«Ана тілім –асыл қазынам» «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын кешегісі, бүгінгісі ғана емес, ертеңгі де тағдыры»



Дата23.08.2017
өлшемі38,88 Kb.
#25132
«Ана тілім –асыл қазынам»

«Тіл дегеніміз-қай халықтың

болмасын кешегісі,

бүгінгісі ғана емес,

ертеңгі де тағдыры»

Б.Момышұлы
Гастелло орта мектебі Тілдер мерекесін ерекше атап өтті. Осы мерекеге байланысты көптеген іс-шаралар өткізілді.

3-14 қыркүйек күндері, 1-11 сыныптар аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күні мерекесіне арналып, барлық сыныптарда «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Ана тілім-ардағым» атты тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.

5 «А» сыныптың жетекшісі Халибек А. және 5 «Б» сыныптың жетекшісі Мусина А.А. ұйымдастыруларымен, «Ана тілің-ардағың» атты тақырыпта мектепішілік жиын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Жиында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, оқушылар тілге байланынысты әдеби-монтаж қойды. Бірнеше тілге байланысты тақпақтар айтылып, көріністен үзінділер көрсетілді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Зейникенова З.С. «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» атты тақырыпта баяндама оқылды.

Сонымен қатар мектебімізде тіл мерекесіне арналып, кітапханашы Елкеева Жанар Тұрғаналиқызының жетекшілігімен, көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің негізгі мақсаты-болашақ жас ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуына байланысты өткізілді.

Қазақ тілі мен орыс тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен, 9-11 сыныптар аралығында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тақырыбында шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Шығарманы жақсы жазған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Атап айтсақ, Зейнолла Оразхан, 10 «А» сынып оқушысы-1 орын, Рахат Әлия 10 «А» сынып оқушысы-1 орын, Сақтапберген Айбат 10 «А» сынып оқушысы-2 орын, Қауетаева Дамила 8 «А» сынып оқушысы-1 орын, Қабиденова Зарина 8 «А» сынып оқушысы-1 орын, Қошқар Зарина 8 «А» сынып оқушысы-2 орын, Әуез Нүргүл 7 «А» сынып оқушысы-1 орын, Рева Екатерина 8 «Б» сынып оқушысы-1 орын, Жақсыкелдинова Мерейлім-2 орынды иеленді.

5-6 сыныптар аралығында Нұрмағамбетова Ақбаян Мейрамханқызының ұйымдастыруымен, «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту. Сабақ интерактивті тақтада өтті. Ашық сабақта сынып екі топқа бөлінді. «Балдырған», «Балдәурен» топтар жарысқа түсті. Жарыс мынадай кезеңдерден тұрды. «Бәрін білгім келеді», «Тіл өнері», «Жалғасын тап», «Естілерден қалған есті сөз», «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Оқушылар ашық сабаққа белсене атсалысты, өз ойларын еркін түрде жеткізе білді. Ашық сабақ соңында жеңімпаздар анықталды. 1 орынды «Балдырған» тобы, 2 орынды «Балдәурен» тобы иеленді.

5-6 сыныптар арасында Зейнекенова Зәуреш Сүлейменқызының жетекшілігімен, «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, ауызекі сөйлеу тілдері мен сөздік қорларын дамыту, тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Сабақ интерактивті тақтада өтті. Сабақта тіл туралы тақпақтар мәнерлеп оқылды, әр түрлі қазақ тіліне байланысты тапсырмалар орындалды.

9-10 сыныптар аралығында «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және іргетасы», «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» атты тақырыптарда үздік мақалалар байқауы болды. Оқушылар мақала жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді. Жақсы жазған оқушылар мақтау қағазын иеленді. Атап айтсақ, Жақан Диана 7 «А» сынып оқушысы-1орын, Әуез Нүргүл 7 «А» сынып оқушысы-1 орын, Рахат Ғалия 5 «А» сынып оқушысы-2 орын, Қабиденова Мәдина 5 «А» сынып оқушысы-2 орынға ие болды.

«Ұлтым басқа-тілім қазақ» атты тақырыбында мақала байқауы ұйымдастырылды. Мақаланы жақсы жазған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Быстрова Алена 7 «Б» сынып оқушысы-1 орын, Потрух Анастасия 7 «Б» сынып оқушысы-1 орын, Бейль Кристина 7 «Б» сынып оқушысы-2 орынға ие болды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен, «Достықтың терең тамыры» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, тілдің қадір-қасиетін бойларына сіңіру.

5-10 сыныптар арасында, Нарыбаева Ш.Ж. және Жалилова Н.В. ұйымдастыруларымен, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты тақырыпта, тіл мерекесіне арналған көркем сөз шеберлерінің байқауы өткізілді. Байқауға қазақ және орыс сынып оқушылары да атсалысып, өз шеберліктерін көрсетті. Өлеңді мәнерлеп оқып, жақсы айтқан оқушыларға мақтау қағаздары берілді. 6 «А», сыныбы-1 орын, 5 «А» сыныбы-2 орын, 8 «Б» сыныбы-3 орынды иеленді.

Сурет пәнінің мұғалімі Уәлиев Ә.Қ. ұйымдастыруымен, «Бір шаңырақ астында» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар суретті өте айшықты және көркем сала білген. Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұратындығы суретте анық салынған. Жақсы сурет салған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.



Қорытындылай келе, біздің тіліміз – көңіл көкжиегінің қай биігіне де еркін шарықтап шырқай алар, самғай алар сұңқар тіл. Оған дәлел – осы күнге дейін замана дауылдарынан аман өтіп, бүгінгі ұрпаққа ұлағатымен, салтанатты салтымен, мерейлі мәртебесімен, құнарлы қуатымен жеткен қасиеттілігі деп есептейміз. Әрқашанда ана тілімізді құрметтеп, мақтан тұта білейік демекпін.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нұрмағамбетова Ақбаян Мейрамханқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет