Анықтамалық-КӚрсеткіш қарағанды 2021 мазмҧНЫ


 Университет ғимараттарындағы тәртіп



Pdf көрінісі
бет46/74
Дата08.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#118989
түріАнықтамалық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74
Байланысты:
1-2-kaz
1-2-kaz, kktwig-nyuton-zadary, kktwig-nyuton-zadary, kktwig-nyuton-zadary, Karenov 2016-82-2-2
 
10. Университет ғимараттарындағы тәртіп 
10.1. Университет 
ғимараттарындағы 
тәртіп 
пен 
қолайлылыққа (жұмысқа жарамды жиһаздың, оқу жабдықтары-
ның болуы, қалыпты температура мен жарықты қамтамасыз ету) 
бұл міндетіне лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес кіретін проректор, 
сондай-ақ тиісті бӛлімшенің басшысы жауап береді. Оқу 
зертханалары мен кабинеттердегі жабдықтардың жарамдылығы 
мен оқу құралдарының сабаққа дайын болуына кафедра және 
зертхана, оқу кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлер, 
лаборанттар жауап береді. 
10.2. Университет аумағында тыйым салынады: 
-
тиісті бӛлімшенің қалыпты жұмыс жасауын қиындататын 
әрекеттерге;
-
шылым шегуге; 
-
спирттік ішімдіктерді пайдалануға; 
-
құмар ойындарға; 
-
мас күйде, алкогольдік, есірткілік немесе уландырғыш 
заттармен масайған күйде келуге;
-
жануарлармен келуге (зерттеулік мақсаттардан басқа). 
10.3. Университет ғимараттарында сырт киіммен және бас 
киіммен жүруге тыйым салынады. 
10.4. Қызметкерлерді, білім алушыларды немесе басқа да 
тұлғаларды, 
сонымен 
қоса 
автокӛліктерді 
Университет 
ғимаратына және аумағына кіргізу тәртібі, сонымен қоса мүлікті 
Университет аумағында ауыстыру немесе Университет аумағы-
нан тыс жерге шығару тәртібі белгілі тәртіпте бекітілетін 
Университеттің нысандарында кіргізу тәртібін ұйымдастыру 
туралы Ережемен, Университет жатақханаларында тұру 


43 
ережелерімен, сонымен қоса Университеттің Қауіпсіздік 
қызметінің келісімімен Университет бӛлімшелерінде әзірленетін 
ережелермен анықталады. 
10.5. Университет басшылығы оқу орнының күзетілуін, 
жабдықтардың, мүліктің және басқа да заттардың сақталуын, 
сонымен қоса оқу және тұрмыстық бӛлмелерде қажетті тәртіпті 
қамтамасыз етуге міндетті. Мүліктің сақталуына, ғимараттың 
ӛртке қарсы және санитарлық жағдайына лауазымдық 
нұсқаулықтарға сәйкес жекелеген құрылымдық бӛлімшелердің 
басшылары, ал қажет болған жағдайларда ректордың бұйрығымен 
тиісті лауазымдық тұлғалар жауап береді. 
10.6. Мереке күндері және демалыс күндері, сонымен қоса 
тӛтенше жағдайларда тұрғын үй және тұрмыстық ғимараттарды 
қоса алғанда Университеттің барлық ғимараттарында Универси-
тет басшылығы ерекше жұмыс және мүлікті қолдану тәртібін бе-
кітуі, сонымен қоса қызметкерлердің кезекшілік етуі енгізілуі 
мүмкін.
Жұмыстан тыс уақытта бӛлімшелерде жоспарланған сабақ-
тар мен жұмыстарды жүргізуді құрылымдық бӛлімше басшылары 
Университет Қауіпсіздік қызметінің бастығымен келіседі және ол 
ректордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 
10.7. Оқу ғимараты бӛлмелерінің (кафедралар, дәрісханалар, 
кабинеттер, зертханалар) кілттері оқу ғимараты күзетінің 
кезекшісінде болуы тиіс және тиісті бӛлімшелер қызметкерлеріне 
қол қою арқылы берілуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет