Анатомия – 120 ом



бет53/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì

Қызметі: жауырынды алға, төмен тартса, иық белдеу сүйектерін бекем ұстаған жағдайда 2-5 қабырғаларды көтеріп, терең дем алуға қатысады.
3. Бұғанаастылық бұлшықеті, m.subclavius. Ол бұғана сүйегінің астында параллель бағытта орналасқан. 1-қабырғаның шеміршекті бөлігімен сүйектік бөлігінің түйіскен жерінен басталып, горизонтальді бағытта өтіп, бұғана сүйегінің акромиальді өсіндісіне, processusacromialis, барып бекиді.
Қызметі: бұғана сүйегін төмен медиальды бағытта ығыстырады. Иық белдеу сүйектерін бекемдеп ұстаған жағдайда 1 -қабырғаны жоғары қарай көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алу қызметіне қатысады.
4. Тісшеленген алдыңғы бұлшықеті, m.serratus anterior, сыртқы пішіні жалпақтау келіп, қолтық қуысының медиальды қабырғасын құрауға қатысады. Бұлбұлшықет тісшеленіп 8-9 қабырғаның сіңірлік доғаларынан басталып, жоғары және сыртқа қарай бағытгалып, қабырғалардың сыртқы бетін жауып, жауырын сүйегінің медиальды қырына барып бекиді.
Қызметі: Жиырылған кезде жауырынды сыртқа және алға қарай тартып, қолды горизонтальды жазықтықтан жоғары қарай тарту. Сонымен қатар, бұл бұлшықет қолды көтеруге ықпал ету мен қатар, жауырынды қозғалтпай ұстаған жағдайда қабырғаларды көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алу қызметін атқарады.
Кеуденің аутохтондық немесе терең бұлшықеттері
1. Қабырға аралық бұлшықеттер, mm.intercostales, қысқалау және жалпақтау келіп, қабырғалардың аралығында орналасқандықтан қабырға аралық бұлшықеттер деп аталынады. Атқаратын қызметіне және орналасуына қарай сыртқы, ішкі қабырға аралық және ең ішкі қабырғалық бұлшықеттерге бөлінеді.

  • а) Қабырға аралық сыртқы бұлшықеттер, mm.intercostales externi,

  • Ол жоғарыда орналасқан қабырғалардың төменгі қырынан басталып, қиғаш бағытта өтіп, төменгі қабырғаның жоғарғы жиегіне барып бекиді.

Қызметі: Қабырғалардың аралығын алшақтатып, кеуде қуысын кеңейтіп, терең тыныс алу қызметін атқарады.

  • ә) Қабырға аралық ішкі бұлшықеттер, mm.intercostales interni, Ол төменгі қабырғалардың жоғарғы жиегінен басталып, жоғары және алға қарай өтіп, жоғарғы қабырғалардың төменгі жиегіне және қабырға астылық жүлгенің, sulcus subcostalis, ішкі қапталына барып бекиді.

Қызметі.Кеуде қуысын тарылтып, демді сыртқа шығару қызметін атқарады.

  • б) Аса ішкі қабырға аралық бұлшықет, mm.intercostalis intimi. Олішкі қабырға қапталында, бағыттас болып орналасқан. Бұлшықеттің артқы қабырға астылық бұлшықетпен шектелген.

Қызметі: Кеуде қуысын тарылтып, ауаны сыртқа шығару қызметін атқарады.
2. Қабырға астылық бұлшықеттер, mm.subcostales. Ол төменгі 8-12 қабырғалардың омыртқалық ұшының ішкі бетінде қиғаш бағытта орналасқан 4-жұп бұлшықеттерден тұрады. Бұл бұлшықет кеуденің ішкі қиғаш бұлшықеттері тәрізді, бір ерекшелігі ұзындау келіп, 1-2 немесе 3 қабырғаны асып барып, жоғарғы қабырғаның төменгі жиегіне барып бекиді.
Қызметі олда қабырға аралық бұлшықеттертгәрізді, кеуде қуысын тарылтып демді сыртқа шығару қызметін атқарады.
3. Кеуденің көлденең бұлшықеті, mm. transversus thoracis. Олжалпақ желпуіш тәрізденіп, кеуде қуысының алдыңғы қабырғасының ішкі бетінде орналасқан. Бұл бұлшықет: төс сүйегі денесінің төменгі бөлігінен және оның семсерлік ұшынан, processus xiphoideus, басталып, жоғарғы және латеральды бағыттаөтіп, 3-4 қабырғалардың шеміршектік бөлігінің ішкі бетіне барып бекиді.
Қызметі: Кеуде қуысын тарылтып, демді сыртқа шығару қызметін атқарады.
4. Қабырғаларды көтеруші бұлшықеттер, mm.levatores costarum . Бұл бұлшықет тек қана омыртқа бағанасының кеуде аралық бетінде, кеуде маңында айқын байқалады. Бұлбұлшықетгер арқаны жазып тік ұстаушы бұлшықеттің, m. Erectorspinae астында орналасқаи. Олжоғарғы 2-кеуде омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, төмен және латеральды бағытта өтіп, бұлшықеттерталшықтары шашырап, төменгі қабырғалардың бұрыштарына қарай өтіп, бір немесе екі қабырғаны аттаіт барып бекиді. Бұлшықеггердің талшықтары ұзын және қысқа бұлшықеттерге бөлінеді. Қабырғаларды көтеруші ұзын бұлшықет, пті. levatores costarum Іопдібір қабырғаны аттап барып қабырғалардың бұрышына барып бекісе, қабырғаларды кетеруші қысқа бұлшықеттер, mm.levatores costarum breves қысқалау келіп, көршілес қабырғалардың бұрышына барыпбекиді.
Қызметі: Қабырғаларды көтеріп, тынысалуға қатысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет