Ақпарат және ақпарат үрдістері



бет11/12
Дата12.10.2019
өлшемі1,44 Mb.
#49764
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Информатика әдістемелік нұсқау
sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9

Internet –пен танысу

Internet –Internet желісі тораптары арқылы желіаралық интерфейстер көмегімен байланысатын бүкіләлемдік компьютерлік желі.

Интернет Американың континенттерін Европа мен Азияны қамтиды. Кейбір желілер өте үлкен болып табылады. Олар CSNET, NFSNET

Техникалық көзқараспен қарағанда, Internet – әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс істейтін компьютерлік жүйелердің байланысы.



Мәліметтерді жіберу тәсілдері

  1. Телефон сымдары

  2. Талшықты сымдар

Ақпараттық желілердің орталығы

Стенфорд (Калифорния) зерттеу институтында желілердің координациясын қамтамасыз етеді.



Internet

Internet – пен байланыстары бар компаниялар өздерінің жергілікті желілері арқылы өздерінің жергілікті желілеріне толықтыру сияқты қарастырады.



Internet қызметтері

Бұл ұйымдарға Интернет әрине көп мүмкіндіктерді ұсынады.

-Біріншіден қажетті ақпаратты іздеу, өйткені Интернетте сізді қызықтыратын кез келген ақпаратты алуға болады.

-Одан басқа Интернет бүкіл әлем бойынша арзан, сенімді, конфиденциальды ауқымды байланысты ұсынады.


Internet-тің даму тарихы

Интернет қазіргі кездегі көптеген технологиялар сияқты өзінің дамуын әскери бағдарлама сияқты бастады. АҚШ-қа мәліметтерді жеткізудің сенімді жүйесі қажет болды.



Желіге арналған негізі талаптар

Келесі талаптарды бөліп көрсетуге болады:

- желі орталықтандырылмаған болу керек;

- желі бірі-бірімен байланыссыз жекелеген сегменттерден құрылуы керек, яғни әрбір түйін бұл желінің басқа түйіндерінен тәуелсіз болу керек. Өз бетімен хабарламаны қабылдау жеткізуге жауап беруі керек, сәйкес түйіннің істен шығуы берілген желінің басқа түйіндеріне әсер етпеуі керек.

Ақпаратпен алмасу негізіне дестелерді коммутациялау принципі жатады. Ол келесі түрде тұжырымдалады:

Дестелерді коммутациялау принциптері


  • Кез келген хабар бөліктерге (дестелер деп аталатын) бөлінеді

  • Дестелердің әрқайсысы адреспен жабдықталады

  • Дестелер желі арқылы таратылады және қабылдаушының түйінінде жинақталады.

Бірақ кейбір дестелер жоғалып кетуі мүмкін, қалай болған күнде де хабар адресатқа жеткізіледі.

Интернеттің дамуының алғашқы кезеңінен бастап әртүрлә байланыс каналдары қарастырылады. Олар радио, телефон, белгіленген және т.б. желілер.



Internet –тің даму тарихы

Алғашқы желі – Интернет желісінің негізі болған ARPANET желісі болды. Бұл желі 1969 жылы құрылды. Оны құру инициативасын көтерген АҚШ-ның қорғаныс министрлігінің зерттеу агенттігі болды. 1969 жылы желіде 4 компьютер ғана болды. 1971 жылы желіде 14 компьютерлерді біріктерді.

70-ші жылдары Интернет технологиялары дами түсті. Кейіннен желіде жұмыс істеуде негізгі жүктемені есептеулер (бірақ, шындығында да алғашқы компьютерлер тек есептеулер үшін қолданылған еді) емес, коммуникациялық хабарлар, электрондық почта, телеконференциялар атқаратыны анықталды.

Стандарттар (хаттамалар)

ARPANET-тің алғашқы хаттамалары - TCP және IP.



TCP - ақпараттық хабарларды дестелерге бөлу және оларды жеткізу тәсілдерін сипаттайды

IP - адресацияны сипаттайды және басқарады.

Бұлар хаттамалардың негізгісі болып табылады. 1972 жылы TCP/IP хаттамаларын Интернетке қосылу үшін басқа компьютерлер де қолдана бастады. 1986 жылға дейін Интернет қазір біз көріп жүрген Интернет сияқты болған жоқ. Интернет желісінің даму жылы деп 1986 жыл деп есептейді.



Internet-тің даму тарихы

  • 1984 жылы АҚШ-ның ұлттық қоры Internet желісінің негізі – NSFNET ғылыми
    компьютерлік желісіне ақшаларын сала бастады.


Бұл желі Интернет желісінің негізі болды. Ол ғылыми орталықтарды, университеттерді біріктірді.

Internet-тің құрылу тарихы

1989 жыл – ARPANET алғашқы желісінің соңғы жылы деп есептеледі. ARPANET желісі NSFNET жобасына кіре алмады.

1983 жылы бұл желіден әскери ұйымдарды біріктіретін MILNET желісі бөлініп шықты. Міне Интернеттің қысқаша тарихы осындай. Бүгінгі таңда Интернет кең дамып келеді.

Жекелеген қолданушылар Интернеттің ақпараттық ресурстарына әдетте телефон желісі арқылы, провайдер немесе корпоративті желі арқылы іске асырады. Бұлардың әрқайсы ұғымдарына анықтама берейік.



Internet желісіне қатынау – провайдер немесе корпоративті желі арқылы телефон желісі арқылы жүргізіледі.

Провайдер – белгілі бір қызметтер мен сервистерге қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ететін субъект. Провайдер ретінде модемдік байланысы бар Интернетке шыға алатын ұйымдарды айтуға болады.

Корпоративті желі – бір немесе бірнеше жақын орналасқан ғимараттардағы бір өндіріс (мекеме) территориясын қамтитын Жергілікті Есептеуші Желілердің өзара байланысқан жиынтығы.

Internet архитектурасы

  • Мәліметтерді жеткізу магистралі ретінде белгіленген телефон линиялары, оптоталшықты және спутниктік байланыс каналдары қолданылады.

Internet архитектурасы

  • Шлюз – әр түрлі алмастыру хаттамалары бар және өзіндік IP-адрестері бар желілерді байланыстыру үшін қызмет істейтін арнайы компьютер.

Интернетке қосылған арнайы компьютер – шлюз деп аталатын құрылғыны қолданады. Шлюз әр түрлі алмастыру хаттамалары және өзіндік IP –адрестері бар желілерді байланыстыру үшін қызмет істейтін арнайы компьютер. Провайдердің Internet-те өз шлюзі болады және басқа компанияларға, жекелеген қолданушыларға осы шлюз арқылы желіге қосылуға мүмкіндік береді. Мұнда шлюз арқылы өтетін барлық хабарды өңдеуді іске асыратын программалық жасақтама орнатылады және ауқымды желіге біріктіретін желілер болады. Егер хабар жергілікті желіге адрестеліп түтені болса, осы шлюз бойынша, ал егер басқа жергілікті желіге адрестелсе онда басқа шлюз бойынша жіберіледі.


Шлюзға қажетті ақпарат

  • Хабарларды маршруттау

  • Желінің жекелеген бөліктерінде жаңылысулар болған жағдайларда аса көлемді ұйымдарға қосылған хабарларды жеткізу маршруттарын жөндеуге арналған желі ішіндегі желілердің параметрлері туралы

Компьютерлер арасында өзара байланысудың жеті деңгейі болады, хаттамалар олармен байланысады.




7 Қолданбалы деңгей

  • қолданушылардың қолданбалы процестерінің орындалуын қамтамасыз ету

  • файлдарды, электрондық поштаны жеткізу хаттамаларын анықтау

6 Көріністі деңгей

(Мәліметтерді көрсету деңгейі)

  • жеткізілетін ақпараттың барлығына біріңғай анықталған синтаксис жүйесін анықтау

5 Сеансты деңгей

  • әр түрлі жұмыс станцияларындағы (ЖС) қолданбалы процестердің арасындағы байланыс
    сеанстарын ұйымдастыру

  • процестер арасындағы логикалық каналдардың байланыстарын ұйымдастыру

4 Транспорттық деңгей

  • екі өзара әсерлескен ашық жүйелер арасындағы мәліметтерді жеткізуді қамсыздандыру

  • мәліметтерді жеткізу жүйесі процедурасын ұйымдастыру

  • транспорттық қосылуға сүйемелдеу жасау

3 Желілік деңгей

  • ақпаратты маршруттауды қамсыздандыру

  • мәліметтерді жеткізу желісін басқару

  • ақпараттық ағындарды басқару

2 Каналдық деңгей

  • мәліметтерді жеткізудің деңгейінде байланыстарды орнатуға, сүйемелдеуге, бұзуға
    қажетті функционалдық, процедуралық тәсілдерді қамсыздандыру

1 Физикалық деңгей

Физикалық объектілер арасында мәліметтерді жеткізуде физикалық байланыстарды


ұйымдастырудың механикалық, функционалдық және процедуралық тәсілдерін
қамсыздандыру.

Төменгі 4 деңгей компьютерлік желінің транспорттық қызметін құрайды. Жоғарғы 3 дейгей абоненттік қызметке бірігіп қолданбалы процестердің логикалық өзара әсерлесуін қамтамасыз етеді.



Хаттамалар (өзара әсерлесу ережелері)

Интернетте қазіргі кезде байланыстың әрбір деңгейі үшін сәйкес хаттамалары болады.



Физикалық деңгей хаттамалары

Байланыс линиясының түрі мен сипаттамасын анықтайды: қарапайым провод (витая пара), талшықты-оптикалық, коаксиальды кабель және т.б.

Логикалық деңгей хаттамалары



  • каналдар бойынша ақпаратты басқару және жеткізу

  • SLIP (Serial Line Interface Protocol)

  • PPP

  • дестелік драйверлер

Желілік деңгей хаттамалары



  • әр түрлі желілердегі, яғни маршруттау дестелеріндегі құрылғылар арасында мәліметтерді жеткізу

  • IP

  • ARP

Транспорттық деңгей хаттамалары

  • Бір программадан екіншісіне мәліметтерді жеткізуді басқару

  • TCP

  • UDP

Байланыс сеансы деңгейі хаттамалары

  • Сәйкес каналдарды орнату, сүйемелдеу және жою

  • TCP

  • UDP

  • UUCP

IP-адрестерді құру принциптері

Интернетте әрбір компьютердің IP-адресі болады. IP-адрес төрттік байттық тізбектен тұрады, әрбір байтты нүктемен бөлінген ондық сан түрінде беру қабылданған. Олар 0-ден 255-ке дейін мән қабылдайды.



    • IP-адрес желідегі компьютерді бір мәнді анықтайды

    • Желіде 4 млрд-тан артық компьютерлер болуы мүмкін

Тіркелген IP-адрестер

    • 0.0.0.0–.желі түйіні

    • 1.1.1.1 – берілген жергілікті желінің барлық тармақтары

    • 127.0.0.1 – бір ДК шеңберіндегі программалауды тестілеу және процестерді өзара әсерлестіру үшін

DNS (домендік есімдер жүйесі) – иерархиялық принцип бойынша құрастырылған және Интернетте жұмыс істейтін машиналар домендік есім бойынша қажетті машинаның IP-есімін және керісінше білуге мүмкіндік беретін есімдер жүйесі. Клиент-серверлік қоымша құрған кезде қолдануға болады.

org– бейкоммерциялық



Аса төменгі деңгей домендері ... анықтайды

  • мекендерді

  • үлкен ұйымдарды

  • шағын ұйымдарды

  • үлкен ұйымдардың бөлімдері және т.б.

Желі атауы

  • Есептеуші орталықпен (ЕО) өз бетімен таңдалынады

  • Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін ұйымда тіркеледі

Желі атауы

  • ЕО туралы ақпаратты құрайды

  • жоғарғы деңгей домені шегінде ерекше

Жаңа ЕО-ты желіге қосу

  • Желі атауы

  • Ұйымның талабы, мұқтажы, өлшемі бойынша IP-адрестер диапазондары

Internet арқылы көрсетілетін қызметтер типтері. Есептерге қолданылатын қызметтер категориялары.

Категориялары

  • Интерактивті

  • Тікелей қатынас

  • Кейінге қалдырылған оқу:

    • Кең таралған, әмбебап

Кейінге қалдырылған оқу сервистері

      • Ақпаратты алу мен сұраныс жасау уақытпен шектелмейді

      • Мысал: жазбаша корреспонденция (электрондық почта)

Тікелей қатынау сервистері (қатынаулар, оқулар)

  • Сұраныс бойынша ақпарат бірден қайтарылады

  • Қабылдаушының жылдам реакциясын қажет етпейді

Интерактивті сервистер – қабылданған ақпаратқа жылдам реакцияны талап етеді.

Internet-тің негізгі сервистері

  • Электрондық пошта e-mail

  • Usenet жаңалықтар қызметі (желілік жаңалықтар)

  • Maillist тарату тізімдері

Электрондық пошта e-mail

  • сервистердің ең алғашқысы

  • өте кең таралған және тиімді

Электрондық пошта e-mail

  • хаттамалар:

    • SMTP – файлдарды жіберу

    • POP – поштаны жеткізу

    • Кейінге қалтырылған оқу сервистері

    • тақырыбы (адрес), мазмұны (құрамы) – мәтін, файлдар, графикалық бейнелер

Электрондық хат

    • адресатқа жетпей қалуы мүмкін (жоғалуы);

    • ұстап алынуы мүмкін

      • хабарды шифрлау

Электрондық хабарларды жеткізу жылдамдығы

Төмендегідей анықталады:



  • хабарды жеткізуге қолданылатын құралдармен

  • көрсетілген орнымен

Auto express құралы

  • электрондық поштаны дайындау

  • адресаттарды басқару (адресаттардың МҚ)

  • электрондық хабарларды тарату (жіберу)

Usenet жаңалықтар қызметі

  • Хабарды таратудың жоғары жылдамдығы

  • Қатысушылар мен талданатын тақырыптардың жиыны

  • Физикалық орналасуынан тәуелсіздігі

  • Күнделікті хабарлардың саны 1 млн-ға жуық

Usenet жаңалықтар қызметі

  • NNTP хаттамасы – жаңалықтармен алмасудың арнайы хаттамасы

  • Жаңалықтар тақырыптық топтармен иерархиялық ұйымдасқан


Топтың аты

  • нүктелермен бөлінген ішкі деңгей иерархияларының атаулары

  • аса жалпы деңгей алдымен жазылады

  • мысалы:



Usenet жаңалықтар қызметі

  • мағыналық және техникалық жақтарын ажыратады

  • ақпараттық ресурс тұрғысынан қарағанда жүйе үлкен иерархиялық каталог түрінде ұйымдасқан, онда жаңалықтар түйіндері орналасады

Жаңалықтар тобы – берілген топтың пәндік аймағын қызықтыратын қолданушылардың үнемі өзгеріп отыратын хабарларының жиынтығы (хабарлардың сақталу ұзақтығының мерзімі – 5 күн).

Usenet жаңалықтар қызметі

Жазылым (жаңалықтардың бір немесе бірнеше топтары) – қолданушының қызықтыратын тақырыбы бойынша жаңа мақалалардың пайда болуын хабарлау процедурасы.



Usenet жаңалықтар қызметі

  • Топқа белігі бір тақырып бойынша қолданушының өз хабарларын қосу мүмкіндігі


Usenet жаңалықтар қызметі

Шектеулер (сын)

  • коммерциялық ақпаратқа;

  • жарнамалық сипаттағы хабарларға және т.с.с.



Maillist тарату тізімдері

  • қарапайым және пайдалы сервис

  • өзіндік хаттамасы болмайды

  • е-mail арқылы жұмыс істейді

  • идея - көптеген адамдардың – тарату тізімінің жазылушылары үшін ортақ адресі болып табылатын е-mail-дың адресі

Maillist тарату тізімдерінің Usenet желілік жаңалықтардан ерекшелігі

  1. E-mail арқылы таратылатын хабарлар әрқашанда жазылушы пошталық жәшігінде оны күтіп қабылданады, ал Usenet-те белгілі бір уақыттан кейін өшіріліп қалады

  2. Тарату тізімдері жеткілікті басқарылады және конфиденциальды

  3. Хабарды алу үшін электрондық почтаға қатынау болуы тиіс

  4. Хабарларды жеткізужылдамдығы жоғары

Тарату тізімдерін қолдану

  1. Клиенттермен жұмыс істейтін ұйымдар оларды жаңа түсімдермен, өзгертулермен немесе фирманың клиенттері жайлы хабардар етеді.

  2. ортақ хабардар етуге болмайтын ерекше сұрақты талдау

Тарату тізімдерінің кемшіліктері

    • почта жәшігі толып қалған кезде хаттардың жоғалуы

мәселені шешу – хаттарды қабылдау кезінде жеке қапшықтарға жинақтайтын программаны орнату

    • тарату тізімінен бас тарту қиындығы


Internet-тің басқа сервистері

    • FTP – файлдарды тарату (файлдарды жеткізу хаттамасы сияқты пайда болды) – операциялық жүйемен үнемі ұсынылатын TCP хаттамасы бойынша жұмыс істейтін стандартты программа

FTP хаттамасының бастапқы қызметі

    • TCP/IP желілерінде жұмыс істейтін әр түрлі компьютерлер арасындағы файлдарды жеткізу:




    • қолданушы ДК-дің екеуінде де тіркелген


Қолданушы сервермен өз есімі бойынша және паролі бойынша, anonymous есімі бойынша байланысқан.

Anonym FTP серверіндегі ақпарат

    • demo-нұсқалар

    • мәтіндер

    • заңдар

    • кітаптар

    • мақалалар

    • есептер

FTP сервисі

  • Internet-тегі көпшілік файлдық архивтарды ұйымдастырудың стандартты жолы

  • өзінің FTP серверінде қатынау шектеуінің мүмкіндігі

  • тікелей қатынау сервисі

Internet-тің басқа сервистері

Gorner гипермәтіндік жүйесі – Кіріктірме менюлерді қолданатын, олар арқылы әр түрлі типтегі файлдар, графика, дыбыс қатынауға болатын

құрылымданған ақпаратты сараптаудың бөлінген жүйесі.



Gopher

Көпшілік қатынауға FTP сияқты жүйенің файлдары бар ақпарат емес, ағаш түріндегі құрылымды ақпарат экспортталынады, оның көмегімен қажетті ақпаратты табуға болады.



Internet-тің басқа сервистері

WWW гиперөрмек жүйесі (бүкіләлемдік өрмек) – бүгінгі күнде танымал сервис, WWW арқылы Internet-тің жартысынан көп мәліметтері өтеді

WWW бүкіләлемдік өрмегі – клиентке сұрауы бойынша гипермедиалық құжатты қайтаратын «клиент-сервер» принципі бойынша жұмыс істейтін гипермәтіндік, мультимедиалық, интеграцияланатын, бүкіләлемдік АЖ.

Гипермедиалық құжат – ақпараттың әр түрлі көріністерінің бөліктерінен: мәтін, дыбыс, графика, үш өлшемді объектілер және т.б. тұратын құжат, олардың әрқайсысы осы серверде, басқа серверлерде орналасқан басқа құжатқа сілтемелерден тұрады.

WWW ақпараттық технологиялары

  • HTML

  • URL

  • HTTP

  • CGI

  • Java

  • Javascript

HTML – ақпаратты көрсету үшін және құжаттың құрылымы мен байланысын сипаттау үшін WWW бүкіләлемдік өрмегін қолданатын гипермәтінді белгілеу тілі, гипермедиалық құжаттардың пішімі.

HTML

  • қолданушы экранындағы құжаттың сыртқы түрі қолданылатын навигатормен (браузермен) анықталады.

  • файлдардың атаулары: *.html, *. htm

URL – ресурсты көрсететін әмбебап көрсеткіш, Internet-тегі ресурстарды көрсететін сілтемелер: сілтеме бірмәнді іске асырылатын адресі бар құжат, құжаттың бөлігі.

URL

  • объектінің адресі мен орналасуы туралы ақпараттан тұрады

  • мақсаты – басқа программаларға Internet-тен қажетті объекті табуға мүмкіндік беру

  • сипаттамасы – желілік объектіге қатынау әдісі

URL хаттамалары

  • http – гипермәтінді жіберу хаттамасы

  • ftp – файлдарды жіберу хаттамасы

  • gopher

  • mailto – электрондық поштаның адресін белгілеу үшін қажет

  • news – желілік жаңалықтар

URL хаттамалары

  • Nntp – желілік жаңалықтар

  • Telnet

  • Wais

  • File – компьютердегі файл атауы

WWW

  • тікелей қатынау сервисі

  • кең таралған

  • қолданушы қызықтыратын кез келген ақпаратқа қатынау мүмкіндігін береді, егер адресі белгілі болса

Internet-тің басқа сервистері

WAIS іздестіру жүйесі – көлемді құрылымданбаған ақпаратты іздеу

WAIS

  • Сөздіктермен жұмыс істеуге;

  • Usenet желілік жаңалықтарын іздеуге;

  • Құрылымданбаған үлкен көлмеді ақпараттарды индекстеуге арналған құрал

Internet-тің басқа сервистері

IRC – Internet арқылы дауыс арқылы емес, мәтін арқылы сөйлесулер

  • Түйіндер бір-бірімен синхрондалған

  • Жақын жердегі серверге қосылу арқылы қолданушы барлық IRC желісіне қосылад

Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP комуникациясының біркелкі протоколын пайдаланады.

Шындығында TCP/ІP протоколы — жүйедегі мәліметтерді жіберудіңәр түрлі аспектілерін анықтайтын әр басқа екі протокол.



  • TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару протоколы; бұл протокол жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруі үшін жауапты;

  • ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол паектті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.

TCP/ІP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР протоколы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР протоколының көмегімен тексеріледі; барлық паекттер қабылданып болған соң ТСР протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.

Әрбір Интернетке қосылған компьютерлердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі мекен-жайы: сандық ІP-мекен-жай (цифровой ІP-адрес) және символды домналық мекен-жайы (символический доменный адрес) бар. Мекен-жайды (адрестерді) тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы локальды жүйелердің қожалары (иелеріне) мекен-жайлардың топтамасын береді, ал қалғандары нақты мекен-жайларды өз еріктеріне бөледі.

ІP-компьютердің адресі, оның ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жиі адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің мекен-жайын, ал төртіншісі – бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. ІP-ке ыңғайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.37.5.150. Жүйне адресі — 145.37; адрес жүйе бөлімшесінің — 5; компьютердің жүйедегі адресі — 150.

Сандық адрестен домналық (англ. domaіn — област), адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Домналық адрсетің мысалы, barsuk.les.nora.ru. бұл жердегі домна barsuk — компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домна les — өзі компьютерге берілген топтың атауы, домна nora les — домнасына атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домналық адрес мәліметтер жіберу процессінде ІP-адресіне өзгереді.

Интернет жүйесінің негізгі сервиздері.

World Wіde Web (WWW, “Әлемдік өрмекші торы”) — гипертекстік, дәлірек айтқанда, Интернет ресурстарын іздеудің гипермедиалық ақпараттық жүйесі және оған кіру.



Гипертекст — компьютер экранында текст элементтері арасындағы мағыналық байланыстарды тауып көрсетіп отырып, бір элементтен екіншісіне оңай көшіруге жағдай жасайтын ақпараттық құрылым. Гипертекстағы тәжірбиеде кейбір сөздердің асты сызылады немесе басқа түрге боялады. Сөзді бөліп көрсету бұл сөзге қатысты тақырып кейбір құжаттармен қатысы бар екендігін және онда өте толық қаралатынын білдіреді.

Гипермедиа — егер гипертексті анықтауда “текст” сөзін кез-келген дыбыс графика бейнелеу деген ақпараттық түрлеріне ауыстырғанда не шықса, сол текстік ақпараттпен қатар басқа да кез-келген қос, мысалы, кодталған дыбыс немесе графиканы байланыстыруға болатындықтан мұндай гипермедиалық нұсқаулар болуы мүмкін. Егер бағдарлама дүние жұзілік картаны көрсетсе, компьютерді пайдаланушы мыщьтың (комп. тетігі) көмегімен картадан қандайда бір континенті таңдаса, бағдарлама сол мезетте ол туралы графикалық дыбыс және текстік ақпарат бере алады.

WWW жүйесі HTTP гипертекстің жіберетін протокол деп аталатын мәліметтер жіберетін арнайы протоколда ұйымдастырылған (құрылған). HTTP “эйч-ти-ти-пи”, деп оқылады, HyperText Transfer Protocol).

Барлық WWW жүйесінің ішіндегілері саит (англ. sіte — участке) деп аталатын. WWW-беттерден тұрады.

WWW-беттері (cайттар) — World Wіde Web жүйесінің гипермедиалық құжаттары. Олар HTML (Hypertext markup language) гипертекстік таңбаларының тілінің көмегімен жасалады.

HTML тілі құжаттар текстіне арнайы бұйрықтық фрагментер— тэги (англ. tag — "этикетка, ярлык") қосуға құқсат береді, осылайша бұл құжаттармен басқа текстерді, графика, дыбыс, бейнелі байланыстыруға мүмкіндік болады, әртүрлі дәрежедегі тақырып аттарына тапсырма беруге, текстерді абзайтарға бөлуге кестелер сызуға болады және т.б. мысалы, құжаттық тақырыбы мынадай түрде болуы мүмкін: Шабдалымы жақсы көретіндер клубы

Бір WWW – бетіне бір серверде орналасқан, сілтемелерінің қатынасы түптелегн және мағынасы байланысты гипермедиялық құжаттардың жиынынан құрайды (мысалы, қандайда бір музей немесе оқу орындарының ақпараттары ). Беттің әрбір құжаты өз қатарында, бірнеше мәтіннің экрандық бетін және бейнесін орналастырады (құрайды). Әрбір WWW – біттің өзінің (англ. “homepage”) “бастапқы парағы” – гипермедиялық құжат болады, беттің бастапқы құрылған бөліктерінің құрамындағы сілтемелер. “Бастапқы парақтың” адрестері Интернетке беттің адресі ретінде тарайды.



Жеке дербес беттер – бұлар WWW-беттер формаларына болмаса ұйымдарға жатпайды, бұл жеке адамға арналған. Бұндай беттердің мазмұны және безендірілуі тек автордың өзіне байланысты.

WWW-жүйесімен жұмыс жасау барысында қолданушы программа – клиент жүйесімен жұмыс жасай алады, бұл браузерлер деп аталады.

Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары көмегімен WWW жүйесімен диалог құрады: WWW беттерін қарастырады, WWW-cерверлері мен Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды.  

Жүздеген браузер – программалары бар. Ең көп тараған браузерлер: Netscape Navіgator және Mіcrosoft Explorer.

WWW браузерлері кез – келген сервер типтерімен олардың протоколдарын қолдана отырып қарым – қатынаста бола алады. Кез – келген серверден алған ақпаратты WWW браузер бейнелеу үшін оңай, стандартты түрде экран бетіне шығарып бере алады. Бұлкезде протоколдар арасындағы ауысулар пайдаланушыға білінбейді.

Telnet – алыстатылған қатынас программасы. TELNET протоколының көмегімен Интернетте жұмыс істейтін басқа есептеу жүйесіне шығуға мүмкіндік беретін программа. Бұл программа екі компоненттен тұрады: клиент-компьютерінде орындалатын клиент - программасы, және сервер –компьютерінде орындалатын сервер - программасы.

Клиент - программасы функциялары:


  • сервермен байланыс орнату;

  • абоненттен кіріс деректерді алу, оларды стандартты форматқа келтіріп серверге жіберу;

  • сұраныс нәтижесін стандартты форматта серверден алу және пайдаланушыға ыңғайлы форматта оны қайта форматтау.

Сервер - программасы функциялары:

  • Стардартты түрде сұранысты күту;

  • Осы сұранысқа қызмет көрсету;

  • Клиент – программасына нәтижені жіберу.

Telnet — Интернетпен байланыстың қарапайым және әмбебаб құралы болып табылады.

Ftp файлдарды жіберу программасы. FTP (Fіle Transfer Protocol — “файлов жіберу протоколы”) протоколының көмегімен Интернеттегі файлдардың көшірмесін бір жерден екінші жерге ауыстырады. Жалпы пайдалану файлдары бар компьютерлерді, FTP-серверлер деп атайды. Интернетте 10 Терабайттан артық тегін файлдар мен программалар бар.

Электрондық пошта (Electronіc maіl, англ. maіl — пошта, қысқ. E-maіl, “и-мэйл” деп оқылады). Электронды пошта желілері мен Интернет ішіндегі мәтіндік хабарламаларды жеткізу үшін арналған. Қәзіргі кездегі электрондық пошталардың мәтінінің ішіне графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай – ақ екілік файл – программаларында қосып жіберуге болады.

Электронды поштаны қолданатын әрбір абонентке өзіндік дербес пошталық адрес беріледі. Оның форматы келесі түрде болады: <пайдаланушы аты> @ < пошталық сервер аты>. Мысалы: earth@space.com, мұндағы earth — пайдаланушы аты, space.com — компьютер аты, @ — “коммерциялық эт ” бөлуші символ.

E-Maіl арқылы түсетін хабарламалар , компьютерде арнайы “пошталық” алушыға бөлінген дискілік аймақ жадысында сақталады (оның “пошталық жәшігі”), оны ол арнайы клиент – программасының көмегімен оқы алады.

Ал хабар жіберу үшін абоненттің электрондық адресін білу керек. Сапалы түрде жіберген жағдайда электронды хат дүние жүзінің кез – келген жеріне жетеді.

Usenet (от Users Network) телеконференция жүйесі. Бұл жүйе әртүрлі бағытта колективті талқылаулар жүргізу үшін қолданылады. Usenet –тің қәзіргі кезде мыңдаған дискуссиялық топтары(NewsGroups) бар, олардың әрқайсысының тақырыптары болады. Яғни телеконференциялар бірнеше топтарға бөлінеді:


  • news — телеконференция жүйесіне қатысты сұрақтар;

  • comp — компьютерлер және программлық қамтама;

  • rec — сауықтар, хобби және өнер;

  • scі — ғылыми - зерттеу қызтеті және қосымшалар;

  • soc — әлеументтік сұрақтар;

  • talk — әртүрлі талас жүргізілетін сұрақтар дебаты;

  • mіsc —барлық қалғандары.

Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу жүйесі

Интернетте кез – келген тақырыптағы ақпараттар көрсетіледі. Бірақ одан ақпаратты табу оңай жұмыс емес. Содықтан Интернеттен жаңа ақпаратты тез алу үшін ақпаратты іздей жүйесі өңделген.

Интернеттен ақпаратты іздеу жүйесінің барлығы арнайы бөлінген компьютерлердегі мықты жабдықталған каналдармен жабдықталуы керек. Олар бір минут ішінде тегін мыңдаған клиенттерге қызмет көрсетеді.

Іздеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады:



  • адам – редакторлармен қалыптастырылатын пәндік каталогтар;

  • адам көмегінсіз компьютердің арнайы программаларымен қалыптастырылатын автоматты индекстер.

Пәндік каталогқа негізделген жүйелер. Деректер қорын қолданатын, ақпаратты таңдайтын, деректер қорымен байланыс жасайтын, сілтемелерді әлтүрлі іздеу категорияларымен ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін арнайы редактор-мамандармен қалыптастырылатын. Пәндік каталогы бар компаниялар WWW-cерверлер мен басқа да желілік ресурстарды каталогтарға орналастыра алады және дүние жүзіне тарата алады. Мұның арқасында клиент ақпараттарын жаңалай отырып өзінің каталогтар тармағын құра алады. Ол тармақтың жоғарғы деңгейінде “бизнес”, “ғылым”, “өнер”сияқты элементтер болуы мүмкін. Осындай жұмыстың барысында олар үлкен көлемдегі деректер қорымен жұмыс істей алады.

Автоматты индекстер. Оларды айта кетпеуге болмайды. Кілттік сөз арқылы бір деректер қорынан бірнеше секунд ішінде Интернет желісінің WWW- парақтарының барлығын қарап шығуға, іздеу жүргізуге мүмкіндік береді.



Автоматты индекс үш бөліктен тұрады:

  • робот - программалары;

  • осы роботпен жиналатын деректер қоры;

  • пайдаланушы жұмыс істейтін осы базадағы іздеу интерфейсі.

Бұл барлық компоненттер адам көмегінсіз жұмыс жасайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Компьютераралық байланыстың қызметі қандай?

  2. "Клиент–сервер" технологиясын суреттеп беріңіздер.

  3. Компьютер жүйесіндегі интерфейстердің сәйкессіздік мәселесі қалай шешіледі?

  4. Коммуникация протоколы деген не?

  5. Мәліметтер неге пакеттердің көмегімен жіберіледі?

  6. Жүйелік топологияның негізгі түрлерін сипаттаңыздар.

  7. Кең тараған жүйелік архитектураның сипаттамасын атаңыздар.

  8. Арнайы жүйелі жабдықтың қысқаша сипаттамасын беріңіздер.

  9. Локальды жүйелер қай облыстарда және қандай мақсаттарда қолданылады?

  10. Интернет жүйесінің негізгі қызмет көрсетуін (сервисін) атап беріңіздер.

  11. ІP-адрес дегеніміз не?

  12. WWW жүйесі пайдаланушыларға қандай қызмет көсетеді?

  13. Интернет желісінде ақпаратты іздеу жүйесі қалай ұйымдастырылған?

  14. Гипермәтіннің гипермедиадан ерекшелігі неде?

  15. Браузер дегеніміз не?

  16. Электронды пошта қалай жұмыс істейді?



2. Практикалық сабақтар

Практикалық сабақ 1. Информатика және ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет