Ақпараттық-дидактикалық блок Гендерінің экспрессиясының реттелуі Прокариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі


Кейбір гендердің конститутивтік (тұрақты) экспрессиясы



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата25.11.2022
өлшемі443,38 Kb.
#159837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
регуляция про, эукариот, каз. ақпараттық

Кейбір гендердің конститутивтік (тұрақты) экспрессиясы 
1.
Дрозофиланың политенді хромосомаларындағы дискі аралық аудандарда орналасқан «үй 
шаруасының» гендері тұрақты транскрипцияланады (Semeshin et al., 1979). 
2.
Барлық жасушаларда олардың тіршілігінің барлық кезеңдерінде нақты бір гендердің 
өнімдеріне тұрақты және универсалды қажеттілік болады. Олардың қатарына р-РНҚ-ның 
4 типінің – 28 S,18S, 5,8S және 5S өнімдері, 20 түрлі аминқышқылдарын тасымалдайтын т-
РНҚ-лар және бірнеше жүздеген белоктар, мысалы, гистондар, убиквитин, 
лактатдегидрогеназа, РНҚ-полимераза т.б. жатады. 
3.
Кейбір гендер нақты бір ұлпаларда ғана активтілік көрсетеді. Мысалы, Xеnорus Laevis 
ооциттерінде 5 S р-РНҚ-ның ооцит - арнайы гендерінің 19000 көшірмесі бар. Олар тек 
ооциттерде активті болып, басқа жасушаларда активтілік көрсетпейді.
4.
Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) ферменті гендердің аздаған тұқымдастарымен анықталады. 
Геннің әр тұқымдасы лактатдегидрогеназаның жеке бір тізбегінің синтезін бақылайды. А 
және В тізбектері сүтқоректілердің барлық жасушаларында синтезделсе, С тізбегі тек 
сперматоциттерде синтезделеді. 
5.
Дрозофиланың (Chironomus) политенді хромосомаларындағы пуффтардың түзілуі 
(хроматиннің тарқатылуы) арнайы белоктардың синтезін анықтайтын гендер 
активтілігінің айқын дәлелі болып табылады. 
6.
 
ДНҚ молекуласында еш уақытта транскрипцияланбайтын бөліктері де бар, мысалы 
нуклеотидтердің қысқа, тандемді қайталанатын жүйелерінен тұратын учаскелер. Олар 
хромосомалардың гетерохроматиндік учаскелерінде, центромераларында және У-
хромосомада орналасқан. ДНҚ-ның бұл учаскелері барлық жасуша типтерінде еш уақытта 
транскрипцияланбайды. 
Сол 
сияқты 
ДНҚ-ның 
спейсерлік 
учаскелері 
де 
транскрипцияланбайды. 
Бірақ 
кейбіреулері 
ядролық 
РНҚ 
молекулаларымен 
транскрипциялануы мүмкін. 
 



Жоғары сатыдағы эукариоттар геномының айтарлықтай үлкен бөлігі ДНҚ-ның 
қайталанатын жүйелерінен тұрады. Ол жүйелерде құрылымдық және реттеуші гендtр 
болмайды. 
Оларды 
псевдогендер 
деп 
атайды. 
Псевдогендер 
бірқатар 
ген 
тұқымдастарында кездеседі. Псевдогендер ДНҚ-ның комплементарлы көшірмелері, олар 
сәйкес а-РНҚ-ның кері транскрипциясы нәтижесінде түзіледі. Псевдогендердің 
интрондары түсіп қалады және құрамында транскрипцияның жүруіне кедергі болатын 
көптеген стоп кодондар (мағынасыз кодондар) кездеседі.
7.
Кейбір ДНҚ-да сплайсинг жүріп, нәтижесінде хромосома ішіндегі гендердің орын 
алмастырулары байқалады. Бұл механизмді иммуноглобиндер синтезін бақылайтын 
гендердің экспрессиясында кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет