Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры



бет14/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607

39
табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (И. Кант). Олай болса, тәрбиелеу жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбие-адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңды-лықты іс-әрекеті,қам-харекеті.Тәрбиелеуші әрекеті –біреу-лердің ізгі ниетпен,адал көңілмен жүргізген өзіндік қимыл-қозғалысы болумен қатар,ұрпақ алдындағы борышы, адамдық парызы, табиғат заңдылығы ,атадан-балаға ұласқан тектілігі. Жеке адам бір-бірінен ажыратылатын және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері арқылы айқындалады.Анықтауыш қасиеттер-жеке адамның әлеумет-тік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсат-тары .Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне жетіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білінетіндей біртұтас тұлға болуытиіс.Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуінқалыптасу деп атайды.Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшы-лығы мол құбылыс. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен,оны өсіріп, тәрбиелейтін-қоғам», -деп өте орынды айтқан.Ал,қазақ айтады:«Тән-Тәңірден,тәрбие-өзімізден».Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғым да бар.Ол адамның өсу шағына сәйкес:нәрестенің дамуы,сәбидің дамуы, жеткіншектің дамуы, жас өспірімнің дамуы, бозбаланың дамуы, бойжеткеннің дамуы деп топталады. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді,
44

Текті жанның Кісі болу қаншама күрделі болса да, Э.Эриксон концепсиясының кейбір сатыларымен салыстырсақ айқын дәлдікті аңғаруға болады. Әсіресе балалық шақтың даму кезеңдері балатану қазақ ілімінде өте анық та(шекара шектері,сапалық көрсеткіштері) айқын көрсетілген. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки қырқынан шығар-ылып,құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айнал-ғанда, бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды Негізгі кезеңдерге жету жолында бірнеше қадамдар бар. Әрбір жаңа дағды қалыптасқан дағдыға негізделеді. Мысалы, бала еңбектеу үшін,әуелі бауырын көтеру керек,бауырын көтеру үшін жастық не көпшікке етбетінен жатып, талпынып,тырбанып жаттығу жасау қажет.Құйрығын басып отыру үшін,әуелі жатқан жерінен аунай алуы,одан соң жан-жаққа бұрылып қарау,кеудесін бұру,онан соң басын көтере алуы тиіс.Мұның бәрі ересектер көмегімен сол қозғалысты жасай алатын шағында жаттығып дағдылану нәтижесінде орындалады.Жүру үшін әуелі тұру дағдысын игереді,ол үшін сүйе-ніп(жүкке,қабырғаға, төсекке, орындыққа, керегеге т.б.).тартып,итеріп бойын билеп үйренеді. Ал,оларды жасамаса,дамудың ол кезеңі кешігеді. Мысалы,бөлеу әнін,бесік жырын,өс-өстеу,сылау ән-өлеңдерін естімей өскен нәрестенің, айналасындағы туыстарының,ата-анасының үнін ажырату қабылеті кешігеді.Қазақтың қарттық шағындағы бағым-күтім, қамқорлыққа алу ісі,сыйлап құр-меттеу әдет-әдебі орасан асқақ.Оған ешбір ұлт теңесе алмайды.Сондығынан болар қазақ дұрыс та,мәнді қартаяды.Оларда,торығу,мұңға бату,түңілу деген болмайды.Өмірден түңіліп,қалған ғұмырын тәрк ету,үмітін үзу,ішкілікке-нашақорлыққа,ашкөздікке салыну ешуақытта болмаған.Ал,жастығын аңсау,тұрғыластарынан ажырап, жетімсіреу,әрине болған. «Жасым жүзге келсе де,өлгім келмейді,қара жердің қойнына кіргім келмейді десіп», ұрпақтары үшін барлық игілікті жасап,кәдімгі адам болып, Жаратушының берген жасын жасап өмірден озуды тілейтіні рас.Кісінің асқары-үлкен кісі.


41

Үлкен кісі аталу- ең үлкен даңқ.Ата-бабамыз;абыз қарттар-ды.данышпан аналарды да- Үлкен кісі дейтін еді.Үлкен кісінің әр сөзі- әрі өсиет өнеге,әрі әмір,әрі заң,әрі нұсқау болған-ды.Олар-өлмейтін сөз қалдырған,ырыс-ынтымақ сыйлаған.Осындай айқын да,айтулы ілімі бар қазақ жұрты,текті жанды-Кісі болдырып тәрбиелеп келген.


Олай болса,текті тұлға тәрбиелеу теориясы дегеніміз текті жан аталған(2-3 жастағы бала ) сәбиді кісі болдырып жетілдіріп өңдеу үшін ұлттық тәрбиелеу іліміне сүйенген,толысқан адам қалыптастыру заңдылықтарын айқындай отырып, педагоги-калық-психологиялық зерттеу жүргіетін(ата-ана,ұстаз,мұғалім,оқытушы,т.б.)тәрбиелеушілерге,ғылыми негізде бағыт-бағдар беріп,педагогикалық нұсқаулармен жәрдемдемдесетін, ілімдік бағыт болып табылады.Түпкі мақсаты,тәрбиелеу қазақ ілімін Қазақстан аумағында жүріліп жатқан күллі тәрбиелеу,кісі қалыптастыру іс-әрекетіне толыққанды орнықтыру болмақ.Нақтырақ айтсақ «Толық адам болу» қазақ ілімін тұрмыс-салтқа,оқу-білім үрдісіне тұрақтандырудың алғашқы баспал-дағы болу еді.Оны қысқаша ғана кемелдік ілімі дедік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет