71
бұрылатыны тәрізді кейбір гүлдердің музыкаға еріпбұрылатынын анықтаған. Ғылымы шарықтап дамыған елде,ғылым жетістігін барлық орында ұтымды қолданатыны анық.Жапония мектеп-терінде, түскі үлкен үзілісте,келіп музыка,ән-күй тыңдайтын, тақпақ өлең тыңдайтын,аудио кітап окытатын, үн таспа еститін арнаулы бөлме,кабинеттер бар.Кәдімгі өзіміздегі шай ішіп,екі жапырақ балбауырсағын жеген адамдай,оған рахаттанып,рухани лаззат алған оқушылар,келесі сабаққа өте ынталы қатысады.Оларда ата-аналар мен балалар бірігіп 100 тақпақ,өлең,жыр жаттау деген ғұрып бар екен.Мұның бәрі адамдардың көкірек көзін ашуға арналған шаралар.Сондай-ақ,тіл өнерінің құдыретін түсінгені сонша,алғашқы мектепте шет тілін оқытуға тиым салып,кәзіргі жапон тіліне қосып көне жапон тілін қатар оқытады.Әдебиеті де солай.Бұл турадағы біздің жағдайымыз,айтпасада түсінікті ғой...
Халқымызда ауыз әдебиетінің ішінде ең көп тарағаны - өлең. Оның адам өміріндегі маңызы туралы ұлы Абай былай деген: «Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең».
Бұл жерде ақын сөзінің өлеңге, өскелең өмірімізге тікелей қатысы бар. Ана әлдиі, бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, мереке, салтанат кештері, ақыр соңында, адамның дүниемен қоштасуы – бәрі-бәрі көз алдыңыздан өтеді. Мұның бірі - қуанышты, бірі мұңды болып келгеніне қарамастан, бәрі адамның жүрек тебіренісі мен сезім-түйсіктерінің оянуымен байланысты.Бұларсыз адамның көкірек көзі ашылмайды,жан сарайы қуаттанып,қоршаған әлемді тани алмайды.Ал,Қорқыт Ата өнерді игерсең, дәлірек айтқанда,күй өнерін иеңгерсең, ажалдан да құтыласың,болмағанда ғұмыр жасыңды ұзарта аласың деп өсиет қалдырған.Осыны есте тұтқан қазағым: «Рухтана шапқан казақтан ажал да сескенеді»-деген ғой!Фараби бабамыз, музыка құдыретін жете ұғынып,халқына оны игертудің амал-айласына қатысты тоериялық және пракиткалық оқулығын жазып қалдырды.Алайда оның игілігін, европалықтар бізден бұрын көрді, бұл оқулық Европада ешбір өзгеріссіз
76
тылық дамуы да осы көкірек көзінің ашылуына байланысты.Халықтың рухының асқақатауын, кемел-дене бастаған-дығын оның барынша қоғамдағы рухани құнды-лықтарға мән беріп, маңыз беріп солар-ды жетілдіріп, өркен-дету жолына түскенінен және адамаралық қатынас-тағы терең адамгершілік прин-циптерді көкке көтере бастағанынан, аңғар-уға болады
.Бұл тұрғыдан алғанда Абай заманында қазақтың қай деңгейде болғаны айтпасақ та түсінікті. Мешеуліктің басты бір себебі қара танымаған көзде ғана емес, құлақтың құлқында деп білген ақын сол мінді түзетуге күш салды. «Көңілсіз құлақ, ойға олақ» деп дүрыс тыңдай білмеген адамның не жақсы, не жаман екенін ұға алмайтынын, құлақ көңілді болмай санаға сәуле түспейтінін, көкірек көзінің ашылуын қиындатып, ойлау күшін тежейтінін оңай жатталып, жадында жақсы сақталатын асыл сөзбен еске салды. Ала білу мен бере білуді тең ұстау, зорлық-зомбылыққа қатаң тыйым салған әділетті қоғам болу үшін оның әрбір мүшесінің көкірек көзі ашық, жақсылыққа құштар жаны ізгі болуға тиіс. Сондықтан да Абай: « Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп кесіп айтқан. Адам болған соң оның надан болуы кешірілмес айып деп білген. Жаратушы құдайынан тілегені, бар арманы туған халқының көкірек көзін ашып, надандықтан құтқару болған. Ұлттың адамзат көшінде өзіне лайықты орын алып, замана талабына сай өркендеуі үшін белгілі адамдар тобының надандықтан құтылып, парасатты азамат болуы жеткіліксіз. Ұлттың өзгелермен терезесі теңелуі үшін оның ұлттық сана деңгейі көтерілуі шарт. Жалпы ұлт жетілмей, қараңғылық тұманы басып тұрғанда талаптылардың көбін сол тоғышарлық құрдымы тартып кетеді. Осыны көкірек көзімен көре білген ақын «халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» деп күйінішін айтып кеткен. Адаммын деп жүрген әрбір азаматқа ұлт деңгейін көтеру үшін оның көкірек көзін ашуға қызмет ет деп өсиет қалдырған. Туған халқының болмыс-бітімін бейнелеп, тайға басылған таңбадай көрсете отырып, көкірек көзін ашуға бар күшін, өнерін жұмсады.
73
Қазақ үшін өнер де өнер-сөз өнері,саз өнері,ән-күй,жыршы-лық,ақындық, шешендік, қол өнері басқа ұлттарға қарағанда өз ерекшелігімен өте биік дәрежеге жетуінің негізгі себебі ұлттың көкірек көзін ашу қажеттілігі еді.Мысалы, саз бен әуен адам бойындағы мүлгіп жатқан жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына тыныштық сыйласа, шаршағанда жүйкесін дем алдырып,ойына көркем пікірлер салады Ән - күй. Бала бесік жырын тыңдап өсуі тиіс. Өйткені, алғаш рет баланың жан сезімін тербейтін, рухани жігер беретін – халық әуені. Қазақтың ән - күйлері сарынды, кең тынысты, шалқымалы болып келеді. Жанға жағымды нәзік әуендер адамға эмоционалдық - эстетикалық әсер береді Абайдың:
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй», - дегеніндей кейбір әуендер мен әуездер ешбір сөз айтылмаса да, адамның ішкі дүниесіне ағыла құйылып, өзінше бір әлемге жетелеп терең ойға шомдырады. Мысалы, қазақтың кейбір күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең байтақ жер мен ондағы әсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңіл-күйді білдіретін, жауған жаңбырдың тырсылын елестететін, көңіліңді сергітіп, керемет ойға жетелейтін жұмсақ та нәзік әуендердің бар екені баршаға белгілі. Отанды,бірлікті, ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне байланысты, адам баласын адамшылық пен имандылыққа баулитын музыка мен әндерді тыңдау әрі айту ұлттық салтқа, айналып,жалпы халықтық сипат алуының тереңіне үңілсеңіз,оның жалпақ жұрттың жан сарайын,қөқірек көзін ашу талабынан туындағанын байқаймыз. Біздің халқымыздың музыка өнері және оның адам сезіміне әсері мен қуат күші жайында айтылған түжырымды ой мен татымды пікірлерінің бастауында Әбу насыр әл-Фараби тұрады.Сан ғаламға негіз боларлық ой қалдырған бабамыздың саз өнері жөніндегі«Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдылығынан айырылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге,
74
Достарыңызбен бөлісу: |