Анемиялар. Анемия



бет12/23
Дата25.09.2022
өлшемі114,83 Kb.
#150627
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
кан курамы.анемия.

Қан жасушалары. Қан жасушаларына — эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер — эритроциттер, ағы — лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар.Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні — ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды .Адам эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де — шамамен 4,5-5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» — қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оқ-сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан — алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.
Гемоглобин — қанның қызыл түсті пигменті. Эритроциттер оттегін тынысалу мүшелерінен ұлпаларға, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасуды қамтамасыз етеді. Адамның 100 мл қанында шамамен 15-16 г гемоглобин болады.Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120-127 тәуліктей. Оның шамамен 2,5 млн-ы көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сұйек кемігінде қайта түзіліп отырады. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің мөлшері кемиді.Қорыта іселгенде, эритроциттер оттекті өкпеден ұлпаларға, көмірток қос тотығын ұлпалардан өкпеге тасиды (жеткізеді).[1]
Қанның ұюы.Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет