Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


§.Текті жанның көкірек көзін аша алсаңыз,ол кісілігі мол кісі болады



бет18/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607
.....13-14
1.4§.Текті жанның көкірек көзін аша алсаңыз,ол кісілігі мол
кісі болады
Тәуелсіз елді өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ-егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптас-тырған тұлғаны айтамыз.Мұндай тұлғаны қазақ КІСІ деп атаған Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір кісінің бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек.Жалпы адами асыл қасиеттердің жиынтығын қазақтар имандылық деген жалғыз ауыз сөзге сиғызған. Осы негізде тәрбиелі кісіні иманды жан.көргенді кісі,текті жан деп атаған. Ал,бүгінгі күнгі жиырмадан астам түрге жіктелетін (саяси,ақыл-ой,дене,әсемдік,ұлттық,экологиялық,табиғи,еркін-дік,т.б.) тәрбие түрлерін имандылыққа баулу деп түсінген.Кісі қалыптастыру дегеніміз текті жанды имандылыққа баулу болмақ.Себебі иман ұғымы қазақ үшін; а)ислами- діни түсінік ғана емес,ататектен ұласқан наным-сенімдік рухани ұғым. .ә).имандылық барлық діндер мен наным сенімге ортақ ұғым.Ал,ислам діні осы үшін де басқа діндерге құрметпен қарап,олардағы имани-адами ұғымдарының құзыреттілігіне шек келтірмеген.Діндегі «Иман» сөзі өте кең өлшемді ұғым. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ар, ұят, ынсап, қанағат, төзімділік сынды барлық жақсы сапалар сыйып тұр.Имандылық барлық әлемдік діндерге тән қасиеттердің бірі.Оның түбірі иман,яғни ақиқатқа, шындыққа жетелер сенім тірегі, бар бет-бейненің, мінездің айнасы .Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтырса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам» дейтіні сондықтан

Дәстүрлі діндердің бәрінде де діннің тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіретін ғылыми институттар бар. Ол христиан дінінде-исихазм,иудей дінінде-каббала, буддизмде- дзен буддизм,индуизмде – бһакти иога деп аталады. Дін


62

исламның тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіру, беделін көтеруді ерте шақтан бастап сопылар мектебі мойнына алды.Қазақ даласына ислам діні Иассауи бабамыз негізін қалаған түркілік сопылық ілімінің талдауы негізінде орныққаны белгілі. Қазақ халқы имандылықты аса қадірлейді.Тіпті о дүниеге аттанарда да адамға: «иманың жолдасың болсын» деген тілек айтылады. Қазақта кісіге берілетін ең жоғарғы баға «иманжүзді» деген аса қастерлі бір ауыз сөз бар. Осы бір ауыз сөзге тәрбиенің барлық түрі сыйып кеткен.Сондықтан да,тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі-имандылық болып табылады. Имандылық тәрбиесі осы заманғы педагогикалық теориялар мен ұстанымдарға сай бес түрлі арнамен жүзеге асырылмақ: -кісінің көкірек көзін ашып,көңілін тазалап, санасын нұрландыру; -тұлғаның тектілігін танытып,даму кезеңдерінде кездесетін барлық дағдарыстар мен қиыншылықтарды алдын-ала айшық -тап,олардан жеңіл өтуіне мүмкіндік туғызу


-кісі қалыптасуына ықпал ететін сыртқы және ішқі дәйектердің,белгілі топта,ұжымда, қоғамда тигізетін әсерін нақты айқындап,олардың оңды солды,нәтижесін өлшеп-шамалап,безбендей алу арқылы,кісінің рухани даму бағытын басқарып отыру
-рухани құндылықтардың этностық деңгейінен бастап жалпыадамзаттық санатына сай келетін маңыздысын дұрыс таңдай отырып,өскелең ұрпаққа оны саналы түрде игерту
Біз бұл жолы кісінің көкірек көзін ашып,көңілін тазартып, санасын нұрландыру сопылық тәжірибесіне қысқаша тоқтал-мақпыз. Сопылық философияда адам “ұлғаю-өсу” және жануар-лық қуаттары арқылы физикалық әлеммен ортақ ерекшеліктерін сақтаса, ал “адамдық рухы” арқылы метафизикалық әлемнің ерекшеліктерін көрсетеді. Адамдағы көңілдің өзі жауһар ретінде бірнеше “рухани қабаттардан” тұрады. Сопылық философияда оларды рет-ретімен “қалб”, “рух”, “сыр”,“сырдың сыры”, “құпия”, “ішкі құпия” деп атайды. Бұл рухани күмбездер – рухтың дәрежелері. Әрбір дәреже жеті немесе он сатыдан тұр-
63
мен құндылықтарына алданып, қор болмауы үшін ескертулер көп: “Ей, адамдар! Алланың уәдесі әлбетте хақ. Абайлаңыз, дүние тіршілігіне алданып қалмаңыз. Айлакер шайтан Алланың алдында сізді ұятқа қалдырмасын” (Фатыр 35/5). Иасауи көңілдің шайтанға алданбай Алланың құзырына ұялмай баруы үшін көптеген қағида-ережелер ұсынады:«…Тілге ал “Ла илаһа илла-Алланы”,Көңілге сал әр демде-“агаһ” бол “Масиуаға” ақылды болсаң көңіл берме,Шайтан лағын, өз жолына салады екен. Бұл жерде бірінші зікір – Алланы ұмытпау, ғафыл болмау, дүниеге көңіл бөлмеу ұстанымы ретінде шайтанның құрығынан алыс болудың шарты. Ол үшін де адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы “қалб-и салим” дәрежесіне жету қажет. Қалби салим болуды Құран аяттарында қалай түсіндірсе, Иасауи де өзінің «Көңілдің айнасында» оның жолдарын, өсу сатыларын “дария”, “кеме”, “асу” символдары арқылы өте анық, түсінікті түрде айшықтаған.Адамдағы көңіл материалды, яғни көзге көрінетін, рухани, көзге көрінбей-тін әлемдерді тұтастандырып, біріктіріп тұрады. Көңіл осы екі әлемде “төреші” болуы үшін өзін дамытып, кемелдендіріп, шыңдап «көзін ашуы» тиіс. Себебі: «…Захир көзі ғафлетте, “Батин көзі” ашылса ешқандай “перде” қалмайды. “Жан көзі” — қайран болып, “иман нұры” арқылы көре бастайды. Сыр көзі-“фана” мақамында “өздің өзі” (рухтың рухы) арқылы көреді. … Көңіл көзі жарылмадан тағат қылса, Хақ дергахында қабыл болмайды” . Иасауи үшін көңіл ішкі және сыртқы әлемнің орталығы болу үшін көзін ашу қажет. Сонда ғана жанның да, тәннің де амалдары оң болады. Міне, көңіл тән үшін де, жан үшін де өте маңызды рөл атқарады. Дегенмен, адамды адам еткен оның мәні, рухы болғандықтан, сопылық философияда көңілдің рухани рөлі тәнге қатысты қырына қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сондықтан осы руханилығы жағынан өте нәзік сырлар мен құпияларды хикметтер арқылы адамның адалдығын, мән-мағынасын қамтамасыз ететін күш – көңіл. Алланың аманатын арқалайтын күш иман болса, соны ең алдымен бойға дарытатын ақыл, ой, тіл, сана емес, көңіл, жүрек. Бірақ, адамның болмыстық
68

біріншіден, адамның рухы мен сана әлемінде тепе-теңдік орнайды; екіншіден, адам өзін қоршаған сыртқы әлеммен үйлесімділікте болады; үшіншіден, Тәңірмен рухани тұтастықта болу арқылы адам кемелдікке (құлдық дәрежесіне) жетеді. Өзін іштей арылтып, кемелдікке жеткен адам “қоғамға” оралады. Өзінің бойындағы танымдық-моральдық, кісілік құндылықтары арқылы қоғамдық дерттің дауасы болады. Осы жолдағы оның ең басты ұстанымы-“үлгі болу, басқаларға өнеге көрсету.Сопылықтағы ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты, ондағы сұхбат–диалог және оқу-тәрбие әдісінің жүйелі түрін тариқаттан көруге болады. Бұл әдістің басты ерекшелігі – адамзатқа үлгі болу, яғни өзің жасап үйрету және көрсету арқылы тәрбиелеу. Жалпы сопылық философияда адам – басқа ешқандай фило-софиялық жүйелерде кездеспейтін дәрежеде жоғарғы мәнге, ерекше орынға ие болмыс. Бірақ бұл мән, көңілдің пәктігі мен тазалығына қатысты. Егер адам жүрегі, көңілі кір болса, адам хайуаннан да төмен дәрежеге түседі. Сондықтан Иасауи философиясында көңілдің пәктігі ең басты шарт. Көңіл, рух, жүрек ұғымдары – барлық діндер мен мәдениеттерде адамның рухани қырын білдіретін негізгі қуат көзі. Жүректің философиялық, тарихи, мәдени, психологиялық қырлар-ына жеке-жеке сан түрлі зерттеулер жүргізілгені белгілі.Тұрік ойшылдарынан бастап,қазақ ғұламаларының бұл турасындағы педагогикалық-психологиялық тұжырым-ұстанымдары,ғылыми түйіндері бір төбе.Жүрек дәстүрлі дүниетанымдардың көпшілігінде батырлық, күш пен тіршіліктің көзі, рухтың ұясы, орны ретінде қабылданған Ежелгі Қытайда адамның бірнеше рухы бар деп есептелініп, әрбір рух адамның әр мүшесінде орын алатын да, жүректегі рух құс кейпінде елестетілетін. Мысырда жүрек, ақыл, ой мен тілектің мекені болған-дықтан Тәңірге ғибадат ету және оны сүйе алатын қабіл-етке ие адам болмысының ең басты орталығы екендігіне сенетін.Индуизмде жүрек адамның құдайлық мекені, брах-маға тән әрі чакра жүйесінің орталығы. Бұл чакра – үш төменгі физикалық, сезімдік және үш жоғарғы рухтың және сананың басын қосатын орталық.


65

Платон (б.э.б. 427-347) жүректі көркем істердің көзі, Аристотель (б.э.б. 384-322) жүректі сезімнің, шығармашыл ақылдың, жадтың, интуицияның орталығы деп білген Христиан мистицизмінде жүрек Исаның (Алланың) жүрегімен үндестік орталығы болса, яхуди каббаласында (мистицизмінде) да жүрек Алланы тану және оған қосылудың объектісі ретінде қабылданған.Кейінгі кездегі позитивизм, гуманизм және ағартушылық ағымның өкілдері, әсіресе атеистэкзистен-циалистер рухты жоққа шығарған Кейбір зерттеушілердің ойынша қазіргі заман психологиясы “рухсыз ғылым саласы” болуды өзінің методы ретінде қабылдағандығын айтады Өйткені, қазіргі заман психологиясы адамның іс-әрекет,сезімдерінің орталығы-ретінде миды таниды. Сондықтан бүгінгі психология, атына заты сай емес, яғни, рух туралы ілім емес, мидың функцияларын зерттейтін ғылым.Шындығында көңіл, рух, жүрек әрбір дін, мәдениеттерде өзектілігін сақтаса да, Шумахердің айтқанындай (1977 қ.б.) қазіргі заманғы материал-истік ғылымпаздықпен ауырғандар үшін рух немесе көңіл мәнсіз ұғымдар. Олар адамды әншейін кемелденген хайуан деп таны-ғандықтан, ақиқат рухпен емес, мимен танылатындығына сенеді. Исламда барлық ғылым саласы жүрек, рух, көңілге қатысты. Көңіл ұғымы исламда орталық ұғым. Мысалы, кәлам иман мен имансыздық сияқты ақаид (сенімдік доктрина) мәселелерінде тікелей жүрекпен қатысты түсіндірмелер жасайды. Фикх, ислам құқығы да ғибадаттардың дұрысты-ғының шартын көңілге қатысты ниет пен ерік функцияларынан іздейді. Ислам философиясы (Кинди, Фараби, Ибн Сина) өкілдері жүрек, рух, жан, сана (ақыл) туралы жеке-жеке рисала жазып, танымдық орталық ретінде таныған. Әйтсе де, ислам философиясы тарихында жүрек, рух, көңіл туралы сопылардан артық, жан-жақты, терең талдаулар жасаған ешкім жоқ. Өйткені, сопы, сопылықтың ең бірінші пайда болуының себебі “рухтың арылуы, көңілдің пәктелуі” болатын. Сопылық таным да басқа исламдық ғылым салалары сияқты көңілді «Құран» мен сунна шеңберінде қарастырады. Жалпы сопылықта көңіл туралы үш түрлі көзқарас бар.


66

Бұларды «бірінші, көңілдің (рух) мәні танылмайды. Екінші, рухтың мәні танылса да, тілмен жеткізу мүмкін емес.Үшінші, көңілдің мәнін түсіндіруге болатын тезистері арқылы тұжырымдауға болады. Адам-екі түрлі тән мен жаннан тұратын болмыс. Тән қажеттілігі мен жан қажеттілігі арасында айырма-шылық бар.Тән қажеттіліктері қанағаттан-дырылған соң талабы тоқтайды, ал жан қажеттіліктері қанағат тапқан сайын артады, шексіздікке ұмтылады. Бұл жерде жан деп көңілді айтып отырмыз. Көңіл – тән және рухани әлемнің орталығы.Дененің тіршілігі жанға қатысты, өйткені денедегі қанды жүргізіп, айналысқа енгізуші күш – жан. Жан – сонымен қатар сезім қуаты мен қабілетінің орталығы, рухани болмыс. Бәлкім Иасауи осы ерекшелігіне байланысты көңілді адам болмысының сұлтаны деген. Ой мен ойлау орталығы – ми, көңілден келген әсердің ықпалымен шабыттанып пікір, идея туындатады. Яғни, көңіл өзінің сезімдік қабілеті арқылы ми түгіл бүкіл мүшелерді меңгеріп, басқарып отырады. Абыржыған, ашуланған, қуанған адамның көңіл хәлдері адамның ойына, еркіне, ниетіне әсер етіп, оның іс-әрекетінде көрініс табады.Көңіл-руханилығы жағынан ақиқаттың көрінісі. Ақиқаттың көрінісі болуды оған Алла жүктеген. Дегенмен, мына дүние сынақ алаңы болғандықтан көңілді жатсынуға, шарттануға мәжбүрлеп, алдауына түсіре алады. Көңіл алданса, болуы тиіс биіктіктен көріне алмай да жатады. Бұл жағдайда көңіл (жүрек) иесін бұл дүниеде, ақиретте бақытқа жеткізуші емес, керісінше сорға батырады. Сондықтан көңілді (қалб) өзінің жаратылыс мақсатына сай бағыттап, бақылап, құдайлық мақсатпен үндестіру үшін оны дамыту, тәрбиелеу өте маңызды мәселе болып қала бермек. Өйткені, көңіл өте пәк, жас бала сияқты тез алданады, жұбанады. Иасауидің көзқарасы бойынша, дүние – сынақ, кедергі асулар көп, ал нәпсі – шайтан адамға өз дегендерін оңай қабылдатуға шебер. 


«…Нәпсім мені жолдан ұрып қор айлады.Телмірттіріп халай-ыққа зор айлады.Зікір айттырмай Шайтан бірле жар айлады»
Ал көңілдің досы – ақыл. «Құранда» көңілдің дүние ләззаты
67
Есейген сайын адамның білуге құштарлығы артып, таным көкжиегі кеңейе түседі. Көкірегін кернеген асыл армандарын іске асыру үшін адам үнемі ізденіс үстінде болады.Өзіндік дамуды мұрат еткен адамның көкірегі ояу, дүниетанымы кең болады. Көкірек көзі ашық сөзірухани өсіп-өнген, жетілген, кемелденген деген ұғымды білдіреді. Халқымыз білімді, саналы, парасатты адамдыкөкірегі ояу;сезімтал түсінігі мол адамдар көірегі жүйрік; терең ойлы, зерделі адамдыкөкірек көздікең пейілді, жомарт, адал адамды –ақ көкірек дейді. Көңіл-күйі, сезімі, ішкі жан-дүниесі бай адамды көкірек сарайы кең деп сипаттайды. «Кең сарай,көкірегім дала желдей. Кеудесі жақсылардың алтын сандық,» «Ілімге толса көкірек, Ашылар көзі санаңның». «Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа сөз (Абай)Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген Қазақ ұғымында көкірек көзін ашу да,үлкен өнер, ашатын да өнер-білім.Қазақтың жазу-сызуы жойылып, жаппай сауатсыздық жайлап,қараңғылық пен надандыққа бой алдырған дәуірі болған.Сол бір заманда жұрттың көкірек көзін ашатын негізгі құралы өнер,өмірлік білім,сенімі болған еді.Фараби бабамыз: «тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...»Қорқыт Ата бойынша: «Тәрбиелеу дегеніміз үлгі өнеге көрсету,әдеп,өнер ұқтыру. Өнердің алды-әскери өнер және музыкалық өнері»-дейді.Өнер білім арқылы адамның көкірек көзін ашудың амал айласын,құрал-тетігін қазақтың барлық ұлық-ұстаздары,ақылман-ғұламалары өте ашық айтып,дұрыс көрсетіп кеткен.
Жеке адам ғана емес, ұлттар мен ұлыстардың парасат-
72
табиғаты бойынша, жақсылық пен жамандықтың, тақуа мен асылықтың, иман мен күпірліктің күрес алаңы да осы көңіл. Көңіл сондықтан өле-өлгенше бір қалыпты бола алмайды. Сондықтан ол үздіксіз бақылау, тізгіндеу, тәрбиелеуге мұқтаж.Көңіл – айна. Оған Алла да, періште де, шайтан да қарайды. Періште қарап кетсе, оған иман, ізгілік, игі амал, рухани хәлдер сыйлайды, ал шайтан қарап кетсе, күпірлік, күдік, күмән, жаман амал, шахуат, әуестік, менмендік ұялайды. Көңіл өз айнасына қарауға тек періштеге ғана рұқсат беретін хәлге жетуге тырысуы шарт. Көңілді ондай халге жеткізу үшін сопылықта негізгі әдіс – зікір, яғни, Алланың аты, заты, көмегі, қуатын шақыру. Сонда ғана көңіл зікірмен тыныштық, бақытқа кенеледі.Ал көңілдің тыныштығы иманның артуына, бекуіне мүмкіндік береді. Сонда ғана көңілдің перделері ашылып, көрінетін және көрінбейтін әлемдердің сырлары аян болады. Барлық сырларды бүгіп жатқан әлем оқылуға дайын кітапқа айналады. Көңілдің өзі бір кітап. Кітап кітапты, яғни, әлемді оқиды. Міне, Алланың бірінші аяты “оқы!” дегендегі сыры осында жатыр. Бұл пайғамбарларға ғана берілген нәсіп болатын. Сопылар осы нәсіптен үміттенеді, сондай болуға тырысады, пайғамбардың берекетіне, құтына ұмтыладыИасауи көңілдің Аллаға, оның қалауына сай болуы үшін сау болуы керектігін, яғни, қалб-и салим болуы үшін де онда иман, тәубе, мағрифатуллах, ғашықтық, тақуалық – қорқу, зікір, мойынсұну керектігін айтады. Иман – көңілдің (жүректің) сенуі мен қабылдауы, Хақты білуі және сезінуі. Иман – Иасауи көзқарасында тікелей көңілдің, жүректің ісі. Құранда “…Арабтар “иман келтірдік” деді. Сен айт: “Сіз әлі иман келтірмедіңіз. Бірақ, біз сырттай мұсылман (мойынсұнуға) болдық деңіз. Иман әлі жүрегіңізге енбеді”Негізінде иман – адам (сенуші субъект) мен Алла (сенетін объект) арасындағы байланыс. Бұл байланыстың негізінде сенімділік пен растау жатыр. Бұл растау көңіл мен амалдың бірдей, бірге расталуы, қалыптасуы. Адам мен Алла, яғни субъект пен объект арасында өзара бірін-бірі шақыру, үндеу бар. Алланың шақыруын аян, адамның
69

Алланың шақыруына құлақ асуын “инаба” дейді. Ал адамның Алланы шақыруы зікір ету, ұлықтау, мінәжат ету, жалбарыну, дұға жасау, намаз оқу арқылы жүзеге асады. Иманды көңіл айнымас. Имансыз болса, көңіл тас жүрек, соқыр, ауру бола бастайды. Иман – көңілді белсенді қылатын қуат. Құранда иман аяттарды түсіну үшін көңілді жарықтандыратын нұр ретінде сипатталады; Иасауи бабамыз да, шариғат сатысындағы иманға “иман-и бостан”, тариқат иманына “иман-и гүл”, хақиқат иманына “иман-и нұр”, мағрифат иманына да “иман-и сыр” деп нақты дәрежелерін ажыратып көрсеткен. Хикметтерде: «…Бастағы көз ғафлетте, “жан көзі” ашылса, Ешқандай “перде” қалмайды. “Жан көзі”-қайран болып, “иман нұры” арқылы көре бастайды» Иманның қызметі көңілдің, рухтың амандығын, қамтамасыз ету. Жүректе иман болмаса, тәндегі ғибадаттың ешқандай құны жоқ .Ыбырай атамыздың: :“...Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды. ”Құдай тағала ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе де ықтияр береді”, - деп адамның жамандық, яки жақсылық іс-әрекетін Алла тағала істетті дейтін насихатқа қарсы шығады.Мал -мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші- иманы,екінші-ырысының тұрағы, үшінші-дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. 


Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз адам. «Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған,имансыз адамға сенім артуға болмайды.Ал иманды адамның жүрегінде әрбір әрекетін қадағалап,бақылап тұратын ішкі сенім бар.М.Жұмабаев өзінің "Педагогокасында" былай дейді: "Діни сезімі күшті адам Тәңірдің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек"Абай:«Құдайдан- қорық, пендеден-ұял» «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадатпарыз».
«Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.»-дейді.Абай

“Имансыз елден ұят қашады” деген Хз. Мұхаммед пайғамбардың


70

хадисін келтіріп,«қазақтың хәлі осы-имансыздық”-дейдіКөп ішінде жалғыз қалып күңіренген, “Ішім толған у мен өрт, сыртым-дүрдей” деген Абайдың мұңы “…көкірегімді тесіңдер, қан мен мұңға толды әбден” деген Иасауидің жанайқайымен үндесіп жатыр.Ата-бабаларымыздың; «Егер,текті жанның көкірек көзін аша алсаң,ол-кісілігі мол кісі болады,керісінше,көкірек көзін аша алмасаң,текті жан болғанымен,ол- «кісі киік»-ше меңіреу,надан,қараңғы болып далада қалады»-деп ескерткенін есте сақтаған дұрыс-ақ.


 Қазақ халқында пенденің көкірек көзін ашудың көптеген жолдары мен амалы бар еді.Олар имандылыққа бірігіп жаңа белеске көтерілді.
Жаратушы Құдай адам баласына жалған дүниенің жарығы - күнді, алқара көк ормандар мен ақселеулі даланы, қарлы шыңдары аспанмен таласқан тауларды, ағысы қатты өзендер мен толқындары тулаған шалқар көлдерді, оларды мекендеген аңдар мен құстарды көрсін деп басына екі көз берген. Дүниенің сыртқы түрін көретін мұндай көз аңдар мен құстарда да, жан иелерінің бәрінде де бар. Адам болған соң олар бір-бірімен өзара қатынасып, қауымдастық құрған соң оның тіршілік заңдары-әдет-ғүрыптары қалыптасады. Әр нәрсенің сыртқы түрі, ішкі сыры, мән-мағынасы бар. Өмір асау өзендей мың бұралып ағып жатыр. Оның түбінде не бар? Міне, солардың бәрін көріп, тұсіну үшін бастағы екі көз жеткіліксіз.Замана ағымын өмірдің алуан түрлі құбыл-ыстарын көкірек көзімен ғана көріп, санаға салғанда ғана түсінуге болады. Қазақ тарихында бастағы көздің орнын толтырарлық,оны жоқтатпайтын көкірек көзі ерте ашылған қаншама ғұлама-кемеңгер, дана-ақылмандар болғандығына тарих куә.Адамзат қауымы ондай адамдарға бай екендігі баршаға мәлім.Нәресте дүниеге келген сәтінен бастап, оның балғын жүрегінде өмірге деген талпыныс орнайды Ана сүтімен дарыған құштарлық сезім әке тәрбиесімен ұштасып, ол көп нәрсегеқызығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет