Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет95/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126




Іс жүргізуші



Лауазымдық міндеттері. Хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оларды құрылымдық бөлімшелерге жолдайды. Ұйым басшыларының бұрыштамасына сәйкес құжаттарды орындауға береді, тіркеу карточкаларын ресімдейді немесе мәліметтер банкін құрады. Құжаттамалық материалдарының өту есебінің картотекасын жүргізеді, олардың орындалуына бақылау жүргізеді, тіркелген құжаттар бойынша қажетті анықтамаларды береді. Орындалған құжаттаманы адресаттар бойынша жөнелтеді. Алынатын және жөнелтілетін хат-хабардың есебін жүргізеді, ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйелендіреді және сақтайды. Құжаттар бойынша анықтама аппаратын құру бойынша жұмысты жүргізеді, олардың ыңғайлы және тез іздестірілуін қамтамасыз етеді. Ұйым мұрағатына іс жүргізумен аяқталған құжаттамалық материалдарды, тіркеу картотекасын немесе компьютерлік мәліметтер банкін даярлайды және тапсырады, сақтау үшін мұрағатқа берілетін істердің тізімін әзірлейді. Өтетін қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының ұйымда іс жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа материалдар; іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелері; ұйымның құрылымы және оның бөлімшелері; ұйымдық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттары; қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуіне бақылау жүргізу тәртібі; еңбекті ұйымдастыру негіздері; есептеу техникасын пайдалану ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.




Инкассатор



Лауазымдық міндеттері. Ұйым кассасында белгіленген тәртіпке сәйкес ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды алады, олардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, есеп шотының немесе ағымдағы шоттың орналасқан жері бойынша банк мекемелеріне жеткізеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының ақша қаражаттарын қабылдау, тасымалдау және тапсыру мерзімдері мен тәртібі, тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету ережелерін белгілейтін нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа материалдары; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.



Калькулятор



Лауазымдық міндеттері. Қолданыстағы рецептуралар негізінде қоғамдық тамақтану ұйымдарында сатылатын өнімге калькуляцияның сатып алу бағаларын және үстеме сауда бағаларын орындайды. Қоғамдық тамақтану ұйымдары сататын өнімге (тағам, жартылай шикізаттар, аспаздық және кондитер тағамдары) бағаны белгілейді. Рецептуралардың, сату бағалары мен сауда-саттық үстемелерінің өзгеруіне сәйкес дайын өнімге баға белгілейді және калькуляциялық карточкаларға тиісті түзетулер енгізеді. Калькуляциялық карточкаларды тіркеуді белгіленген нысан бойынша жүргізеді. Өндіріс меңгерушісінің (шеф-аспазшының) өтінімі негізінде тағам, жартылай шикізаттар және аспаздық тағамдар үшін өнімдердің қажетті санының есебін жасайды. Тауарлық есептерден іріктеулерді және шығарылған тағамның және меншік өнімінің жедел есебін жүргізуді жүзеге асырады. Материалдық жауапты тұлғаларға бағаның жапсырмаларын жазады. Тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының қоғамдық тамақтану ұйымдарында сатылатын өнімге қатысты нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және басқа материалдар; тағам және аспаздық тағамдардың рецептуралар жинақтарын пайдалану ережесі; дайын өнімді жайып салу және шығару нормалары; сауда-саттық бағалары және оларды пайдалану ережесі; қоғамдық тамақтану өнімінің сату бағасын есептеу (калькуляциялау) тәртібі және ережесі; калькуляциялық карточкаларды ресімдеу және есепке алу тәртібі; есептеу техникасын пайдалану ережесі; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.




Кассир



Лауазымдық міндеттері. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды қабылдау, есебін жүргізу, беру және сақтауы бойынша операцияларды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіп бойынша ресімделген құжаттар бойынша банктардан жұмысшыларға жалақы, сыйақы, іссапар және басқа да шығындарды төлеу үшін ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды алады. Кіріс және шығыс құжаттарының негізінде кассалық кітапты жүргізеді, ақша қаражаттарының және бағалы қағаздардың іс жүзіндегі бар болуын кітаптағы қалдығымен салыстырып тексереді. Тозығы жеткен купюралардың тізімін, сондай-ақ оларды жаңа купюраларға айырбастау мақсатында банкқа тапсыру үшін тиісті құжаттарды жасайды. Белгіленген тәртіпке сәйкес ақша қаражаттарын инкассаторларға береді.Кассалық есептілікті даярлайды.

Білуге тиіс: Кассалық операцияларды жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және басқа материалдарды; кассалық және банкілік құжаттардың нысандарын; ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды қабылдау, беру, есепке алу және сақтау ережелерін; кіріс және шығыс құжаттарын ресімдеу ережелерін; ұйым үшін белгіленген кассадағы ақша қалдығының лимиттерін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін; касса кітабын жүргізудің, кассалық есептілікті жүргізу тәртібін; еңбекті ұйымдастыру негіздерін; есептеу техникасын пайдалану ережесін; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздерін; ішкі еңбек тәртібін; еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет