Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


1.2§Ә.Текті жан-Тәңір сыйы,Кісі -тәрбие жемісі



бет8/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607
.....13-14
15

1.2§Ә.Текті жан-Тәңір сыйы,Кісі -тәрбие жемісі
Алла сөзін жеткізуші Інжіл (Библия) мен Құранда ерлі-зайыптылардың қосылуынан бөлінген ұрық негізінде пайда болған ана жатырындағы бейнеге 40 күннен кейін жан салынатыны айтылса, ғылымда 42 күннен кейін нәрестенің түрлі қимыл жасай бастайтыны дәлелден-ген. Енді оны қарапайым пендеге ұғынықты етіп түсіндіру үшін, моторсыз машинаның дүрілдеп орнынан қозғала алмайтыны тәрізді жансыз тәннің қимыл жасауға дәрмен-сіздігі ойға оралады. Сонда 40 күннен кейін іште жатқан шаранаға періште жан салса, адам өлерінде сол салынған жанды екінші бір періштенің көзге көрінбей келіп алатыны шығады. Жан алуға келген Әзірейілді бәтін көзі бар, демек әдеттегі адамда жоқ, ерекшені көру қабі-леті бар әулиелер, немесе өлгелі жатқан адамның өзі ғана көре алады. Ендеше, өлгелі жатқан адам: “Әне келді!” деп, біз көрмейтінге қол созса, біз оны: “Сандырақтап жатыр” демеуіміз керек. Адам өлгелі жатқанда мысықтың үрейле-ніп мияулауы, сол үйден кетуге асығып, есікке ұмтылуы, сыртта үйшігінде жатқан иттің ұлуы оларда “бәтін” көз бар екенін, тек олардың не сезгенін бізге адам тілімен жеткізе алмайтынын зерделеген жөн. “1917 жылға дейін қазақ халқының пәлен пайызы ғана сауатты болған”-деген-дерге айтарымыз: “Сауаттылық тек кітап оқи білумен өлшен-бейді” Оған дәлел, бұрынғы “оқымады” делінген қазақтың өзі біреуді “өлді” деп айтпай, “қайтты” деуінің, кісі жерлеуге әйелдерді апармауының мәнісі: “Алла өзі берген жанын өзі алдырды, демек жан Алладан келіп, қайта қайтты. Ал, бейіт басына әйелдер барса, жылауы мүмкін, ол Алла ісіне қарсылық, өлген адамның сол күнге дейінгі өмірін қанағат етпеу” дегенге тіреледі. Сондықтан да данышпан Абай:«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.“Мені” мен “менікінің” айрылғанын.“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Ақыл мен жан -мен өзім, тән -менікі, “Мені” мен “менікінің” мағынасы-екі.“Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, “Менікі” өлсе өлсін, оған бекі,-деді ғой.Бұдан шығатын түйін: Алладан берілген жан, яғни “мен” дегені өлмейді, не жұмақта,
20

тиеді екен.Бүгінгі таңда ауыру-сырқау,дерт-дербез,ақыл-ойдың ауытқуы,сезімнің әлсіздігі, күш-қуаттың кемдігі,әр жаста білінетін оқыс мінез құлық, асқын-артық іс-әрекеттердің текке қатысты екені анықталып, олардың тектік жолмен таралып,жалғасын табу мүмкіндігіне тосқауыл қойылып жатқанын бәрімізде естіп біліп, кейбіреуіміз көріп те жүрміз Осы ойлардың негізінде текті тұлға тәрбиелеу теориясын ұсынған едік.Оның ғылыми негізіне демеу боларлық зерттеуші шетелдік ғалымдар мен адамтану қазақ ілімінде концепсиялар мен көзқарастар,ілімдік тұжырымдамалар көп-ақ. Солардың қатарынан Э.Эриксонның эпигенети-калық даму теориясы мен қазақтың балатану баспалдақ-тарын қатар қойып қысқаша талдап көрелік.Тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп орнықты .Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американ-дық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпиген-етикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылар-дың генетикалық негізін анықтады.Э.Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психол-огиялық дағдарысты өткіз-еді деп көрсетті:1.Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)2.Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)3. Кінә сезіміне қарсы бастамашыл-дықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы)4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік(7-12 дейін)5.Конформизм, сұр индивидуал-дылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас).6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы).7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңаұр-пақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы).8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары). Э.Эриксонның концепциясында тұлғаның даму сатылары алмасу


17

арқылы адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістерден өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негіз-інде пайда болады.Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшііктерді де меңгереді.Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму шегін көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдай-лардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады.Адамтану қазақ ілімінде текті жан –толықсыған кісі болып тумайды.Кісі болып қалыптасу үшін дамудың көптеген сатыларын басып,кезеңдерінен өтуі тиіс.Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып,мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайдыБір жас аумағында- шарана, шақалақ,нәр-есте атаулары қоланыл-ады.Бір мен екі аумағында ,қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбек-теген,еркелеткен атаулар өте көп. Шаранадан аяғын басып тік тұратын халге жетіп,сөйлей алуы-бұл нақтылы Текті жан болғандығы.Текті жан болғанға дейінгі шағы адамтану қазақ ілімінде «жанды бақа» аталады.Жанды бақадан текті жанға өту кезеңі психологиядағы алғашқы «дағдарыс»-дамудың ең үлкен белесі.Қазақ танымы бойнша бұл шақта қойылатын негізгі талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың ең басты міндеті баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге ие. Анасының


18

махаббаты менмейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол, айнала-сында-ғылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл мақұрым қалған бала басқалармен тіл табысып, басы қосылып ойнауы қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі». Үштен бес жас аралығында балдырған(ұл), балауса(қыз) атанады. 6-7-8 жас бала(ұл),балақай(қыз), 3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы, қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар. Бала дамуы дегеніміз оның бой-ында,ойында,қимыл –қозға-лысындағы өзгерісті, жаңалықты айтады.Айталық. нәрестенің, кіндігі түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін тануы, күліп-жым-иуы,аунай алуы, талпынуы,құй-рығын басуы, еңбектеуі,қаз тұр-уы-қадам басуы,сөйлеуге икем-делуі (гуілдеу,ызылдау сияқты сәбиге тән ерекше үн- дыбыс шығару),сөйлеуі,аяқ-қолын ербең-дету алақан ұруға икемделуі т.б. Міне осы қатарлы бала дамуын ерекше бақылаған ұлты-мыз,оның даму кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айр-ықша мән беріп,ерекше танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйым-дастырып,тамаша сабақтар өткіз-ген.Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезең-дерін,қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбір-іне ат беріп,атап өтіп отыр-ған.Осы кезеңдерде жасалатын бағ-ым- күтім, көрсететін үлгі-өнеге,игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып,өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған.Міне осылардан бастап қарттық жасқа дейінгі «Кісіні» қалыптастыру амал айласы-ғылыми негізі тәрбиелеу қазақ ілімінде толық қаланған.айқын анықталған,көрнекі көрсетілген.Дүние жүзіне танымал болған тұлға қалып-тастыру озық теория-эпигенет-икалық іліммен иық тіресе алады.Мұнда көрсетілген балалық шақтың сапалық өзгеру,дамыту,жетілдіру жолы сол теория-лардан да терең екенін аңғарылып тұр емес пе? Біз бүгінгі таңда,олай болса,Текті жанды-Кісі болдыр-ып толығымен,сенімді түрде тәрбиелей аламыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет