сөздің иесі деп жатамыз, бірақ, олардың қанында, жан әлемінде, бойында бар ортақ қасиет- тектілік. Тұлғалық қасиетті бой-ына тартып, оны өмірдің жағдайында, халықтың мұң-мұқтажына сай шығара білу, батырдың жаугершілік сәттерде жауынгерлікке жүгініп, ел ішінде, бейбіт уақытта қарапайым адам болуы рухани қасиет иесінің ерекше табиғатының мәнін айқындайды. Сондықтан да, қазақ тектілікті адамның өзін сақтайтын, өзі арқылы өмірін сақтайтын, өмірі арқылы ұлтын қорғайтын қасиет деп түсінген. Тектілік феномені хақында пайымдалған асыл сөздердің астарында терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілімге тән даналық көзқарас жатыр. Бұдан қан арқылы берілетін қасиетті еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес екені анықтала түседі. Оған дәстүрлі қазақ қоғамының қойнау-ында пайда болған «алма сабағынан алыс түспейді», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы», «тектен нәр алған тозбайды», «шұғаның қиқымы да шұға», «тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы», «тегінде бар тектілік», «тектілік тұқым қуады», «тегі мықты», «тегі таза», «тегіне тартқан», «асылдың қиығы», «тектінің тұяғы», «жақсының көзі», «асылдың сынығы» деген ілкіден келе жатқан нақыл сөздер де дәлел бола алады. Керісінше, бұған антипод мағына-дағы «жетесіз», «жүгенсіз», «парықсыз», «көргенсіз», «тексіз», «тәрбиесіз», «ұятсыз», «намыссыз», «ештеңе көрмеген», «қарғыс атқан», т.б. нәлетті сөздерде жайдан-жай айтыла салмаған. Бағзы бабалардан жеткен «барымташыдан ұры, ұрыдан қары, қарыдан бәрі шығады» деген ұлттық дүниетаным кей кезде «өзі болған жігіттің -ата-тегін сұрама», «жаманнан жақсы туса – теңі болмас, жақсыдан жаман туса-емі болмас» деген пайыммен алмасқан.Қазақтың шежіресі-қан мен сүт тарихы. Жетпіс жеті пұстысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын:-өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұртын
54
ътаныған қазақ баласы қай ғасырданда текті еді. Жетелі еді, көргенді еді. «Жеті атасын білмегенді жетесіз» дейді жұрт. «Жігіттің жақсы болмағы нағашысынан» дейді жұрт. «Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа алғысыз» дейді тағы да. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.Осы текке қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?!Қазақтың сезбегені, түйсінбегені бар ма?! Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға, одан тектікке, одан төркінге, одан тұқиянға дейін жатқа айтатын, баладан немере, шөбере, шөпшек, өбере, туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат, жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге танитын, өркеннен әулетке, одан зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні батасына қосқан қазақ баласы кімнен кем еді.(Жаңабек Жақсы-ғалиев)Тектілік-адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емес. Нағыз тектілік сыпайы-лықтан, кешірім-паздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктетуге мүмкіндік береді. Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін, мінез-болмысына, хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр ай, бұл текті жан екен ғой!» «Тектен нәр алған тозбайды» деп сүйінеді. Демек, тектілік дегеніміз – қасиетті ұғым. Тектілік адамға ана сүтімен, әке тәрбиесімен бойға дарып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе кемелдене түседі . Айналаңдағы адамдардың тыныс-тіршілігі, болмыс-бітімі, оның өзіңше ой түюіңе түрткі болады. Қазақ «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз арқылы өшіріп отырған. «Сол тексіз немені қойшы» деп ұлдан үмітін үзген Мыңның біріне ұя салатын тектілік құбылыстың өзгеге ырық бермейтін, ол атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке бітетін асыл қасиет екенін қазақ халқы
55
бар,сана сарайын ашуды ғана күтіп тұрған табиғи болмыс, рухани мұра. Сондықтан, тектілікке баулу дегеніміз-ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзге-лермен қарым - қатынасын ақылға салып, ар - ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.Тектілік-адамның рухани байлығы, ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігі.Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүше-леріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді. Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемдене-тін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді. Бұл -біздің ұсынып отырған Текті тұлға. Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлім-дермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекше-лік категориялы, жеке тұлғалар бар. Бұлардың әрқайсысы өздері-нің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индив-идтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда боуы да мүмкін. Ал.түптеп келгенде текті тұлғаның басымдық алуы заңды. Ал,қазақ халқының мыңдаған жылдық тектілік тәрбиесінің тәжірибесіне қоса орасан мол мұра-білім қорын жинағанын жоғарыда айттық Сондықтан сол білім қорын жас ұрпаққа беруіміз, игертуіміз керек.Бұл текті тұлға тәрбиелеудің басты жолы.Қажеттіліктер пирамидасы -адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америка-
60
Бүгінде сирек кездесетін сырқаттар негізінен генетикалық аурулар екендігі анықталып, медициналық тілмен айтқанда, орфандық аурулар проблемасын дәрігерлер соңғы жылдары дабыл қағып көтере бастады. Әсіресе, мутацияға ұшыраған нәрестелер санының көбеюі қоғамды алаңдатып отыр. Дамыған елдерде адамның тұқым қуалайтын 50-55 түрлі ауруларына тест жасайтын генетикалық консультациялардың жұмыс істеуінің өзі көп нәрсені аңғар-тады.(Ж.Жақсығалиев.abai.kz) Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен дараланады.Қоғам мүше-лерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғын-дағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.Мәселен, біреулер -айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер-сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты.Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дара-лаған жеке тұлға деп қараймыз.Адамның саналық, мінезде-мелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды.Жеке тұлғаға тән қасиет-ақыл,
57
Достарыңызбен бөлісу: |