Апталардың сұрақтары


Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері



бет16/25
Дата21.10.2022
өлшемі62,76 Kb.
#154231
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Апталарды с ра тары
Тоқтарова Әсем 20-09а тобы, 5 зертханалық жұмыс , тағам биотехнологиясы, 1 зертхана.Тоқтарова Әсем 20-09а, Trimester 1 unit 4, Биліктің қалыптасуының тәсілдері мен көздері-engime.org
Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.

Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. "Легитимділік" термині (лат. легітімұс — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды.Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікгі ала келді, осының салдары — ұзақка созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әр түрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады.Билік легитимациясы — азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол — осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады. 

  1. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет