Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы



бет17/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607

ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды.
Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.Тұлға -жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және құбылмауы процесі. Балада анадан туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар(бұрын жоқ деп келдік Бұған қарсы пікір де бар «Баланы туғаныңмен мінезді тумайсың!»).
58

Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде толысып жетіледі(бұрын қалыптасады деп келдік) Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Біздің пайымдауымызша; тұқым қуалаушы-лық-ұрпақтың ата-тектен алған еншісі- биологиялық--рухани ұқсастығының белгісі,нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы және періште әкеліп салған жан арқылы беріледі. Қан арқылыата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыл-әрекет,тіл,діл,дін,мінездік нышандар ұласады.Жаратушыдан жолданған жан арқылы ата- тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды.Кейбіреулер бала-ның сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді., ал кейде музыкаға, биге, математикаға,тілге қабіл-еттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді жан арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай.Міне,осы нақты жағдайларды еске ала отырып,текті тұлға тәрбиелеу жолын айқындаймыз, Текті жан иесі атанған сәбиді текті тұлға(Кісі) болғанға дейін Қазақ педагогикасындағы тәрбиелеу ілімін тірек етіп алып,ұлы дала-ның ұлық ұстаздарының ұлағатымен баулимыз.Мысалы, Ы. Алтынсарин текті тұлғаға тән,жеті жақсы қасиетті атап көрсет-кен:Бiрiншi: Имандылық.Екiншiсi:Тұнық әдiлдiк.Үшiншісі: адалдық момындықБесiншiсi:адал ниет пен өсиет беру. Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық Барлық әлемдік діндерге тән қасиеттердің бірі имандылық.Оның түбірі иман, яғни ақиқатқа, шындыққа жетелер сенім тірегі, бар бет-бейненің, мінездің айнасы.Имандылық дегеніміз-нұрын шашып тұрған күн екен.Күнді иман ретінде танысақ, оның сәулелеріне не жатады екен?1.Әділеттілік 2. Тазалық 3. Мейірімділік 4. Сенім 5. Қайырым-

ылық 6. Ізгілік Бұлардың дені текпен беріледі,әрі жан басында
59

ады.Олар рухтың кемелденуіне сай “тәуба”, “қылует” “пақырлық”, “сабыр”, “иман”, “қанағат” – сияқты жеті түрлі сатыдан өтеді. Рухани тәрбиеден (сайр-ус-сулук – рух тәрбиесіндегі даму жолдары мен әдістерін қамтитын сопылық психотехникалық әрі практикалық мектеп) өтпеген адам “көңіл көзі ашылмаған” деп есептеледі. Бұл әл-Фарабидың тілімен айтқанда, “рух белсенді санаға көтерілмеген” деген сөз. Ондай адам тек нәпсінің қажет-тіліктері мен құлқынның құлы болудан әріге бара алмайды.  Адам бұл әлемге “көркем іс пен амал” шеңберінде сынақтан өту үшін жіберілген және жауапсыз жаратылыс емес, жауапкер-шілігі бар аманат тасушы болмыс. Олай болса адамның әлемдегі уәзипасы – өзінің діні бойынша “көркем іс-амалдар” атқару арқылы рухындағы сырлар мен “рухани күмбездердің” құпиясын ашып, “кемел адам” дәрежесіне жетіп, “таухид” шындығына ұласып, Ақиқатқа (Тәңірге) қауышу. Яғни, адам осы жолда бірнеше сатылардан өтуі керек. Иасауи бұларға “дариялар”, “асулар” деп қарайды.Олардың біріншісідін жолында көркем іс-амалдар атқару;екіншісірухтың сыры мен мәніне жету; үшіншісікемел адам болу; төртіншісітаухид шындығына жету;бесіншісі-Хақпен қауышу. Осы асулардан өту үшін әр түрлі психотехникалық-эмпириялық әдістер де қолданылған. Жалпы, сопылық дүниетанымдағы адамның басты мақсатына жету жолында қолданған әдістемелік жүйесіне қысқаша «өлмес бұрын өлу» деп анықтама беруге болады. Бұл жолды адам өз еркі және қалауымен таңдағандықтан, сопылар оған “ерікті өлім” деп те қарайды.Сопылық философиядағы “ерікті өлім” процесі “сайр-ус сулук” деп аталатын рух тәрбиесіндегі даму жолдары мен әдістерін қамтитын сопылық психотехникалық мектептен өтеді. Осы мектептен өтпеген адам физикалық (суфли-ең төмен) әлем мен метафизикалық (‘улви – ең жоғарғы) әлем арасында қалып қояды. Жаратылыс табиғаты жағынан адам жоғарыда айтылған екі әлемге де ортақ болғандықтан сопылық терминологияда адамды “көпір әлемі” деп те атайды. Сопылық тәжірибе адамға ішкі тазалық, рухани тыныштық, бақыт сыйлайды. Ал ішкі тыныштық адамға үш түрлі пайда береді:


64

лық психолог А.Маслоудың теориясының қарапайым сипаттамасы. Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген.Маслоу 5 деңгейлік қажеттілікті атап көрсетеді.1.Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.2. Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.3.Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.4. Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.5. Рухани:тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.


Мұны толықтырып көрсеткен жобалық көрсеткіш те бар:
1.Физиологиялық(ең төменгі)2. Қауіпсіздік3Махаббатбір нәрсеге тиесілілік.4. Құрмет.5. Білім алу.6. Эстетикалық 7.Өзінің маңы-зын түсінуӘр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приор-итеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.


Қазақ ұл-қыздарын:


1.Бек ұл,пәк қыз 2.Иманды ұл,ибалы қыз. 3.Құлықты ұл,қылықты қыз. 4.Батыр ұл,батыл қыз. 5.Ер жігіт,батыр қыз. 6.Өнерлі ұл,шебер қыз 7.Зиялы ұл,зиынды қыз. 8. Есті ұл,епті қыз.9.Айдарлы ұл,тұлымды қыз. 10.Айбарлы ұл,ақылды қыз».11.Ісмер ұл,істі қыз.12.Шешен жігіт,ақын қыз.13. Ақылды жігіт,арлы қыз.14.Намысты ұл,өрелі қыз.15.Өрелі жігіт, өнерлі қыз».16.Аяулы азамат,асыл жар.17.Қазақ жігіт,Қазақ қыз қатарлы тәрбиелеу мұраттарын алдарына қойып, өте нәтижелі тәрбиелеп келген.Тәрбиелеу қазақ ілімінде айқын мақсат,сенімді мұрат,жеткілікті үлгі-өнеге болғандықтан әркез тұрақты ұлт өкілі-қазақ азаматы қалыптасып отырған.Мұрат, мақсаты әрі қысқа әрі нұсқалы,айқын, сенімді болған.

61



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет