Аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Тәжірибе. Тионинның фотохимиялық тотықсыздануы



бет50/113
Дата07.02.2022
өлшемі28,61 Mb.
#85387
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   113
Байланысты:
УМКД по АФКХ для вет

2 Тәжірибе. Тионинның фотохимиялық тотықсыздануы
Жұмыстың мақсаты: жарықтың әсерінен химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын анықтау
Құрал-жабдықтар: көлемдері 500мл және 1000мл өлшеуіш цилиндрлер, 500мл-к химиялық стакан, жарық көзі (300-500Вт шамы), қара қағаздан жасалған қалпақ.
Реактивтер: тионин (0,02г 100мл суда ерітеді), темір сульфаты (2г FeSO4*7H2O 500мл суда ерітеді), күкірт қышқылының (1:5) ерітіндісі.
Жұмыс барысы:
Стаканға темір сульфатының 480 мл ерітіндісін құйып, оған тионин мен күкірт қышқылының ерітінділерінен әр қайсысынан 10 мл қосады. Ерітіндіні араластырған соң ол күлгін түске боялады. Енді ерітіндіні жарықтың астына қойғанда, ол бірден түссізденіп кетеді. Егер сол стаканды қара қағаздан жасалған қалпақпен жауып қойса, бірнеше секунд ішінде ондағы ерітінді қайтадан күлгін түске бояла бастайды. Бұл операцияны көп рет қайталауға болады.
Түсініктеме. Тиониннің (C12H9N3S) фотохимиялық тотықсыздану реакциясы келесі теңдеу бойынша жүреді:
Fe2+ + тионин  Fe3+ + тионин (тотықсыз)
күлгін бояу түссіз

Реакция сол жақтан оң жаққа қарай тиониннің жарық сәулелерін сіңіруімен жүреді. Ал кері реакция қараңғыда өтеді. Қышқыл ортада тионин пурпурлы катион түзеді. Тионинге бір электрон қосылғанда ол түссіз семитионинге айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет