Анатомия – 120 ом


Арқаның беткей орналасқан бұлшықет тері



бет51/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

Арқаның беткей орналасқан бұлшықет тері
Арқаның бұлшықеттері иық белдеу сүйектері мен тоқпан жілікке бекитін беткей және тереңде орналасқан бұлшықеттерден тұрады
1. Трапеция тәрізді бұлшықет, m. trapezius, ол арқаның жоғарғы бөлігінен шүйде сүйегіне дейінгі аралықта жалпақтау және үшбұрышты екі жақтылық ==пбұлшықеттен тұрады. Екі жақтылық бұлбұлшықет трапеция тәрізді болып келгендіктен солай аталады. Бұлбұлшықет, бүкілкеуде омыртқалардың арқа өсінділерінен және желкелік сіңірден, lig.nuchae, және шүйде сүйегінің жоғарғы желкеліксызықшасынан, linea nuchae superior, басталады. Трапеция тәрізді бұлшықеттіц бас, мойын мацынан басталатын бұлшықеттік талшықтары төмен бағьггта бағытталса, кеуде маңындағы
талшықтары латералды бағытта өтсе, төменгі кеуде мацындағы топ талшықтары өрлеме бағытта өтіп, бұғана сүйектіц акриомальды ұшы мен жауырынныц акриомалды өсіндісіне және жауырынныц қырқасына барып бекиді, төменгі бөлігініц талшықтары жиырылған кезде жауырынды бір-біріне жақындатып, көтеріп, бас пен мойынды шалқайтады. Бір жақты жиырылған кезде бетті жиырылған жағына қарай бұрады.
2. Арқаның аса жалпақ бұлшықеті, m. latissimus dorsi, ол арқаның төменгі бөлігінде орналасқан, сыртқы пішіні жалпақ, үшбұрыш тәрізді болып келген. Бұл бұлшықеттіц жоғарғы бөлігін трапеция тәрізді бұлшықет жауып орналасса, қалған бөлігі ашық және беткей орналасқан. Бұл бұлшықеттіц талшықтары төменгі 4-5 кеуде омыртқаныц және бүкіл бел омыртқаныц арқа өсінділерінен, мықын сүйегініц қырқасынан және сегізкөздіц орталық қырқасынан тісшеленіп, төменгі 3-4 қабырғалардан басталады. Жоғарғы бөлігініц бұлшықеттік талшықтары горизонталды бағытта өтсе, төменгі бөлігініц бұлшық ет талшықтары өрлеме бағытта отіп, жинақтала келе тоқпан жіліктіц кіші төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi minoris, барып бекиді.
Қызметі: қолды томен қарай түсіріп, томен түсірген қолды артқа тартып және ішке қарай бұрады. Қолды мықтап ұстаған жағдайда, бұл бұлшықеттердіц тісшеленген төменгі 3-4 бөлігі тұлғаны көтеріп терец дем алуға қатысады.
3. Ромб тәрізді үлкен бұлшық ет, m.rhomboideus major, трапеция тәрізді арқа бұлшықетініц астында орналасқан. Сыртқы пішіні ромб тәрізді бұлшықеті деп аталуы сол себепгі. Бұл бұлшықет жоғарғы төртінші кеуде омыртқаныц арқа өсіндісінен басталып, томен бағытта бағытталынып жауырын сүйегініц медиалды қырына барып бекиді.
Қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай тартып, жоғары қарай көтереді.
4. Ромб тәрізді кіші бұлшықет, m.rhomboideus minor, төменгі екі мойын омыртқаныц арқа өсіндісінен басталып, жауырынныц медиалды қырына барып бекиді.
Қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай тартып, жоғары қарай көтереді.
5. Жауырынды көтеруші бұлшықет, m. levator scapulae, ол жоғарғы төртінші мойын омыртқаныц көлденец өсінділерінен басталып, томен бағытга өтіп, жауырынныц жоғарғы бұрышына барып бекиді.
Қызметі: жауырынды көтеру мен қатар омыртқа бағанасына жақындатады. Жауырынды мықтап ұстаған жағдайда, оломыртқаларды жиырылған жағына қарай таргады.
6. Арқаның артқы тісшеленген жоғарғы бұлшықеті, m.serratus posterior superior, ол ромб тәрізді бұлшықеттіц астында орналасқан. Бұл бұлшықет төменгі екі мойын омыртқаныц арқа өсіндісі мен жоғарғы екі кеуде омыртқаныц арқа өсіндісінен басталып, томен және латералды бағытта өтіп, II-V қабырғалар бұрышыныц латералды қапталына барып бекиді.
Қызметі: II-IV қабырғаларды көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терец дем алу қызметін атқарады.
7. Арқаныц артқы, тісшеленген төменгі бұлшықет, m.serratus posterior inferior. Ол арқаныц артқы тісшеленген жоғарғы бұлшықеті жалпақтау келіп, арқаныцасажалпақ бұлшықетініц, m.latissimus dorsi, астында орналасқан. Бұл бұлшықеттің бұлшықеттер талшықтары арқаныц арқа-кеуде фасциялық қабықшасының fascia thoracolumbalis, беткей табақшасынан және төменгі екі кеуде омыртқа мен жоғарғы екі бел омыртқалардың арқа өсіндісінен басталады. Бұлшықеттер талшықтары қиғаш бағытта төмен және латералды бағытта өтіп, тісшеленіп, төменгі төрт қабырғаныц сыртқы бетіне барып бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет