әкесінің сасып отырғанын сезіп: "Батырға өзім барып жауабын беремін", - деп бір топ қызбен төбе басында отырған Қоныс
85
батырға барады. Батыр оларды менменсіп қарсы алады. Тана қыз:- Айттырар мырзамыз қымсынып отыр ма, әлде қырсығып отыр ма? - деп тіл қатады. Қоныс батыр ашуланып:- Сен қыз алдымды орап, арбамай, ақтық байламыңды айт, - дейді. Тана:- Ашу - дұшпан лағынет,Сабыр ет, батыр, сабыр ет.Тоты құстай таранған,Көз тояттар көркім бар.Семсерден өткір сертім бар,Соны айтайын алдымен,Жігіт болсаң, сөз тыңдар. Мені ұнатқан жігіттің басты екі қасиеті болуын қалаймын. Алдымен ақылдылығыңды, содан кейін батырлығыңды сынай-мын. Осы екі сыннан өтсең, мен сендікпін, - дейді. Бұл шартты Қоныс батыр құп алады.Тана:- Ер жігіттің үш серігін, адам бойындағы алты асыл қасиет пен үш асыл мінезді білесің бе? Өмірдің арқауы, өркені, өзегі не? Тірліктегі үш байлық пен тоғыз жамандықты айт, - деп сауалдар қояды. Батыр бұларды шеше алмайды. Сонда Тана қыз солардың жауабын өзі төмендегіше шешіп береді:- Ер жігіттің үш серігі:Айнымас адал жұбайы,Астындағы аты сапарлас болса ұдайы, Шыңдалған ақыл-айласы,Шымырлап тұрса шынайы.Адамдағы алты қасиет:Зерде - зейіні тылсым сырларды ұға алатын,Өнер - өрісі өмірден әперер сыбағасын,Тапқырлық - талап, ерлігі дұшпанға найза сұға алатын,Жігер-күші - аяқтан шалғанды жыға алатын,Қайрат - қаруы қиындықта сынал-атын,Білім қанаты - биікке бастап шығар-атын. Үш асыл мінез:Шыншыл болсаң - қол жетпес шыңда
өскен шынарсың,Әділ болсаң - аңқылдақ, ізгілікке құмарсың, Адал болсаң - ақжарқын, жақсы іске билік қыларсың.Өмірдің арқауы, өркені, өзегі: Адам өмір сүруі үшін –су, от,тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді,от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл –мәнін береді. Ханнның ақылы тағында,Әкімнің ақылы жанында,Ғалымның ақылы басында, Ананың ақылы жасында,Жігіттің ақылы жақсылығында, Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.Тоғыз жауың тағы бар:Басты жауың - жалқаулық, сорлататын жаныңды, Осалдығың - аңқаулық, соқтыратын саныңды,Жасқаншақ болсаң-ұры алар, қоралап қойған малыңды,Жалатқызбас жасық
86
тық -аузыңдағы балыңды.Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғал-тарсың арыңды,Өсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды.Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды , Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды, Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды.
Адамдардың сана-сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру, оның тәжірибесі мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты қалыптасады. Әрбір КІСІ, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс болған. Егер адамның түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді. Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани мәдениетінің барлық бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол жан-жақты дамыған салауатты азамат болады. Ол адам қоғамдық өмірдің барлық қарым-қатынастар саласында, барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқанМысалы, .қазақта:-бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін білу;-жеті атасын сара-лап,тегін тектей алу;-сегіз парыз-қарызды өтеу;-тоғыз жаудан аулақ болу;-он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адам-КІСІ дәре-жесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі.Бұлардың сырт-ында,қазақ ғалым-ғұламаларының,ойшылдарының ақын-жырау-лары мен би-шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап,терең түсініп, ұлағат еткендер ғана КІСІ аталатын.Арамызда,ата сақалы аузына шыққан аталар мен самайын ақ шалып,әже аталса да,КІСІЛІК дәрежеге көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі текті тұлға өңдеп жетілдіруде,тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі екені жасырын емес.Айталық:
1.Жастықтың қадірін білу:жастық шақ–қайта айналмас
87
нәр беріп,көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің туымыз, ұранымыз. Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыстыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтеретін, рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі, біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық.-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?- дегендерге: -Адал достық
өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады.,адал дос қашан да жаныңнан табылады. Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды». А.Байтұрсынов:
Адамға адал жолдас табу қиын
Көбісін дос жасайды ақша,бұйым,
Досым деп көрінгенге сене берме,
Ахмет,бар болса егер баста миың.
6.Қолда бардың қадырін білу:айналадағы әке-шеше,ағайын туыстың ғана емес ел-жұрт,қауым-қоғамдағы өнер-білімі асқақ,ой-парасаты өрелі,адамшылығы жарқын,мінезге бай өнегелі жандарды қадірлеп,оларға сүйеніп КІСІлік қалпын игеру,солардың айтқанына көніп,үйреткенін үғу баршаға парыз болған. «Қолда барда алтынның қаджырі жоұ,қолдан шығып кеткен соң,өкінлім-ай»-демекші барында естілер мен білімді-лерден естіп біліп,үйреніп қалу абзал борыш.Абай атамыздың «Егер есті кісі қатарында болғың келсе,өткенге ой жібер, «күніне бір мәртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір , өзіңнен өзің есеп ал», «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге,не ахиретке,не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппін деп ой
92
Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім
өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім-қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.( Б. Бұлқышев)
Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалып-тасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек.
4.Халықтың қадірін білу;Халық күллі бақыт-байлық-тың қамбасы,дүниенің қожасы екенін шынайы түсінуге тиіспіз. Халықсыз қара жерде құлазитығын ұғыну.Көппен көрген ұлы -той.Елдің күші –селдің күші.Жаңғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.Көпті жамандаған көмусіз қалар.Бас жарылса бөрік ішінде,қол сынса жең ішінде.Мұның бәрі халық үшін,елің үшін,Отаның үшін еңбек етіп,баршаға пайдаңды тигізіп,ұлтыңа жан ашырлықпен,ұлжандылықпен қараудың қарапайым ереже-лері.Бұл асыл қасиеттер бала бойына,жас шағынан,ана сүтімен сіңісіп,КІСІ болып қалыптсасу барысында толысуы тиіс.Төртеу түгел болса төбедегі келеді,алтау ала болса ауыздағы ктеді. Береке бірлік қайда болса,ынтымақ игілік сонда топтасады.
Достарыңызбен бөлісу: |