Ана тілі халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғас-тырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады


1.5§КІСІ қалыптастыру,оны өңдеп жетілдіру кезеңдері



бет22/31
Дата30.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106736
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
000c3324-ffd9c607

77

1.5§КІСІ қалыптастыру,оны өңдеп жетілдіру кезеңдері

Адамның жас ерекшелігі туралы айтылған пікірлерде Шәкерімнің: «балалық шақ,ересектік,қарттық» деген топтауы ауыз әдебиет үлгілерімен сабақтас болса бала жасын тікелей топтаған Ә.Дибаев ақсақал болды. (А.Диваев. «Игры киргизских детей»1905)Ол ,қазақ балалар ойынын зерттей келіп жасөспірімдерді сол кездегі ғұрып бойынша :1-7 жасқа дейін- сәби,7-15 жасқа дейін-бозбала, 15-30 жасқа дейін жігіт-деп топтап,қазақ ойындарын: сәбилер ойыны; бозбалалар ойыны:жігіттер ойыны деп бөлді.


Қаныш атамыздың сөзімен айтқанда: біздің «академик–әжелеріміз» тұқымның жатырдағы дамуын былай сипаттайды: «Үш күндік жүктілік қазақтарда «тумақи»  (әлі туылмаған) деп аталады, яғни бұнда болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік басым.Жүктіліктің жетінші күні «көбік» деп анықталады. Мұнда адамның көбіктен жаралады деген көзқарастың басымдылығы, яғни ол келер қырық күн ішінде ұйығанға айналады деген ұғым бар.Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың материясы қалыптасады, ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрықтың шеміршектері пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады. Төрт айда шарана адам әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала бастайды, яғни балаға жан кіреді(кім,қайдан әкеліп салады?). Жеті айда шақалақ атануға дайын.Сегіз айлық шарана өмір сүрмейді.Тоғыз ай,тоғыз күнде жарық дүние есігін ашады» Адамтану қазақ ілімінде текті жан –толықсыған кісі болып тумайды. Кісі болып қалыптасу үшін дамудың көптеген сатыларын басып,кезеңдерінен өтуі тиіс.Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады.Қауым арасында бала жасын былай атап,төмендегіше топтайды.Бір жас аумағында-шарана, щақалақ,нәресте атаулары қолданылады. Бір мен екі аумағында ,қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді. Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар
78

бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп.Мысалы, тәттім, томпағым,торғайым, балапаным,қозым,гүлім,айым,күнім,жары-ғым,жұлдызым қатарлы қазақ ананың санына сай бүлдір-шіндерді еркелетіп атайтын өз есімдері бар болған.Осы шақтағы сәбилер табиғаты осылай аймалап, өбектеп, еркелетіп қолпа-штап, қолтығынан демеп, көкке көтеріп талпындырып отыр-ғанды қалайды.Еңбектеуге таяғанда қолды-аяққа тоқтамай талпынып,ұшып кете жаздайды.Мұны қазақтар «қанатты» шақ дейді.Осы жағдайды білмейтін талайлар нәрестенің қанатты шағында оны «ұшырып» құлатып та алған.Үштен бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала,балақай, 3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала,бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады,Бұл жас ерекшеліктерін алдыңғы тақыроыптарда терең талдаған-дықтан мұнда жалпылымы сипат беріледі.)Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар.Қыз айттырылғаннан кейін қалыңдық аталуымен қатар, құдалық рәсім жасалып, қалыңдықты болғандар күйеу бала атаып,жас жігіт, күлше қыз атауы олардың абырой атағын, айбарымен намысын ала келеді.Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар-үлкен жауапкершілікпен, борышпен,ар-ұятпен, міндетпен астарласып тұратындықтан оның бет-беделін,намысын сақтау үлкен ерлік пен ыждақатты тілейді.Бұл атаулар қазақ үшін аруақты да,ардақты рәміз саналады.Алпысқа келген сарыкідір әйелді де ұлықтағысы келсе:«Әй,біздің қыз!»-деп шақырады,абыройын арттырғысы келсе де:«Әй, біздің қыз»-деп қаратады.Ал, ерлерді алпыстан асса да, «отағасы, елағасы,жігіт ағасы»-деп құрмет көрсетеді.


Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін, қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім, көрсететін үлгі-өнеге, игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып, өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған. Қазақ ата-аналар,бала дамуының әр кезең ерекшеліктерін өте дұрыс
79

жылан, жатпа-жылқы,қарап-қой, мойыма–мешін, тайма-тауық, именіп-ит,ділмардан-доңыз.


Бірінші мүшел-13 жас(балалық шақ, азамат қалыптасудың ірге тасы қаланады Қазақ атамыз,сәбилік , балалық шақтан соң жастық шақты атайды.Ол-онбестен жиырма бес жасқа дейін Он үште-отау иесі деген сөз бар.Бұл есеюдің басыЕртеде әке-шешеден бірдей айырылған,бірнеше балалар топтасып жетім қалатын жағдай да болатын.Егер,осы балалардың ортасында он үшке толғаны жоқ болса,ағайын-туыстары олардың мал-мүлкін бөліп алып, асырап бағатын.Балалардың біреуі он ұшке толған болса,ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа шығарып,ол шаңыр-ақты не ұлға,не күйеу балаға бастыратын.Олар бауырларын асырап бағып,қатарға қосатын-ды.Шаңырақ басқан күйеу-күшік күйеу болмайтын.Балдызының алды 13-15 ке толған соң, оны отау иесі болдырып,үйлендірген соң өз ата-анасына,еліне,руына кететін-ді.Он үш жаста өз басын ғана емес,бір шаңыраққа ие болатын,бауырларын асырап баға алатын дәрежеге жеткізіп, қазақ ұрпағын өмірге дайындаған.Бұл салт шығыс жұртының көпшілігінде болған.Осы дайындықтың игерілу дәрежесін жыл сайын Наурыз айында жастардан емтихан алып,сынақтан өткізіп отырған.Мысалы,осы шақта қыздардың күресіне дейін ұйымдас-тырған.Бозбалалар мен бойжеткендердің үйренген өнерін,алған біліміне бақылау жасаған.
Екінші мүшел-25 жас.(Ұлтжандылықтың ұшқыны алаулаған шақ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу,азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы.Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің,талап жігердің алаулау жасы.Жігіттік шақ халық талқы-сына түскен,жамағаттың сынынан өтіп, танылуы тиіс кезең. Сондығынан болар,Жігіт сыны,қыз сыны, әйел сыны,жігіт сұлтаны,азамат байқауы, додасы, сынағы, жарысы қатарлы сан түрлі әйгілену, анықталу,шаралары өмірге келген,оларға қойы-латын талаптар мен сынақтар жасалып, оларды өткізу тәртібі, ережесі ұсынылған.Осылай жұрт тезінен өткен жігіттер мен қыздар КІСІ болып қалай қалыптасып келе жатқанын қауымға



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет