Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет27/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

» 
деп аталады
 
(34 сағат, 
аптасына 1 сағат), 8-сыныпта – 
«
Экоүй
» 
(34 сағат, аптасына 1 сағат), 9-сыныпта 
– (34 сағат, аптасына 1 сағат).
«
Физикалық экономика
»
курсы материалдық (физикалық) өндіріс 
шеңберінің ерекшеліктері мен даму принциптерін оқып-үйретеді. Курстың 
мақсаты – адамзаттың Жер бетінде ұзақ болуын қамтамасыз ететін үздіксіз 
ғылыми-технологиялық прогрестің базасында «нарықтық себетті» сандық және 
сапалық жақсарту.
Оның ішінде есептерді шешу әдістерін оқып-үйренуге, физикалық 
эксперимент негізінде есептерді құруға және шешуге арналған 11-сыныпқа 
арналған қолданбалы курстар да бар, мысалы, «Физикалық есептерді шешуді 
жүйелеу» (авторы Ж.Б. Даужанова). Курс физика бойынша эксперименттік 
және тестілік тапсырмаларды шығару дағдыларын қалыптастыруға ерекше 
көңіл бөледі. Курс оқушылардың физикаға, физикалық есептерді шығаруға 
қызығушылығын арттырады.
Қолданбалы курс оқушылар жиі кездесетін шынайы қиындықтарды есепке 
ала отырып, физикалық есептерді шығаруды оқытудың тұтас және жүйелі 
амалдарын қамтамасыз етеді.
Р.Т. Қоспанова мен Р.Х. Абдрахманова әзірлеген 10-11 сыныптарға 
арналған «Биофизика» таңдау курсы ғылыми-жаратылыстану цикліндегі екі 
пәннің – физика мен биологияның кіріктірілуіне арналған. Кең көлемді 
танымдық 
материал, 
түрлі 
биофизикалық 
құбылыстардың 
анализі, 
эксперименттік тапсырмалар, сонымен қатар, шешуі үшін қалай физиканың, 
солай биологияның білімі қажет тапсырмалардың саналуан түрлері ұсынылған.
Курста физикалық заңдар мен адам ағзасында жүретін үдерістер 
арасындағы байланыс қарастырылады және биомеханиканың кейбір сұрақтары 
қарастырылған. Мысалы, ірі ұлпалар мен мүшелердің механикалық қасиеттері, 
сонымен қатар, тұтас ағзада қалай жүрсе, мүшелерінде де солай жүретін 
механикалық құбылыстар, адамның және жануардың дыбысқабылдаушы, әрі 
дыбыстүзуші құрылымы мен жұмысын зерттейтін физиологиялық акустиканы 
қарастыратын биофизика бөлімі.
Курста зерттеуші сипаттағы лабораториялық жұмыстар, оқушылардың оқу 
жобаларын орындау кезіндегі өзіндік жұмыстары орын алған. Авторлар жеке 
бөлімдердің мазмұнынан тұратын толық курсты ұсынады.
Жүргізілген таңдау курстарының талдауы көрсеткендей:
– мкурс оқушылардың білім, білік, дағдыларының функционалдық 
дамуына, тұлғаның креативті қасиеттерінің қалыптасуына жеткіліксіз 


47 
бағытталған;
– курс базалық оқу бағдарламаларында жоқ аспектілер мен тақырыптар 
бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеруді жеткілікті қамтамасыз етпейді;
– зерттеушілік ізденіске және өзіндік шығармашылық іс-әрекетке 
бағытталған курстар жеткіліксіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет