62.АЛДЫҢҒЫ ҚҰРСАҚ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ,ҚЫЗМЕТІ.ТІК БҰЛШЫҚЕТТІҢ ҚЫНАПТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. Жалпы алдыңғы құрсақ қабырғасы ішкі ағзаларға қорғаныштық қызметін атқаратын дәнекертінді кешен болып табылады.Құрсақтың алдыңғы қабырғасының мынандай шекаралары бар.Олар
Симфиз және пупартов байламымен төменнен
Arcus costarium мен жоғарыдан
Ал бүйірінен linea acsliiaris пен шектесіп жатады.
Іштің тік бұлшықеті, m.rectus abdominis деп аталады. Оның пішіні жалпақ болып келеді.Орналасуына келетін болсақ ол төссүйектің семсерлік өсіндісінен басталып шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралықты қамтып орналасады.Бұл жұп бұлшықет.
Пирамида тәрізді бұлшықеті, m.pyramidalis сыртқы пішіні пирамида тәрізді болғандықтан пирамида тәрізді бұлшықет деп аталады.Басталуы: қасаға сүйегі, алдынан іштің бұлшықеті; Бекітілуі: іштің ақ сызығының төмен бөлігі. Қызметі: іштің ақ сызығын тартады. Барлық бұлшықеттер қынаптық іштің тік бұлшықетімен бітіседі, олар іштің апоневрозды бұлшықетін қалыптастырады.
Іштің тік бұлшықеті будалары 3-4 көлденең орналасқан сіңірлі созылмалармен, intersections tendineae орналасады. Олардың екеуі кіндіктен жоғары, ал біреуі кіндік тұсында орналасады. Қызметі: тұлғаны алға кеңейту, бұлшықеттерді жеке сегменттерге бөліп, әр сегменттің жеке жиырылуына мүмкіндік береді.
Осы тік бұлшықет дәнекер тінді қынабтың ішінде орналасады. Тік бұлшық еттің қынабы кіндіктен жоғары және төмен құрылымдардан тұрады. Оның артқы және алдыңғф қабырғалары бар.
1. Қынаптың кіндіктен жоғарғы деңгейдегі құрылысына келетін болсақ: a) алдыңғы қабырға сыртқы және ішкі қиғаш бұлшық ет апоневрозының алдыңғы табақшасынан құралады. б) Ал артқы қабырғасы болса ішкі қиғаш бұлшық еттің артқы табақшасы,көлденең бұлшық еттің апоневрозынан және ішастардан тұрады. 2. Қынаптың кіндіктен төмен құрылысы.Оның да алдыңғы және артқы қабырғасы бар:
a) алдыңғысы - сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттердің апоневроздарынан
б) артқысы–көлденең фасция және ішастардан тұрады