Қазақ қызы.Қызға қойылатын талаптар: қасиеті: ибалы- инабаттылық,кішіпейілділік, нәзіктік, қамқорлық пен мейірімділік, шебер қолды, қиындыққа төзімді, мейірімді, шыдамды, ұқыпты, жинақы және т.б.; сыртқы түрі: сұңғақ бойлы, сымбатты; қыр мұрынды, оймақ ауызды, кең жазық маңдайлы, аққу мойынды, еліктіргіш төсті, қалың бұрымды, ұзын бойлы; нұр сәулелі ақ; ұзын кірпікті; қара қасты, тегіс ерінді; күлім көзді; қыпша белді, икемді; нәзік әсем қолды, ұзын саусақты, жіңішке. Қазақ:-Ару қыз;Сұлу қыз;Өнерлі қыз:Ақылды қыз;Айбарлы қыз-деп аталатын бес ерекше санаттағы қыздарды тәрбиелеп,өмірге дайындаған.Бұл,қазақ қыздарының бойындағы асыл қасиеттердің басымдылығына сай айтылған шартты жіктеу. Осы бесеуін қазақтың бір қызының бойынан да табуға болады.Ондай қыздардан малика ,ханым, бике,адуын аналар,аяулы әжелер,үлкен кісі аталған кейуаналар шыққан.Олардың үрім-бұтағы бүгінгі біздің ортамызда да жүр.(Тәрбиелеу қазақ ілімінен.)
42
1.3§.Текті тұлға тәрбиелеу жолы
Тектіден текті туады,Тектілік тұқым қуады.Тектілердің тұяғы,Таңдайды құз-қияны.Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы, жаман деместен, Жанына жұртын жияды.. (Бекасыл әулие1822-1915) Қазіргі кезеңде біз үшін жастар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік,дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру, «бәсекеге қабылетті» ұрпақ тәрбие-леудің басты амалы болып отыр.Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалып-тастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өзбетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады. Халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі,салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,таным-сенімі,саналық танытатын көзқарастар жүйесіәлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, білітілігі, тыныс-тіршілігінің ғұмыр нәрінің бұлағы-ата-баба мұрасы, адамзат мирасы екені белгілі.Рухани мұралар мен құндылықтар тектілік жолымен де,мирастық үрдіспен де жалғасын табады..Халқымыз «түбін білмеген тексіз,тегін білмеген түбін білмейді, тегі мен түбін білмегеннен келелі кеңес шыға қоймайды» деп кесіп айтқан.Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.« Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).
«Тәрбие-бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам
43
тақырыпта көлемді талдау жасалғандықтан,мұнда жалпылама қорытуға мән берідеді.) 1.Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу. 2.2-3 жас арасында болатын күмән мен ұят. 3.3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.4.Еңбекқорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық. 5.12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін-өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар. 6.20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы оған қарсы мәндері. 7.30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі. 8.60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі. Бұл дағдарыс пен дамудың барлық нышандары мен белгілері «Адамтану қазақ ілімінде»толық қарас-тырылған. (Адамтану қазақ іліміне кіріспе,Балатану баспалдақтары. Коллеги каз.журнал.Әдістеме кз.Тәрбие кз.Еdu laif.kz Kaz ust.Akikat.kz сайт,порт. Адамтану қазақ ілімі УБ.2017) Материалистік педагогиканың өзінде-жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды айқын көрсеткен 1) биологиялық тұқымқуалаушылық.2) табиғи және әлеуметтік орта3) Мәдениет 4) Топтық және даралық (ндивид-уалды)тәжірибе.Биологиялық тұқым-қуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамти-тын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілет-терімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізі-нен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивид-уалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырма-шылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқым-қуалаушылық толығымен жеке тұлғаны қалыптастыра алмауын айтса,біз осы кемістікті тектілік арқылы жоюды ұсынамыз. Себебі-қазақтың тектілік туралы ұстанымы генетикалық тектен терең. Табиғи және әлеуметтің ортаның тұлға қалыптстыру ролін біз жете бағалймыз. Себебі,қазақ халқы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін,тек және тектілік туралы аса қомақты білім қорын жинаған, сондай-ақ, текті
Достарыңызбен бөлісу: |