Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


§А.Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі



бет6/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607

1.2§А.Текті тұлға тәрбиелеудің ғылыми негізі
Қазақ әр нәрсенің "арғы тегін", "шыққан тегін" білуге үлкен мән берген-ді. Көшпелі үшін тұтас нәрсе-құдіретті күш, қастерлі құбылыс, құпиялы тылсым дүние, әсерлі де әдемі әлем.Осыдан арғы текке деген-Тәңірге,Ұмайға, Жер-Суға табынушылық (культ-тық өмір сүру), олардың арақатынасына ритуалдық (ғұрыптық) рәсім-салттар қалыптасты. Көшпелі жер кезіп, ел кезіп жүріп, бұрынғымен бүгінгінің бөгде мен жаңаның кәрімен жастың, көргенмен ойдағының арақатынасын білуге тәнті болған. Неге? Өйткені ол дүниені тұтас қабылдаған. Өмірге тура жолды іздеген. Адам болмысында оның жан дүниесі мен рухының ықпалын жоғары қойған. Адамның қабілет-қаси-етін жетілдіруді ашық арна ретінде қарастырған. Аруақ пен адам рухын тіршіліктің мәңгі, лаулап тұрған қос қайнар көзін-дей қабылдаған. Содан қазақ табиғатпен әр түрлі үндестікте болды.Осыдан "қазақтың ата-тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы-олардың бақылайтын, қабылданатын, дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы уақытты, кеңістікті, адамның ішкі дүниесі, тіршілік етудің басқа да жақтарын, болмыс мәнін, ар-ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты.Мұның бәрінің нақты өмірде нақты түп тамыры бар, осыдан келіп басқа ешбір дүние түсінігімен шатыстыруға болмайтын дүниенің ұлттық образы, дүние-танымы пайда болады ".(Т.Әбжанов,Ә.Нысанбаев,) Ал,тектан-удың пайда болуына,көне замандағы тайпа,топ,ата өз ішінен тұрмыс құрып,оның соңы олардың ұрпақтарының орта-сында неше түрлі ауыру-сырқау,кем-кетік жандардың дүниеге келуі,тіптен кейбіреулерінің мүлдем құрып кетуге жетуі басты себеп болған.Тек- адамның түп нәсілін, арғы атасын білдіретін тарихи ұғым.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «текті» сөзіне келесідей анықтамалар берілген: «1) шыққан тегі бір, тұқымдас, тектес; 2) тегі, шыққан жері жақсы. Текті жер- үлгілі, өнегелі ел, ауыл». Демек, қазақта тектің физиологиялық тұқым жалғаудан бөлек, адам ұрпағының сапалық белгілерін айқындайтын индика-тор екендігін аңғаруға болады.Ежелден, ата-баба-ларымыз тектілік-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет