5
Мұндай репрессия типін үйлесімдік (координациялық) репрессия деп атайды.
Репрессияның бұл типін координациялау репрессиясы деп атайды.
Salmonellatyphimurium-ның координацияланған репрессиясы деп атайды.
Трансляциялық бақылау
Прокариоттық гендер активтілігінің трансляциялық
деңгейде реттелуі а-РНҚ-ның
өмір сүру ұзақтығына тікелей байланысты. А-РНҚ-ның ферменттік ыдырауы оның 5
1
-
ұшынан басталып 3
1
-ұшында аяқталады, яғни а-РНҚ-ның
бірінші болып синтезделген
ұшы, бірінші болып ыдырайды. Ішек таяқшасының а-РНҚ-сының орташа өмір сүру
ұзақтығы -2 минутке жуық. А-РНҚ-ның ферменттік ыдырау жылдамдығына оның 5
1
-
ұшында орналасқан арнайы нуклеотидтар жүйесі де әсер етуі мүмкін.
А-РНҚ-ның өмір сүру ұзақтығы сонымен қатар оның трансляциясына қатынасатын
бос рибосомалардың санына байланысты ауытқиды. Осы себепті бактерияларда түрлі
белоктар синтезі жылдамдығының түрліше болуы трансляция жылдамдығымен емес сол
жасушадағы рибосомалар санымен анықталады.
Мысалы, ішек таяқшасының (E. coli) лактозалық жүйесіндегі жалпы
бір оператормен
бақыланатын құрылымдық гендердегі үш цистрон үш ферментті синтездейтіні айтылды.
Олар: а) β-галактозидаза; ә) галактозид-пермеаза; б) галактозид-ацетилаза. Бұл
белоктардың синтезделу арақатынасы 1:1/2:1/5-ке тең. Бұл арақатынас осы үш белоктың
трансляциясы жүретін полицистрондық а-РНҚ-ның 5
1
-ұшынан
олардың орналасу
арақашықтығын бейнелейді. Гендер неғұрлым полицистронды а-РНҚ - 5
1
-ұшынан
неғұрлым алыс орналасқан сайын синтезделетін белоктың мөлшері де азая түседі.
Рибосомалардың а-РНҚ-ғы түрлі старттық нүктелерге жалғануы оперондағы құрылымдық
Z, Y, A гендері синтездейтін белоктардың сан мөлшерінің түрліше болуына әсерін тигізеді
деген жорамал айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: