Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


жүреді.Көрген нәрсесіне ықыласы жеңіл, тұрақсыз…Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін



бет12/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607

28

жүреді.Көрген нәрсесіне ықыласы жеңіл, тұрақсыз…Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толық-тырады”…дей келіп үш пен жеті жастың арасындағы балдырғандар бойында кездесетін физиологиялық және психологиялық ерекшелік-терді сөз етеді.Ол ересектер мен сәби, бөбектер арасын-дағы қарым-қатынас мәселесіне де ерекше көңіл бөледі: “ Балаға сусындай керегінің бірі-сөйлеу.Түрлі білімнің түб-ірі, негізі- баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей “мазамды алма” деп, үнемі баланың бетін қайтару арқылы білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады”,- дей келе, автор бала ойынының айналаны тани-білу құмарлығымен ұштасып жататын-дығын ескертеді. Н.Құлжанова баланы жас кезінде көбінде табиғат аясында бағып-қағудың тиімділігін айтады. Ол осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп: “ Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету, көңіл және дене тазалығының машықтары бала әдетіне кіріп, сіңіп қалады, төңіректегінің бәріне еліктегіш, талшыбық-тай икемді, нәзік келеді”,- деп автор ойын баласының мектеп жасына дейінгі бүкіл тыныс-тіршілігі оның мектепте алар тәлімінің әзірлік сатысы болып табылатындықтан осы кезеңдегі тәлім-тәрбиеге ерекше мұқият қараудың маңыздылығына тоқта-лады.Осы құралыпты сәбилерді тәрбиелеу,балатану ой-пікірі сөз жоқ біз үшін тұғырылы тірек бола алады.Міне осы қатарлы, қазақтың ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері,сондай ақ, биохевризмдік,педагогиялық тұжырымдар, К.Дьюбайстің модальды тұлғасы,тұлғаның интеракционды теориясы ( У.Майшел) Э.Эриксон тұжырымдамасы т.б. ілімдер мен ғылымдар бізге жат болмауы керек.Сонда, немене, материалистік педагогика шет қалғаны ма?Жоқ.Оның да, тәрбиелеуге, қатысты тамсандырған тамаша теориялары бар.Мысалы,жас өспірімдер мен жас жеткіншектердің даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгешеліктері туралы ілімдері мен білмдері , көшпелі тұрмыстан толық болмаса да,жедел отырықшылыққа айналған қазақ қоғамы үшін берері де.айтары да көп. Текті жан кім екені анық болды.Бұл Жұмыр жерде,тексіз жан тағыбар ма?Болғанда қандай. Олардың өмірге келуі ататектен берілетін
25

сыбағаның салмағы төмен болуынан және ұрықтың таза болмауынан болып отыр.Ұрық тазалығын сақтауда қазаққа жетер бір де бір ұлт жоқ.Бұл нақтылы сынақтан өтіп,зерттелген тұжырым(Оңтүстік Кореяда.Сондығы шығар қазақ тектілігінң тәжірибесін зерттеушілер соңғы кезде көбейіп барады).Ал,өзіміз үшін осы тәжірибені игеру және тексіз жанды мына алмағайып заманда әкелмеуді мұрат тұтып,тексіз жанның тууына тосқауыл қою қажеттілігі туғандықтан текті тұлға тәрбиелеу теориясын көтеріп отырмыз.Адам ұғылығы жан мен тән дедік. Жұмыр басты пенденің Алланың берген ғұмырын бұл жалған дүниеде белгілі мерзімде кісілік тірлік жасап,тектілік танытып, бақытқа кенеліп, асқақ көңілмен, ажарлы бейнемен рухани нұрға бөленіп,шалқып өткізуге міндетті.Алла оны итшілеп өмір кешіп,тексіздің тұңғиғына батып,өлімсіреп мүсә-пірлікпен ғұмыр кешсін деп жаратқан жоқ.Ол үшін қажетті барлық мүмкіндікті,жағдаятты нәсіп етті. Тән мен жанды бағу үшін амал-айла керек,білім мен білік,ақыл-парасат қажет. Ең әуелде тән мен жанға азық керек. Кісіге аштық-тан өлмеу үшін нәрлі ас-тағам керек,адам-шылықтан азып кетпеу үшін нұрлы ақыл керек.Текті тұлғаның тән азығы-ас-тағам,жан азығы-рух.Ас-тағамнан таршылық көрсек арықтап жүдейміз,күш-қуатымыз кемиді.Сол сияқты ақыл-парасат,рух-қуаттан таршылық көргендер арсызданып азады.Тіптен төрт аяқты хайуаннан сорақы,оның құлқыны зораяды,нәпсісі қозады.Рухани ашаршылыққа ұшыр-ағандардың жан сарайы ұзаққа құр тұра алмайды.Қасиетті орын бос болмайды дегендейін рухсыз жанды міндетті түрде жын иеленеді. Жын адамның ақыл-ойын күш қуатын жамандық жасауға пайда-ланады.Яғни шайтандыққа ұрындырады. Адамның бүгінгі күнгі қабылдаған тамағы ертеңгіге ас болмайды.Тәні сақталып тұру үшін адам өмір бойы күн сайын тамақтанып отыруы керек.Бірақ,осыдан болып тән-дене мәңгі сақталмайды.Ол қартаяды, тозады,ақыр соңында өледі,табыт болып топыраққа айналады.Ал,жанның жөні бір басқа.Егер текті тұлға-Кісі- Жаратушы да,Жасаушы


26

Құдыреті күшті Құдайдың Киелі Рухынан өмір бойы үздіксіз нәр алып отырса,оның жаны жақсылықтың құрымас қайнар көзіне айналады да үнемі жасарып,жаңарып отырады.Өкінішке орай,жындар әлемі адам жанын жамандықпен құрсаулап ұстап тұрады.Міне осы құрсаудан қалай құтыламыз?Текті жан денесі болдырып босап кетпей,үнемі тың тұру үшін,оған ДЕНЕ тәрбиесі қажет.Жын соғып Ақиқаттан адасып кетпеу үшін ЖАНҒА рухани тәрбие қажет.Анығырақ айтқанда,тән мен жанға өздіріне Алладан лайықталған азығын беру қажет.Күні бүгінге дейін тәнге лайықты тәрбиені шамамызша,жан-жақты беріп,үйретіп ұқтырумен келеміз. Бұл іс-әрект- ғасырға таяу уақытта матер-иалистік педагогика мен психологияға оның алтын заңдарына негізделіп жүргізіл-гендіктен тәрбиеде жасандылық пен сыңаржақтыққа тап болып, «ғылыми педагогикамыздың» беделін түсіріп алдық. Ал,жан азығы болған рухани тәрбиеде мәдениетіміз бен тіліміздің,діліміздің әлеуетін қаншама пайда-лануға талпынсақ та,ұлттық құндылықтарды толығымен кешенді пайдалан-бағандықтан шамасы жетпей қалды.Ұлттық құнды-лықтар мен мәдениетімізге шекшие қарап,менсімбейтін мінез тауып алдық.Олардың тәрбиелік әлеуетіне шек келтіретінді шығардық.Рухани тәрбиенің алтын өзегі болған, жалпақ жұрттық сипат алған имандылықты дінге қатысты деп танып тәрбиелеу әлемінен шығарып тастадық.Текті жанға ататектен қан арқылы және жан арқылы берілген талант-дарын,сырлы сезім,мінез-құлық, тәрізді тектілік нышан-ына сенбедік.Ол туралы қазақ халқында қалыптасқан, тұжырымдар мен түйін-дерді мойындамадық.Шынтуайтқа келгенде, Қазақстанда, бүгінгі таңда,жас ұрпақты тәрбиелеу және білім беру жүйесі де,оның ұстам бағыты да,ғылыми негізі де тығырыққа тіреліп,күйзеліске тап болды.Міне,осы жағдайға шөкімдей болса да себі тиеме деп «Т.Т.Т.Т» атты ұсынысты алдарыңызға тартқан едік.Текті тұлға-қазақ ұғымында КІСІ делінеді.Мәселен, Т.Тәжібаев: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс- әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі,


27

К.Линней «Адам рационалды жануар», Ф. Ницше «Адам уәде беруге қабілетті жан ». Нәтижесінде адам қандай ортада өмір сүреді, бойына қандай қабілеттер сіңіреді барлығы да тікелей қоғамдық көзқарасқа, тәртіпке байланысты, яғни адам тек қоғам шеңберінде ғана өмір сүре алады. Адамның алдыменен өз қадірін өзі тануы тектілік. Адамның жаратылысынан белгілі оның өмірге келу мақсаты мен өмір сүру мақсаты бір, бір-бірімен тығыз байланысты. Қанағатшыл, турашыл, сезімтал, түсінігі мол, талғамы биік, адамгершілігі зор, жақсыға жақын, әлсізге көмегін есептемейтін адам -текті жаннан жетілген Кісі. "Кісілік" ұғымын түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұн жақсы талдады. Жалпы алғанда Жаратушы берген ақ-ылды даналық-пен,көргенділікпен және мейірімділік, жанашыр-лық,адалдық, қарапайымдылық секілді жақсы қасиеттермен ұштастыра білген адам ғана кісілікке жете алады деуге бола-ды.Кісі- қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары бар, жеке мораль-дық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар қоғамдық сананы алып жүретін адам.Қазақтың "кісі" ұғымын қазіргі "тұлға" сөзімен шендестіре ұғынуға болады. Ұлт өкілі-КІСІНІ өмірге дайындауда,қазақ халқы телегей теңіз ой-пікірлер мен ұғымдарды өмірге әкеліп, асқар таудай айбынды да,асыл-көз-қарастарды жинақтады, нелер ілімдер мен ұстаным қағидаларын қалыптастырды.Амал нешік, оның бәрін, толық қанды түрде басшылық етіп, «Кісі» қалыптастыру барысында жүзеге асыру мүмкіндігі осы кезде болмай тұр.Егер текті жанға аталған ілім-дер мен ұстанымдарды пайдаланып, ықпал жасай алсақ Кісі қалыптасып,оның бойына адами қасиеттер жұғысып,тектілік жүрегіне қонар еді,кісілік қасиеті айқындалар еді. Тектілік пен кісіліктің түп-тамыры бір,тоғысар жері ортақ. Бұл Кісінің физиологиялық, генетикалық жағынан берік, ойлауы жағынан жүйрік, қабілетті, сезімтал болуы қажет екенін аңғартады. Адамның мінсіз болмысын сақтау ол алдыменен қан тазалығын сақтау. Анығырақ айтсақ, ұлт ұғымында текті-лік- адам қасиеті-


нің қорғаны, адамның кісілік қасиетін сақтап отырудың амалы
32

барлық халықта бар үрдіс.Нағыз адам(орыс),кемел адам(қытай), үлгі кісі(үнді),тәңірлік жан(монғол),тақуа адам(мұсылмандар) т.б. Кісілік- адамдарға деген ізгі ниет, құрмет,жанашырлық пен сенім,кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушы-лық.Қадыр Мырза Әлі атамыз: «Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет. Ж.Баласағұн бабамыз: «Десең өзің қадір-құрмет табайын, Кісілерді қадырлей біл ағай-ын.Білгің келсе кісі әсілін анықтап, Көңіл, қылық,тіл-бұл істі танытпақ.Кісілікке кісілік еткен-ер кісі.Ақылды-есті- кісілердің кісісі,Білімділер-кісілердің кішісі.» Билер антындағы :«Кiсi-лiкке қайшыiске қарап тұрмау;Кiсiлiкке қайшысөзге бас шұлғымау; Кiсiлiкке қайшыбылыққа батпау;Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау»Қазақ дүниетанымындағы «кісі» сөзі-нен «кісілік» ұғымы туындайды. «Кісілік» деген адамның нам-ысы, өзіне-өзі жасайтын құрметі, өзін-өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам-тағдыр тәлкегіне түскен-мүсәпір. Кісіліктен бір арылып қалған сананың ендігі жерде өз-өзіне келіп, толысуы екі талай іс. Адамдар басқаның көңілін табамын деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды, өйткені, «кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады Кісі-кісілік қасиетімен анықталады.Кісілік қасиетті Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарының қай-қайсысы да саралап көр-сеткен.Соның ішінде Ж.Баласағұнның орны ерекше. Айталық,ҰлыҰстаз:Кісілік-адамгершіліктің негізгі тұтқасы, адамилықтың биік шыңында тұратын құнды қасиет.Адамды адам етіп құрмет-теудің, бағалаудың белгісі ретіндегі сапалық көрсеткіші,-деп көріп, кісілікке тән сипаттарды былай бөліп көрсетеді: «тіл-адал сөйлеп, шындығын айту; әділет-әділдікті сақтау, ар-намысты қорғау; жомарттық – қайырымды, кеңпейілді, ақжүрек және қол кең болу; қайсарлық-елін-жерін қорғау, жаудан сақтану.»Ж.Баласағұни адамның бойындағы кісілік қасиетін жоғары қоя отырып,кісі-ділі,тіні, негізі-кісілігімен ғана Адам деген құрметкеие екендігін ашып көрсетеді:


29

«Кісі екенсің, тінің сенің-кісілік, Кісілерге адамдық ет кешіріп... Кісілікпен танытасың затыңды, Кісілікпен шығарасың атыңды. Кісілерді кісі еткен кісілік, Кісілікпен аты шығар кісінің..Кісі ізгісі-қайрымды кең кісі, Ел сарасы, кісіліктің белгісі...Әділдік –құт. Құт құрығы- кішілік. Әділдіктің заты-тұнған кісілік.Елдіктің өзегі-білік,кілті-тіл,қадір-қасиеті-кісілік.Ғұламаның «кісіліктің» мәнін ашып көрсе-ту бойынша айтқан даналық тағылымдары тым терең,әрі құнды.Текті жанды –Кісілікке жеткізу үшін-кісіліктің әліппесі ретінде Ж.Баласағұни ілімі бағалануы тиіс. Адам баласының адамгер-шілік қарым- қатынасындағы атаға, руға, ұлтқа бөліп, адамдық асыл сезімдерге жол бермей, күндестік, бақталастық, дүние таластықты тудыруға, әдепті бұзып, адамгершілікке қиянат көрсетіп, қылмыс жасау текті сыйламаудан, адамдық қасиеттерді қастерлемеуден туындайды Ж.Баласағұни тектілікті тұқым қуалаушылық шеңберінен шығарып, адамгершілік асыл қасиет деңгейіне көтереді. Ол тектіліктің тұқым қуалау арқылы да адамның бойына тарайтынын жоққа шығармайды. Оны мына ой-пікірлері дәлелдейді: Елік ойын мәтелдеді, балады: «Текті ердің текті ұрпағы қалады!»..Тегі жақсы болса, жақсы адам да Жақсыларды құрмет тұтар әмәнда. Ғұламаның данышпандығы тектілікті тәрбие арқылы қалыптастыруға болатын тұлғалық сапа ретінде анықтауы болып табылады. Оның нег-ізгі мәні-«әкеңді сыйласаң, атаңды құрметтей білесің, бабаңды қастерлеп, бабаның өнегесін орындайсың да, еліңе елеулі, хал-қыңа қалаулы, бүкіл адам баласына лайықты әрекеті мен әдеп-тілігі бар жан екендігіңді танытасың» деген ой-түйін: Текті атаның баласы туыс іздейді, Тексіз атаның баласы ұрыс іздейді. Асыл болса кімнің ата-тегі егер, Одан елге пайда тиер, сене бер!. Тәрбиенің жетекші роліне сүйене отырып,тек-адамдық қасиет, өйткені әрбір тұлғаның тегі-Адам, сондықтан оны тұлғаның бойында қалыптастыруға болады деген тұжырым жасайды: «Бектер сөзі тілді буып алмасын,Текті сөздің тек әділін арнасын...Ізгі іс істесең-текті тірлік сүргенің, Жауыздығың-көрге тірі кіргенің.»Текті жан-Тәңір сыйы,Кісі -тәрбиенің жемісі болмақ.


30

1.2§Б.Текті жанның-Кісі болуы күрделі болса да,
айқын.
Философияның көп мәселелерінің ішіндегі ең өзек-тілерінің бірі-адам мәселесі болғандықтан мыңда-ған жылдар шеңберінде адамға деген сан –алуан анық-тамалар жасалған. Солардың ішіндегі ең кеңтарағаны-«Homo Spiens»-саналы адам, яғни ол-рухани пенде
.Текті жанның бұдан несі өзгеше,несі бөлекше? Текті жан дегеніміз саналы адамның қазақ түсінігіне оңтайланған атауы ма?Немесе текті жан қашан,қандай сыны арқылы Кісі болғандығы дәлелдене алады.Оның жетілу, қалыптасу кезеңдері анықталып,сараланған ба?Текті жанның кісі болғанын қайтып біліп,анықтап аңғара аламыз?Текті жанның дамып жетіліп,қалыптасу кезеңін мұқият қадаға-лап,оның болмысының Кісі дәрежесіне жеткендігін сынап,талғап,безбендейтін қазақтың амал-айласы болып па еді?Теория деген соң-ақ,осылай оқшау-өқшау,дара-дара күрделі сұрақтардың туындайтыны да заңды.Адам өз алдына неше түрлі мақсат мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен саналуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар жоғарғы тіршілік иесі.Философияда адамды таңғажайып тірі жан(біздің текті жанымыз осылай аталып келген) деп қарастырады. Адам-ның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады. Адам феноменнің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әр түрлі дүниетанымдық көзқарас орын алғаны белгілі. Мысалы Көне Қытай және ежелгі грек философиясында «Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш», ежелгі Үнді философиясында «Адам бұл мәңгі абсолютті рух », көне грек софистері «Адам барлық заттың өлшемі»,Аристотель «Адам саяси жануар», орта ғасыр христ-иандық теологиясы «Адам Құдайдың бейнесі », Р.Декарт «Адам ойшыл жан»,Т. Гоббс «Адам адамға қасқыр», Ж. Ламетри «Адам жанды машина», И.М. Кант «Адам екі әлемге қатысты жан », Л. Фейербах « Адам адамға құдай »,
31

ұлылардың ұлағатты қағидаларын басшылыққа аламыз. Текті жан иесінің бұл өмірге келгеннен кейінгі ең басты ерекшелігіне сай кісі қалыптастыру іс-әрекеті,тәрбиелік үрдістер іске асырылады. Негізінде адам баласының тәрбиесінде, халықтың сан ғасырлық даналығынан асып түсетін ешбір құндылық жоқ . Адам тәрбиесінің қайнар көзі балалық шақтан басталса, бала тәрбиелеуде толықтай ойлау қабілеті қалыптасып болмайынша еш нәрсеге үйрету мүмкін емес. Адамға білім берместен, оның сол білімге өзі қол жеткізетін қабілетін қалыптастыруға ерекше мән беру керек, Демокриттің сөзімен айтқанда –«көп білетін ақылдылар өте, көп білуден гөрі, көп ойлануға ұмтылу қажет».Адам ақыл ойының және өзіндік танымының қалыптасуы әлде қайда маңыздырақ. Орыстың жазушысы, педагогы және философы В.Ф. Одаевкский айтқандай «Адамның ең бірінші қадамы өзін-өзі танудан басталса-бұл үлкен істің біткені». Адамзаттың даму тарихында жастар тәрбиесіндегі басты мақсат қандай, тәрбиелеуші қоғамның мүддесі қандай деген заңды сұрақтар пайда болады . Осындай күрделі сұрақтарға жауапты сан қилы формада табуға болады.Текті жан болып дүниеге келгеннен кейін кісіге тән қасиеттермен қабілеттерді игеріп қалыптастыру басты мәселе екені рас. Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартты. Фараби-дің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды.Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды яғни ұстаздық ететін адамды өте жоғары бағалаған.Адам баласына тәрбие беруде ұлы Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзінде; « Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген екен. Қазіргі замандағы ғылыми техникалық прогресстің өрістеу темпі, өндірістік, энергетикалық, коммуни-


кативті мүмкіндіктердің өсуі, мәдениеттің жаңа сатыға көтерілуі,

36

ретінде белгіленген ұстаным үлгісі.Дін мен ата дәстүрдің тағылымынан білім алған қазақ даналары адамды, ұлтты, ұрпақты қорғайтын текті-ліктің қасиеті жөнінде мұра қалдырып отырған.Тектілік қазақ болмысының қазығы. Рух азығы – ақыл, ақылдың негізі бойдағы қасиеттің, адамгершіліктің нығаюына ықпал ететін тектілік. Тектілікпен келген білім адамды сақтайды, қандай қыйындыққа кезіксе де адамның ақыл-дан таймайтын күші тектілікте.Адамның алдыменен өз қадірін өзі тануы тектілік. Адамның жаратылысынан белгілі оның өмірге келу мақсаты мен өмір сүру мақсаты бір, бір-бірімен тығыз байланысты.Жанымызға рухани азық беретін барлық мұралар мен құндылықтаррда текті ата-бабамыздың,қолының табы,аяғының ізі,санасының сәулесі бар.Олар еске түсіп,қолға алынған сайын,кәусар тұнығы мөлдіреп,жаныңды нұрғабөлейді.«...Менің,қарадомалақ шөберем,сандалбақанда ілулі тұрған белдікте асулы қындағы кездікті  алып,маған ұсын-ғанда,мен оны бірден ала қоймай іркіліп қалдым.Жағдайдың мәнісін, дереу түсіне қойған,ол,кездіктің сабын маған қаратып,қайта ұсынды.Алайда, оның мелде жүзі,қызыл-күрең тартып,нұрлана жөнелді,өзі сырмаққа қарап сәл еңкейіп, бөгеліп қалды. Бұл іркіліс пен өзгеріс,шөберемнің,мына,отырған аталардан ұялғандығынан туындаған болу керек.»Осы үш ауыз сөзде жан арқылы ататектен келген сезімдік нұрдың көзге көрінуін түсін-уге болатын бір үзік сыр бейнеленген.Ол-бала қызарғаны несі?Неліктен ұялды? Кездікті атасына теріс қаратып ұсынған,әбестігінен ұялды.Ұялып қалды...Ақ сұр жүзі неге кызыл күрең өнге боялды?Қанның өңіне сәйкес солай болған шығар.Оның қаны тамыры арқылы күнделікті жүріп тұр ғой,қанның өңіне сәйкес қызарса күнделікті ол бала солай қызарып жүрер еді ғой.Ұялғанда неге қызарады,керісінше сұрланса жарар еді ғой.Адамның,демін ішке тартып,сұрлана қалатыны,шарық беті сазарып,көгере қалатын,шырайы жадырап нұрлана жөнелетін т.б. шақтары көңіл күй көріністері көп қой,шіркін!Олай болса,текті жанның ататектен ұласқан қандағы және жандағы


33

ақыл–парасаты,дарын-таланты,күш-қуаты,қадір-қасиеті,мінез-құлқы жүректегі рухтың нұрына бөленіп,сезім жылуына оранып, толысып жетілуі арқылы КІСІ деген осы әлемді билеуші, әмірші,құл пайда болады.Кісі-қанша әмірші,билеуші болғаны-мен Жаратушының Жердегі құлы.Сондықтан,кісі ешқашан Жаратушы бола алмайды.Ең зоры-Жаратушыға жақын болып, дидарласпаса да,көкірек көзімен ұғып,білген санаулысы ғана, пайғампар,әулие-пір атанған. Жаратушы күллі Әлемді жаратқан кезінде,оның әр бөлшегін орнына келтірген кезде ақыл-ой сананың жаратушыға тән үлесін сіңіргені айқын.Оны-Жараты-лыс және Қоғамтану ғылымдары, танып-түсіне алғандарын ғұлама-ғалым,өнерпаз-шебер,ұста-зергер,алысты-болжағыш, шипагер-емші,ұлық-ұстаз атап жүр. Дәл осы тұрғыдан алып қарастырсақ КІСІ дегенгіміз-философиядағы, педагогикадағы, психологиядағы «тұлға» ұғымымен сәйксс келе бермейді. Қазақтың кісісінің бірнеше ерекшелігі бар:-Ол,әуелі қазақтың тілі,ділі,діні,мінез бітісі,қазақы көңіл-күйі арқылы дараланып,қазақтың рухани құндылықтарымен сусындап қалыптасуы тиіс;«Ұрпағынның ұрпағына үлгі ет те – Кісілікті кісілікпен құрметте! Тірі кісі кісілігін асырсын; Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол; Кісілікке түсер содан ұлы жол; Адамшылық жаса адамға, адам бол; Адам атын мақтаныш қып адал бол»(Ж.Баласағұни) -Ақыл-ой парасаты,ғылым-білім деңгейі,адами асыл қасиеттері,жасампаздық және күрескерлік қуаты басқа кез-келген ұлт өкілінен кем емес,тең болуға тиіс.Өткен шақта осылай болғандығына тарих куә.-Кісі-заманға сай өзгеріп,жетіліп,ұғым аумағы кеңейіп отыруы тиіс. «Бүгінгінің кішісі-ертеңгінің кісісі екенін» дәлелдеп отыруы тиіс.«Заманға сай-кісісі»Тұлға ұғымын қарастыратын жоғарыда аталған іргелі ғылымдардың қай-қайсысында бірауыздан мақұлданған ортақ түсінік күні бүгінге дейін жоқОларда қаншама ағым,ілім , теория болса,соншама анықтама бар.Кейбіреуі екіншісіне қарама-қарсы түсінікте қолданыла береді.Қазақтың кісісінде ат-атауы(кісі-адам-пенде-жан) сәл өзгеріп,ауқымы кеңейгенімен,бірізділік қасиетінен айрылмайды,арасындағы сабақтастығы мен ірге-


34

лестігі айшықты аңғарылып тұрады. Айталық,Қорқыт ата: «Өлмейтін кісі» десе,Фараби баба;«Бақытты адам»,Ж.Баласа-ғұни:«Жомарт кісі», А.Яссауи:«Топырақ кісі», «Ғарип кісі»,Абай; «Толық адам»Шәкерім; «Арлы кісі» деумен күні бүгінге дейін жалғасып, «Білімді адам» болып,көрініс тапқан.Мына заман бұларға «бәсекеге қабылетті» ұрпақ ұғымын жалғап отыр.Текті жан нағыз кісі болып қалыптасса,ол енді,өзі «бәсекеге қабылетті» болумен қатар,бәсекеге қабылетті текті ұрпақ жалғастыруы тиіс болды. М.Ж,Көпеев ғұламаның мына бір теңеу мысалын оқып көрелік.«...Ара ұшып келе жатыр дейік, ол солғын гүлге қонбайды, әдемісіне қонады, себебі оның шырыны дәмдірек. Ара қонғасын да оның аяғына бұрынғы гүлден жұққан не аталық, не аналық ұрық екінші бір гүлді тозаңдандырады. Соның нәтижесінде солғын гүл емес, әсем гүл ғана ұрпақ жалғастыруға мүмкіндік алады.Демек,әлсізден-әлсіз, күштіден күшті тарауы ықтималдығы жүзеге асады.»(ҚуандықМ.Ж.)И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңқалып, оған «Homo morales» деген анықтама берген. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызады. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Көптеген көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның қасиеті оның ар- ұжданы . Қиын қыстау жағдайында нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австриялық ғалымның В.Франклдың айтқаны бар «Құдайды ғарыштан, тіпті оның әр жағынан іздеу керек емес, ол-адамның ішіндегі оның ар-ұжданы».Осы ойдың аясында Шәкәрімнің «Үш анық» атты еңбегіндегі;адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзі-мен көреді. Біліп жаратушы-тәңірі, өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керектісі-ұждан. Ұждан дегеніміз - нысап, әділет, мейірім деген екен.Әрине адам болып дүниеге келгеннен кейін дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің жолын таңдай білу үшін текті жанды-кісі болдыру үшін,кісі бойына кісілік қасиеттерді дарыту үшін


35
тәрбиелеу туралы қамқорлықта жүзеге асады. Адам істеген нәрсенің бәріне де «Мен» деген кішкентай бөлшекті қосады және сол арқылы тұлғаның баий түсуіне әкеледі.Өмірлік жолдың  сегізінші деңгейі эго –біртектіліктің жаңа аяқталған формасының қол жеткізуімен сипатталынады.Дамудың бұл деңгейінде ақыл-парасаттылық пайда болды. Өткенге көз жүгірту: «Мен бақыттымын» деуге мүмкіндік береді. Балалар және шығарма-шылық жетістіктер өзінің жалғасы ретінде қабыл-данады және өлімге деген қорқыныш жоғалады. Э.Эриксон бұны өлім алдындағы өмірге қызығушылықтың шетте қалуы деген. Э. Эриксон жасаған жұмысына баға бере отырып, периодизацияны тұлға теориясы ретінде қарастыруға болмайтындығын түсінген. Оның айтуынша, бұл тек осындай теорияны құрастырудың кілті ғана. Э. Эриксон бойынша кез келген адам, оның қатын-асатын мәдениетіне қарамастан бұл деңгейлерден өте алады; осының бәрі адам өмірінің ұзақтығына байланысты.Баланың даму сатылары мен Кісінің қалыптасу кезеңдері:(Адамтану қазақ ілімі бойынша.Балатану баспалдақтары.adisteme.kz.ucoz kollegi.kz –тан алынды.)

1.нәресте шақ ата- ана құштарлық ататектен ұласқан


(ана құрсағындағы әулет шама жетпеу сезім мен
мезгіл қосылып-1 жас) мүшелері қуатқа талпыну

2. бү лдіршін(1-3жас) ата-ана өлшеусіз еңбек, «жанды бақа»- ұл-бөбек,қыз-бөпе көрші-көлем -жалығу текті жан

3. балдырған(ұл) ауыл-ағайын; «қадалған кене» балауса(қыз)(3 -5 жас) тәрбиеші мақсаттылық шалалық

4.ойын бала сы ауыл-аймақ қолжет- тұрлаусыздық -


жас өспірім(7-13) ұстаз кізу көкірек көзін ашу
5.жас жеткіншек(13-19 жас) қауым даралану кісілік келбет табу
(бойжеткен, бозбала) құрбы-құрдас әлеуметтену берілгендік
6.жастық шақ(20- ағайын-жегжат қосағын орнын табу,өмірден
25 жас)қыз,жігіт дос- жаран кәсіп игеру сүр бойдақ ,кәрі қыз 7.Ересектік(25-әулеттік орта шығармашылық үмітін үзбеу
74жас) кәсіптік шеңбер толысқан кісі шарықтау, ортаюы 8.Қарттық (75-тен қарашаңырақ данышпандық, абыздық қону
ары қарай) ру көлемінде еселеп қолдау сәбидей күтім
40
ақпарат көлемінің шектен тыс өріс алуы – осының бәрі адамдар-дың мінез құлқына текті жанына ықпалын тигізбей қоймайды. Адамзат тарихында дәл біздің дәуіріміз-дегідей ешбір дәуірде адам өмірінің жеке тұлғалығы, қайталан-бастығы, шығармашылық мүмкіндіктерінің құндылығына жоғарғы қызығушылық танытпаған шығар.» Тектілік тәрбиесін нақтылы алға шығарып, орнықты берген бұл жұмыр Жерде қазақтан өзге еш ұлт жоқ.Олай болса,текті жанды-кісі болдыр-ып тәрбиелеген тәжірибені басқадан іздеп әуре болудың қажеті не?Қазақ аузынан Алласын тастамай, баласын тектілікке бау-лыған. Текті жануарларға теңеп, өмірдің әрбір келеңді-келеңсіз сәттерінен сабақ алып отырған. «Жылқы тектес, қой мінезді» деген сияқты жақсы сипаттарды көрсете отырып, тәрбиенің арқауын ұзын арқан, кең тұсауға салмаған.Тәрбиеге ат үсті қарамаған, сәл кемшіліктің өзіне үлкен жауапгершілікпен мән берген. «Баланы бес жасқа дейін патшаңдай сыйла , сосын он бес жасқа дейін құлынтайдай жұмса, одан кейін құрбыңдай сырлас»,- деп бекер айтпаған.Осы тәріздес Текті жанды-Кісі болдырудың барлық жолы,амал тәсілі толық қазақ тәрбиелеу ілімінде анықталып орныққан.Алайда,оны танып білу дәреже-міз, қолданып,керек-тену шама-шарқымыз мардымсыздау болғандықтан,керек десеңіз кейбіреуіміздің оны мойындай қоймағанымызды ескеріп,осы заманғы тұлға қалыптастыру ең озық теорияның бірімен оны шендестіріп көргеніміз дұрыс болар. Тұлға даму деңгейлеріне мән беріп, тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон  тұжырым-дамасының өзіндік орны бар.Эриксонның ұсынған даму деңгейлерін қарас-тырайық. Э.Эриксон теориясы психоанализ практикасынан туындады. Э.Эриксон тұлға құрылымын З.Фрейд сияқты «Ид, Эго, Супер Эго» инстанцияларын бөліп қарастырады.Бұл концепцияның аса маңызды ұғымдары-топ-тық біртектілік және«Эго»-біртектілік. Топтық біртектілік бала өмірінің алғаш-қы күнінен-ақ бастап тәрбие берілген әлеуметтік топқа жатқыз-ылуы, сол топқа тән түйсінулерді жаттықтыруға негізделіп
бағытталған. «Эго» біртектілік топтық біртектілікпен параллельді түрде қалыптасады. Және адамда өсу мен даму процесінде өтетін
37

өзгерістерге қарамастан өзінің «Меннің» үзілместігін және табанды-лыққа, беріктілік сезімі субъектіде пайда болады.Эго-біртектіліктің қалыптасуы адамның бүкіл өмір бойы жүреді және бірнеше кезеңдерден өтеді. Тұлға дамуының кезеңдері(Э.Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы, fiatik.ru. алынған) Өмірлік жолдың Әлеуметтік қатыТұлғаныңполяр-Прогрессивтік


деңгейлер настар аймағы лық сапалары даму нәтижесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет