Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет98/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе негізгі орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы және жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Нарядшы


Лауазымдық міндеттері. Ауысымдық-тәуліктік тапсырмалардың және мастердің (жұмысты орындаушының) нұсқауларының негізінде алғашқы құжаттарды (нарядтар, мәлімдемелер, өнімділік т.б.) жазады, олардың негізінде жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен жалақысы және басқа еңбек жағдайы үшін төлемдер есептеледі. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және еңбек ақы төлеу бойынша қолданыстағы нормативтік материалдарға сәйкес операциялық технологиялық карталар бойынша жұмыстардың атауын және разрядтарын көрсетеді, уақыт нормалары мен бағалар қояды. Жазылған нарядтардың және басқа төлем құжаттарының, нормаланған уақыттың есебін жүргізеді, жұмысшылар, бригадалар бойынша орындалған жұмыстарға нарядттарды уақытылы топтайды, оларды жалақыны есептеу үшін береді, учаске мастері және еңбекті нормалау инженері үшін қажетті мәліметтерді даярлайды.Жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.

Білуге тиіс: еңбекті ұйымдастыру, нормалау және жалақы бойынша ережелер, нұсқаулықтар, басқа да нұсқаулық материалдар мен нормативтік құжаттар, оларды қолдану тәртібі; істелген жұмысты және жалақыны есептеу бойынша алғашқы құжаттарды ресімдеу мерзімдері және ережелері; еңбекті және өндірісті ұйымдастыру технологиясының негіздері; техникалық құралдарды пайдалану ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.




Диспетчерлік қозғалыс және тиеу-түсіру

жұмыстарының операторы



Лауазымдық міндеттері. Тасымалдау жоспарын, автомобиль жүргізушілерінің, жүк тиеушілердің, электр және авто тіркемелердің және т.б. ауысымдық тапсырманы орындау жөнінде шаралар қабылдайды. Көлік диспетчерінің өкімін орындайды. Жол жүру парақтарын және тауар-көлік құжаттамасын толтырады, береді және қабылдайды. Тауар-көлік құжаттамасында олардың дұрыс ресімделуін, деректемелері мен мөртабандарының, жүкті толық көлемде өткізу туралы белгілерінің болуын тексереді. Бағыттағы көлік құралдарының жолға шығуы мен қозғалысы кестелерінің сақталуын, таксомоторларға арналған тапсырыстардың орындалуын бақылайды. Тіркеу журналдарына жол құжаттамасын тіркеуді жүзеге асырады немесе деректер банкін құрады. Спидометр көрсеткіштерінің, жанар-жағар май материалдарын (ЖЖМ) алуды және қалдықтарының дұрыс жазылуын бақылайды. Жол жүру парақтарында жүргізушілер жіберген жол қозғалысы ережесін бұзу туралы жазбаларды анықтайды және олар туралы басшылыққа баяндайды. Көлік құралдарының жұмысы туралы алынған деректерді және ауысымдық-тәуліктік тапсырмалармен салыстырып тексереді, ауытқушылықтарды және олардың туындау себептерін анықтайды. Көлік құралдары жүргізушілерінің (машинистерінің) жол-көлік тәртібін сақтауын бақылайды, көлік құралдарының жұмысының есебін жүргізеді. Клиентурамен, тиеу-түсіру және желілік диспетчерлік пункттермен, автовокзалдармен, автобекеттермен және кассалармен жедел байланысты жүзеге асырады. Жүктердің мекен-жайға бару уақыты туралы жүк алушыларға хабарлайды. Ақпаратты, оның ішінде компьютерлік техниканы пайдалана отырып, жүкті құрайтын және жүк алушы объектілерде, тиеу және түсіру пункттерінде жүктің бар екендігі туралы ақпарат жинайды және өңдейді. Тасымалдау процесі барысының, тиеу-түсіру жұмысының орындалуының оперативтік есебін жүргізеді. Жүк көлік құралдарының жұмысын үйлестіреді. Жолдағы автобустар қозғалысын, тасымалдау және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады. Автобустардың толық екендігі, нақты аралық пункттерді жүріп өту уақыты, бағыттың соңғы пунктіне келуі, техникалық жарамсыздығының себебі бойынша жолда тұрып қалулар туралы, паркке ерте қайтуы туралы, бағыттағы кешігулер туралы, автобустардың уақытылы келмеуі туралы ақпарат береді. Бағыттардағы тасымалдардың жағдайлары және ерекшеліктері, жолдың жай-күйі, жекелеген учаскелердегі қозғалыстың ерекшеліктері, сондай-ақ метеорологиялық қызметтің деректері және ауа-райы болжамдары туралы хабарламаны алады және жүргізушілерге хабарлайды. Жедел өкімдер журналын жүргізеді.

Білуге тиіс: диспетчерлік қозғалыс қызметіне және тиеу-түсіру жұмыстарына қатысты ережелер, нұсқаулықтар, басқа да басқару материалдары және нормативтік құжатта; жол жүру парақтары және тауарл-көлік құжаттамасын ресімдеу және өңдеу тәртібі; тасымалдауды ұйымдастыру және тасымал процесін жедел басқару тәртібі туралы ереже және нұсқаулық; тиеу-түсіру жұмыстарын орындау тәртібі; автомобильдерді пайдалану ережесі; жол қозғалысы ережесі; қолданылатын техникалық өңдеу құралдары және ақпарат беру ережесі; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және мамандығы бойынша 6 айдан кем емес жұмыс стажы болуы тиіс.


Диспетчерлік қызмет операторы

Лауазымдық міндеттері. Өндірістік процесс барысының, ұйымның және оның бөлімшелерінің негізгі қызметінің басқа түрлерінің жедел есебін, цех аралық кооперация бойынша немесе қоймаға дайын өнімді өткізуді немесе орындалған жұмысты тапсыруды жүйелі түрде жүргізеді. Маусымдық-тәуліктік тапсырмалармен, күнтізбелік жоспарлармен, өндірістік бағдарламалармен алынған деректерді салыстырып тексереді. Диспетчерлік журналды, жедел мәлімдемелерді және басқа техникалық құжаттаманы жүргізеді, өндірістік процесс барысын бұзу себептерін есепке алады және тіркейді. Өндіріс барысы, оны бұзу туралы алынған деректерді ұйымның өндірістік-диспетчерлік бөліміне хабарлайды. Заманауи техникалық құралдарды жұмыста пайдалану жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.


Білуге тиіс: диспетчерлік қызметке қатысты ережелер, нұсқаулықтар, басқа да басқару материалдары және нормативтік құжаттар; өндірісті жедел басқару қызметін ұйымдастыру; өндіріс технологиясы және ұйымдастыру негіздері; өндірістік жоспарлау және кәсіпорында диспетчерлікті ұйымдастыру; шығарылатын өнімнің номенклатурасы; орындалатын жұмыс (қызмет көрсету) түрлері; цехтарды, учаскелерді мамандандыру, олардың арасындағы өндірістік байланыстар; еңбекті ұйымдастыру негіздері; техникалық құралдарды пайдалану ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібі ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы 1 жылдан кем емес болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет