Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады



бет28/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607

Кемел кісі ілімінің мәйегі

Т әуелсіз елді өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.Мұндай тұлғаны қазақ КІСІ деп атаған Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір кісінің бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек.Жалпы адами асыл қасиеттердің жиынтығын қазақтар имандылық деген жалғыз ауыз сөзге сиғызған.Осы негізде тәрбиелі кісіні иманды жан.көргенді кісі,текті жан деп атаған.Ал,бүгінгі күнгі жиырмадан астам түрге жікте-летін(саяси,ақыл-ой,дене, әсемдік,ұлттық,экологиялық,табиғи,еркіндік,т.б.) тәрбие түрлерін имандылыққа баулу деп түсінген.Кісі қалып-тастыру дегеніміз текті жанды имандылыққа баулу болмақ.Себебі иман ұғымы қазақ үшін;а)ислами- діни түсінік ғана емес,ататектен ұласқан наным-сенімдік рухани ұғым.ә).имандылық барлық діндер мен наным сенімге ортақ ұғым.Ал,ислам діні осы үшін де басқа діндерге құрметпен қарап,олардағы имани-адами ұғымдарының құзыреттілігіне шек келтірмеген.


Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихы-мен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжі-рибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстети-калық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольк-лорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт
108


мен сахна шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады.
«8» саныныңаумағында жарық дүниеге келсеңіз. Қолдаушыңыз Меркурий планетасы. Осы жебеуші-леріңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жол-ыңыз болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер жақын адамдарыңыздың басына күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз...«9» санынына байланған тағдырлы болсаңыз- Желеп-жебеушіңіз - Нептун. Мінезіңіз, осы айбынды су Құдайындай сан-құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басы-ның жағдайына онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір толқынында домалай береді. Кейде аспандағы айға шауып әлек. Онысынан түк шық-пайды, өз ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз қалады. Рас, достарының әлсіз жақтарын ой таразысына салып, дұрыс қорытынды түйе біледі. Әсершілдік, сезімталдық-оның басты қасиеті. Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе, қызығып қарап қалатын әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ, табиғаты алабөтен ерекше
2.Нақты өлшемдер жасау;табан,алақан,білезік сызықтарын белгілеп алу жәй жолмен қотарғыш парақтар,бояулы парақтар,сазды текшелер өте жақсы түсіріп бере алады.Ал. кәзіргі таңда оларды фотообсеттік (сканирлеу) жолмен жылдам жасап аламыз. Ал,оларды оқудың әр дәрежедегі жолдары бар. Мысалы басмармақ сызығын оқып көрелік. 1.Саусағында ілмек тәрізді сызығы бар адам салмақты әрібайыпты мінезді келедіі. Мұндай адамдар досының басына сын сағат туғанда бей-жай қарай алмайтындар санатында. Олардың жауапкершілігі бар, барар жерге ешқашан кешікпейді, алайда көшбасшы қасиеті жоқ. Мұндай адамдар жаңа мәліметтерді адамдармен араласу арқылы
105

алады. Олардың эмоциясын оқып қою оңай, себебі олар ашық адам. Денсаулықтары да жақсы, тіпті жақсы дамыған болады. Ілмек сызхықты адамдардың мінез-құлқы-сангвиник. Жалықтыратын және жалғыз ілікті жұмыстан безеді. Егер ілмек сызық барлық саусағында болса, бұл оның қиялы аса дамығанын, кейде тіпті өмір шындығына жанаспайтын нәрсені көп ойлайтынын көрсетеді. «Қойдай қоңыр, қозыдай мом-ын» деген мақал осы адамдар жайында айтылған,жай сөз ғана.2.Бармағында толқын сызығы бар адамдардың энергиясы әрқашан тасып тұрады, олар өзіне сенімді. Сенімділік бар қасиетінен көрінеді: еңсесін тік ұстауы, жүрісі, тәртібі, ым-ишарасы.Оларды алған бетінен қайтару мүмкін емес, қателескенін де мойындату оңайға соқпайды, олар әр жасаған шешімін соңына дейін дұрыс деп дәлелдеуден

шаршамайды. Нақты ойлау жүйесі бар. Қоршаған кеңістіктегі өзгерістерге бейімделу мәселесінде мұндай адамдар тығырыққа көп тіреледі және айналасындағы адамдардың пікіріне мойынсынуды білмейді. Бар ой-өрісі қарапайым әрекеттерден туындап отырады. Алайда алға қойылған тапсырманы орындау үшін өзге адамдардың көмегіне жүгінуді әдетке айналдырған. Саусақ ізінде иін суреті бар адам – холерик. Шығармашылықты сүйеді. Ым-ишарасы анық, әртістікіндей болады. Қиын сәттерде ол көрінген іспен айналыса жөнеліп, осылайша өз назарын басқаға аударуға бейім. Қарым-қатынаста ерекше биязылықты суқаны сүймейді, дегенмен өте адал дос әрі ешқашан сатып кетпейді.
3.Бармағында ирек сызықтары бар адамдар ашушаң келеді, қайтымы тез адам. Шығармашылық дарыны бар, қабыдауы жақсы, тез үйренеді және кез келген оқиғаны сараптап отырады. Бірнеше істі қатар бастап, орта жолда тастап кетеді және қызығушылығы жоғалады. Психикасы тез қозғыш, тұрақсыз. Көңіл-күйін тап басып айту қиын, сезімі мен уайым-қайғысын ішке жасырады. Жалғыз болуға және
106

өз-өзіне есеп беруге құмар. Көп жағдайда өзіне көңілі толмайды, күмәні көп адам. Негізінде сезім ішкі ойдан туады, ал мәліметті жазбаша хаттар деректерінен алады. Ирек сызықтары бар адамның темпераменті – флегматик. Сөйлеген сөзі анық емес, жай әрі баяу шығады. Сол немесе оң қолындағы сұқ саусақта ирек сызық болса, онда мұндай адам туа бітті ойшыл. Бағдарламалауға, заңгерлік іске және ғылыми жұмыстарға бейімі бар. Жалпы қорытынды жасайтын болсақ, саусағында ирек суреті бар адамдардың мінезі ауыр, қолынан не келетінін біле бермейтін адам.



Кәзіргі КІСІ– ақыл-ойын, сезiмiн, еркiн үйлесiмдiлiкте ұстай бiлетiн, өнегелi мiнез қалыптастырып, адамгер-шiлiк қағидаларды меңгерген адам. Оның бойындағы адамдық сипаттар: - Өзгелердiң мүддесiн, өз мүддесiнен жоғары қойып, кеңпейiл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.-Ата-анаға балалық құрмет көрсете бiлу, оларды құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю.
- Достарының, отбасының, Отанының сенiмiн ақтау.
- Өз iсiн iзгiлiк мақсатқа арнау, басқалардың мүддесiне қызмет ету және маңызды iстiң шешiмiнежету үшiн өзiнiң iс-әрекетiн, күш-қайратын жұмсау; - Барлық адамдардың пiкiрiн, құқын, жеке меншiгiн құрметтеу.
- Өзгелердiң пiкiрiн сабырлықпен қабылдау, бiрақ та жағымсыз iстерден бойын аулақ ұстау.Жанашырлық таныту, өзгелердiң қайғы-қасiретiне, мұң-мұқ-таждығына ортақтаса бiлу, оларға көмек көрсету
-Кешiрiмдi болу, ренiшке, өшпендiлiкке жол бермеу, ол үшiн жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу.
- Рақымды, мейiрiмдi болу, адамның көңiл-күйiн алдын-ала сезе бiлу. - Көмектесу, көмек күткен адамға көмек беруге әзiр тұру
. - Өзiнiң қадiр-қасиетiн сақтау, яғни өзiнiң кiсiлiгiн сақтап, өзiне-өзi сенiмдi болу. - Жауапкершiлiк таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, -Ержүрек болу, қорқынышты жеңе бiлу .
(
Адамтану қазақ ілімінен)
107
Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясының негізін жетілген тұлғаны тәрбиелеу ілімі  құрайды. Бұл ілім тәрбиенің
төрт тұғыры - әділет, дәулет, парасат, қанағат арқылы адамда адамдық ізгі қасиеттерді тәрбиелеу идеясына негізделеді Ізгілікті - адами қасиеттерді тәрбиелеуде Ж.Баласағұнидің ойынша, жоғары адамгершілік сана мен мінез-құлықты қалыптастыру басты роль атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы дүниесі бір-біріне сай, рухани және дене әсемдігі өзара үйлескен жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады.
Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегін оқып-үйрену және теориялық тұрғыдан талдау бұл тек сөздік, немесе тілтану мәселелерін ғана қарастырған еңбек еместігін, онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі бойынша тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық тұжырымдамасы негізделгенін айқын көруге болады. Ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеялары өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған. Сондықтан оның педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі - орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі-«ұлылыққа ұмтыл-ған»,«білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», «біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақлақты наси-хатын ұстанған» ірі тұлға.
Ал А.Ясауи ілімінде: « Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты-топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. ииОсылайша А.Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі. Хикмет жолын-дағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, қара басының қамын күйттейтін
112

Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұра-ларынан, билер мен шешен-дердің тәлімдік сөздерінен көр-еміз.Кісілік ұғымы – ұлттық тәрбиенің негізгі қағидасына жатады. Кісілік қасиеттің жарқын көрінісі – адам мен адамды достастыру, адам бойындағы жақсы қасиеттерді көре-сезе білу және дәріптеу болмақ. Жарық дүниемен қоштасқан адамды қазақтар ешқашан жамандамай «жақсы кісі еді» деп, әділ айтқан. Онда айтпағымыз: қандай адам болса да, оның бойында бір жақсы қасиет бар, яғни ол кісіліктің белгісі екені рас болып шығады.

Жаңа тұған наресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің менің басқа, яғни басқа мендерден адамдардан ажырата білуі тиіс.Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі мен дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды тұлға деуге болады. Тұлғаның түрлері сан алуан.Оның жақсы, озық, ерен,толымды,кемел немесе керітартпа, бұзық, жауыз.т.б. түрлері ьар.Халқы-мыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық. пен адамшылықтың басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамгершіліктің өлшемі деп түсінген. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған.Кісіліктің жалпы белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық., ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілдік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, үлкендерге сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Кемелдену адамда ұзақ уақыт пен
109

машық-дағды,терең білім болуды талап етеді.Жалпысын алғанда,қазақтың кемелдік ілімі тым тереңде жатыр.Оның педагогикалық-психологиялық негізін қазақ ғұламалары ертеден қалаған-ды.Әл-Фараби «Адамның мінез-құлқын кемелдендіретін іс-әрекеттер адамның тәнін кемелдендіретін іс-әрекеттерге ұқсайды. Тәннің кемелдігі – денсаулық, денсаулық бар болса, оны сақтау керек.Жоқ болса, оған жетуге тырысу керек. Тәнді сауықтыратын іс-әрекеттер тек қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа жетуге болады. Дәл осы секілді іс-әрекеттер де орта деңгейде болса, солар арқылы жақсы мінез-құлыққа ие боламыз» - дей отырып, тән сұлу-лығы адамның денсаулығында, ақыл, парасат күшінде және адамгершілік сапаларында екендігін баса көрсетеді.

Білімге бағытталған іс-әрекет­тер­дің барлығы әл-Фарабидің ойын­ша, белгілі бір кезеңде және қоғамда ілім мен тәжірибелік мүмкіншілік­тер­ді тұлғаның игеруі деп тұжы­рымдайды. Білім алудың басты мақ­саты – жеке тұлғаны кемеліне жет­кізу болса, ал әлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты – аб­солюттік жақсылық – жоғары дең­гей деп танылатын бақытқа жету.Мүлтіксіз тұлға, әл-Фарабидің ойын­ша, интеллектуалды білімін қо­рытындылайтын теория-лық ізгі­лік пен рақымшылықты, адамгер­шілікке толы тәрбиенің кемеліне жеткен тәжірибелік ізгілікті бойына сіңірген адам. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойын-дағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби «қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез-құлыққа жететінімізді қарастыр-уымыз керек» дей келіп, қоғамдағы әрбір құбылыс
шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні
110


сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттергекері ықпалын тигізеді. Әл-
Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.Бір сөзбен айтқанда,Фараби
адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айна-ладағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Мәселен, Әл- Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категория-ларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дары-ған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интел-лектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.Сондай-ақ Әл-Фарабидің «Мемлекеттік қайраткер-лердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыра-тынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылы-сынан бейім болуы мүмкін, оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады… Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймай-тыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллек-туалдық бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шын-дыққа сыймайды, ол мүмкін емес».
111

ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұн-ның «Құтты білігіндегі» «жауанмәрттілік» (ақыл) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде суретте- летінін байқауға болады:1.Әділет-Күнтуды 2.Дәулет (қайрат)- Айтолды уәзір 3.Ақыл-Өгдүлміш уәзір 4.Шаф-қат-Одғұрмыш (қанағат, рахым). еді Міне, Абайдың «тол-ық адам» туралы танымы да Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмал-аттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауанмәрттілік» ілімі және А.Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады»(Иоганн Вольфганг фон Гёте).


Кемелдену қазақ ілімі осылай жетіліп,Абайдың «Толық Адам» ілміне ұласты.Абай атамыздың ізбасар-ларымен шәкірттері бұл ілімді шыңдап,жетілдіріп, одан ары дамытты. Өлмейтін адам- Бақытты адам-Кісілік кемелдену-Махаббатқа малшынған,дертті адам-Кемел адам-Толық адам-Арлы адам-Білімді адам. Бұлар-тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын арқауы.Ол ешқашан үзілген емес.
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанын-да болады не ол өзіндік өмір сүреді» -деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні-ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім-үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан,орысша айтқанда совесть бар» дейді.Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік этикалық жағынан ғана емес,
116

жан. Дертті адамның А.Ясауи іліміндегі алатын орны


ерекше.Ол хикметінде “Білімің-шырақ, халің -пілте, көз жасың-жағатын май ” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді.А.Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат ). Бұл ибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Өйткені А.Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды .Сондықтан да А. Ясауи  «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді.Адамзаттың ішкі рухани адамгершілік дүниесі-нің негізгі формалары-үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.Адам...Адам болу -қасиетті атақ. Адам атың болған соң, сен-ата-анаңның, еліңнің,Отаныңның перзенті-сің. Отан алдындағы қарызың мен парызың-ең ұлы жауап-кершілігің. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай: Сүймек,сезбек,кейімек,Харекет қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйле-мек..Ақыл керек, ес керек, мінез керек...Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана“Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсылығың көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагоги-калық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо,Конфуций,: К.Д.Ушинскийдің ой-пікірлерімен терең қабы-сып жатыр.. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М. Қашқари, Қ. Яссауидің кемел адам жайлы ой-пікір-лерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады. VIII-IX ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдық-этикалық ілімінде парасатты адам
113

(инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және
«Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек-басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»-дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі-Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек.Ал,Әл-Фарабидің бұл ілімінің түп-төркіні қайда жатыр?«Адамзат ойшыл-дарының әр кезең, дәуірлерде айтылып жүрген тұжырым-дарының түпкі түйіні, темірқазығы-Аристотель жасаған қорытынды. Аристотельдің пікірінше, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық –ізгілік пен қайырым-дылық.Бұлар-кісіліктің өзегі мен өзі. Өзінің ғана қамын жеу өзімшіл, қайырымсыз адам-дар мен жан-жануар, жәндік, құс атаулыларға тән болса, өзгеге жақсылық, қайырым жасай білу– адамдықтың белгісі. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті-адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал  болмақ.
Аристотель адамзат баласының қажет етіп тұтынатын көптеген игіліктерін жинақтап үш-ақ топқа бөледі. Бір ерекшелігі, Аристотельдің игіліктерді жанға қатысты және тәнге қатысты деп жүйелеуі Абайдың жан қалауымен, тән қалауы туралы іргелі ойына негіз болғанға ұқсайды. Сөйтіп Аристотель игіліктерді жанға қатысты, тәнге қатысты және сыртқы игіліктер деп үш топқа бөледі. Жанға қатысты игіліктерге Аристотель ақыл менқайырымдылықты жатқызады да, тамақ, киім, байлық, мансап, атақ-даңқ т.б. секілді өзге екі топқа кіретін игіліктерді ақылдылық пен қайырымдылыққа жеткізер баспалдақ, көмекші санайды әрі жанға қатысты ақыл мен қайырымдылықты барша игілік-
114




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет