Апталардың сұрақтары


Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік)



бет13/25
Дата21.10.2022
өлшемі62,76 Kb.
#154231
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Апталарды с ра тары

Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік).

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.
Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі.
3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
4 Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.
5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

  1. Биліктің функциялары.

Билік функңиялары оның әлеуметтік қажеттілігі мен мәнін бейнелейді. Бұл тарауда біз билік ұғымын жалпы қарастырып отырғандықтан, биліктің төмендегідей функ- цияларын бөліп көрсетуге болады:
Ұйымдастьфушылық функциясы. Билік адамдар қауымдастығын белгілі бір тұтастыкқа ұйымдастырады
Идеологиялық функция. Адамдардың тіршілік етуі саналы процесс болғандықтан, билік бірігіп тіршілік етудің керек екенін жөне қауымдастықта төртіпті сақтаудың, оның тіршілік әрекетінің перспективаларын айқындаудың мәнін теориялық тұрғыда негіздейді
Мәжбүрлеу, көндіру функциясы. Биліктің бұл функциясы "агрессивтілігімен" сипатталынады, ол мақсатты жөне бағынушыдан белгілі бір реакцияны талап етеді, өзінің еркін таңа отырып, шектеулер қою арқылы оның жүрістұрысын нормалайды. Мәжбүрлеу, көндіру үшін билік жазалау, сондай-ақ марапаттау сияқты ықпал ету құралдарын пайдаланады.
Келісім функциясы. Бұл функция биліктің маңызды функцияларының бірі. Билік төреші рөлін орындай отырып, дербес орган ретінде субъект-субъектілік қатынастар жүйесінде әрекет етеді.

Баскару функциясы. Бұл функция біріктіруші сипатқа ие. Ол белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталып өткен функциялардың барлығын қамтығанымен, олардың бірдебіреуіне жатпайды. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет