10
тің деңгейлерін тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі, халықтың тектілігі деп ажыратқан.Ұлан-байтақ жерде туған көшпелі қазақ тектіхалық:-мінезі кең, көреген, сезгіш, естігіш,ақылы терең,күш қуаты мығым,рухы асқақ,намысы зор да өткір әрі басқаға тапта-тып, мұқалтып,ұрлатып төменшіктеуді ешқашан қалам-аған,еңсесі биік жұрт.Текті ғылыми тұрғыда, тірі ағзалардағы тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын анық-тайтын генетика ілімі зерттейді. Тұқым қуалаушылық деген-іміз организмдердің келесі ұрпақтарында ата-бабаларына ұқсас белгілердің сақталу қабілеті және осы қасиеттің негізінде түрдің біртектілігінің сақталынуы болса, ал, өзгергіштік-организмдердің өз аталық-аналықтарынан басқа, жаңа белгі-лерге немесе қасиеттерге ие болу қабілеттілігі.Тектің әлеуеті генетикада тұқым қуалаушылықты зерттеуде кеңінен қолдан-ылады.Адамның бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің тұқым қуалауын тегіне қарап анықтауға болатынын ғылым ХХ ғасырда ғана байқады.Белгілердің тұқым қуалаудағы әртүрлі типтері мен заңдылықтары анықталғаннан кейін, ғалымдар адамның ата тегін мұқият зерттеудің артықшылықтарын сезінді.Белгі ата-аналарында кездеспегенімен, ұрпақтарында көрінуі әбден мүмкін екендігі дәлелденді Ресейде, тектану ғылымымен айналысатын (родология) ғалымдардың айтуы бойынша, тіпті психологиялық-физиоло-гиялық ерекшеліктер, әдет-қылықтар, дүниетаным мен ойлау жүйесі тұқым қуалау арқылы беріледі дегенді айтуда.Ағылшын ғалымдары бақытты сезіну адамның тегінен берілетіндігін зерттеп, нәти-жесінде бақыттылық деңгейін адамның мінез-құлқы анықтайды, ал, ол көп жағдайда тектен беріледі деген тұжырымға келгенТектану ұғымдары мен түйіндері,пайымдаулары, қорытын-дылары барлық ұлтта дерлік барЕвропада ол ғылыми жүйеге ерте айналған.Ал, қазақ; тұқымында белгілі бір дарын иелері болса, ол қан арқылы келесі ұрпаққа берілетінін ұзақ жылдар бойы бақылау,пайымдау арқылы танып білген.Қазақ халқында әр дәуірде әрқили қарқынмен дамып,адамтану қазақ ілімінің
11
Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында пайла болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиет-тердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастыр-ады.Сондайақ,Биохевризмдік,педагогиялық тұжырымдар, К.Дьюбайстің модальды тұлғасы,тұлғаның интеракционды теориясы( У.Майшел) т.б.бізге жат емес. Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекше-ліктері бір-бірімен байлан-ысты. Анықтауыш қасиеттер- жеке адамның әлеуметтік сипат-тамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиеніңнәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін тұлға қалыптасу деп атайды.Тұлғаның қалыптасуы-күрделі, ағзаның өсуі мен жетіл-уін, стихиялы әсерлерді( тектік және табиғи т.б.), мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Адам болып дүниеге келгеннен кейін адамға тән қасиеттер мен қабілеттерді игеріп қалыптастыру табиғи хаңдылық.Бұл - тәрбие ісі. Тәрбиелеуде,біз неге,баланың ата-бабадан ұласқан, ерекше белгілерін ескеріп-елемейміз, оның көрініс белгілерін анықтап білуге ұмтылмай-мыз?Бұл бүгінгі дәуірде қолдан келмейтін, ұстаздарға, тәрбиеші-лерге,тәлімгерлерге,ата-анаға басы артық,қажеті жоқ шаруа ма? Ал, «ғылыми педагогикада» баланы жан-жақты тәрбиелегің келсе,оны толық таны дейтіні тек теориялық қиял ғана ма? Егер бала бойындағы текті сапалар мен дарын-қабылет ұшқындарын білсек, адами қасиет негіздерін анықтай алсақ оны арықарай дамытып тәрбиелеуге,оқытып білім беруге анағұрлым жеңілдік болар еді.Генетикада тұқым қуалаушы мінез-құлық, ақыл-ой паймдылық,өнер-дарын негіздері 75-80 пайыз аумағында болады дейді. Ал,қалғаны тәрбиелеу, дамыту,толыстырудың үлесіне
16
Дөңгелектің шегі жоқ.Көргенсіздің тегі жоқ Өлгенді қадір- лемесең де, жәбірлеме. Тексізді төрге шығарма.Көп беріп көргендініңдің қызын алсаң, Тік тұрып мейманыңа қызмет етер.Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң, Қойныңа бір жатқанын міндет етер,-деген көптеген мақалдар арқылы ата-бабалар-ымыз: тектілік ұлы адамдық қасиет екенін өз перзенттеріне жан-жақты ұғындырып, басқа бақ қонса таситын, бақ тайса жаситын тексіз адам болмауды ерекше ескертіп отырған. ХV ғасырлардың өзінде тектілік тұлғалық феноменге айналды, тұлғалық дәстүрдің негізі тектілікпен зерделеніп отырған:Бай баласы байға ұқсар, Байлаулы тұрған тайғаұқсар. Би баласы биге ұқсар,Алты қанат үйге ұқсар.Хан баласы ханға ұқсар,Биік-биік шыңға ұқсар.Құл баласы құлға ұқсар,Мал таптаған гүлге ұқсар.Ханның ұлы қарауыл,Бидің ұлы шыңдауыл... Тектілік тек рухы, ата тектен қан арқылы, тәрбие арқылы беріліп отыратын қасиет, сол қасиеттің тұлғаның тарихи қызметі арқылы игілікке айналуы:Құбыладан жылы жел есер,Арқадан суық жел есер.Анаға қарап қыз өсер,Атаға қарап ұл өсер. Тоқтамыстың уағында Құлға билік тиген соң,Жесір қатын, жетім ұл Қайтіп қана күн кешер?.. Дала ғұламасы Майқы би: «Тұлпардан тұлпар туады, Сұңқардан сұңқар туады,Асылдан асыл туады,Сараңнан бермес туады,Соқырдан көрмес туады,Мылжыңнан езбе туады, Қыдырмадан кезбе туады»– деген екен.ХV ғасырларда өмір сүр-ген Қазтуған жыраудың толғауларынан да қазақы тектіліктің мәнін ұғына аламыз:Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз, Қайран саланың жатқан аңғары-ай,Ақ шалмалы пірлердің, Мешітке жаққан шамдары-ай!Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім, Аузы түкті кәпірдің, Күшті болған салдары-ай!Кәпірден теңдік алуға,Қайта келер деймісің.Мұсылманның баяғы,Шыңғыстан туған хандары-ай?!Бұл қоныстан кетпесең,Мұны талақ етпесең,Атаңа нәлет кәпірдің, Пайдасына қалмаса игі еді.Ноғайлы, қазақ жұртымның, Кейінгі туған балдары-ай!Қазақ ұғымында тек-ата-бабадан ұрпаққа берілетін физиологиялы.-психологиялық белгі-ерекше қасиет.Тектілік-осы қасиеттің ұрпақтан білінген көрінісі.Ал мұны дамытып,тәрбиелеп жеріне жеткізу ата-ана,ұстаздар-
13
дың басты міндетіТекпен берілетін қасиеттерге: өнеге-үлгі, инабаттылық, кішіпейілділікті жатқызуға болады. Себебі, бала-ның бойындағы бұл қасиеттер әке-шешеден бастау алады. Адам-гершілік, азаматтық, қайраткерлік, қолбасшылық, зиялылық, діншілдік,әділеттілік те адам бойына текпен дарыса керек-ті.Тектілік-адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасат-тылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді.Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалып-таспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділікері болуға тиістілігін көрсе-теді.Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емемс.Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаз-дықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Тұқым қуалаушылық қасиет- тері: 1) сыртқы белгілері (денесі, шаштың түсі, т. б.) 2) жүйке жүйесінің ерекшеліктері, қан аурулары, ергежейлік, т.б. Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты проблеманы -интеллектуалдық, арнайы және моралдық сапалардың тұқым қуалау арқылы берілуін қамтиды. Адам әлеуметтік процесте ғана, яғни басқа адамдармен қарым-қатынас, өзара іс-әрекет барысында жеке тұлға болып қалыптасады. Адамның дамуы күрделі процесс, оған табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Әлеуметтік орта - жеке тұлғаның дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың іс-әрекеттері. Сонымен бірге әлеуметтік орта ұғымына қоғамдық құрылым, өндірістік қатынастар жүйесі, өмірдің материалдық жағдайы, өндірістік және әлеуметтік процестердің жылжу сипаты, т.б. енеді (алыс орта). Адамға жақын орта - оның отба-сы, туысқандары, достары. Адамның дамуында отбасы үлкен роль атқарады, әсіресе адамгершілік және әлеуметтік сапалар балалық кезде қалыптасадыТұлға -жеке адамның өзіндік адам-гершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты
14
сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиын-тығы, қоғамның даму жем-ісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.Тұлға философиялық тұр-ғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгер-шілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайым-далады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социоло-гияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеу-меттік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпал-дастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.Тұлғапсихо-логияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайта-ланбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдынала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді.Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың біртобы- преформистер.Преформизм-XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым.
Достарыңызбен бөлісу: |