Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясыныњ


Қарапайымдылар типі — Ргоtozoa



бет4/30
Дата07.02.2022
өлшемі302 Kb.
#88099
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Протозология

Қарапайымдылар типі — Ргоtozoa

Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Жасуша пішіні әртүрлі, тұрақты (кірпікшелі кебісше) немесе тұрақсыз (амеба) болады. Қарапайымдылардың денесі өте кішкентай: 3 мкм-ден 160 мкм аралығында болады. Ол сыртқы мембранадан, цитоплазмадан, ядродан және органоидтардан тұрады. Сыртқы мембрананың құрылысы жасушалардың мембранасына ұқсас; цитоплазмасы 2 қабатқа бөлінген — сыртқы қабаты — эктоплазма, тығыздау, біркелкі және мөлдір, ал ішкі қабаты - эндоплазма, түйіршікті және сұйықтау болып келеді. Эндоплазмада жалпы қызмет атқаратын органоидтары болады: митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені т.с.с. Сонымен қатар, қарапайымдыларда ерекше қызмет атқаратын органоидтарда кездеседі. Оларға қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, қорғаныстық т.с.с. органоидтары жатады.


Қарапайымдылардың қозғалу органоиды болып жалғанаяқтары, талшықтары, кірпікшелері саналынады.
Қарапайымдардың қоректену тәсілі автотрофты (фотосинтез) гетеротрофты (фагоцитоз, пиноцитоз) болады. Ас қорыту органоиды болып ас қорыту вакуольдері, зәр шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдер саналынады; ал кейбіреулерінде ерекше тесікшелер - қылаулатқыштар кездеседі.
Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі жасушаның жай 2-ге бөлінуі аркылы, не жасушаның көптеп бөлінуі (шизогония) арқылы жүруі мүмкін (ядросының бөлінуі - митоз, одан кейін ұзынан немесе көлденең цитокинез). Жынысты көбеюі копуляция (талшықтылар). не коньюгация (инфузория), күйінде кездеседі.
Ортаның қолайсыз жағдайында циста (тығыз қабық) түзіледі. Бұл кезде олар қозғалуын тоқтатып, қалың қабықпен қапталып, тыныштық күйіне көшеді. Олардың зат алмасуы мүлдем тоқталады. Кейбір жағдайда циста таралу қызметін атқарады. Қолайлы жағдай туса олар қайтадан тіршілігін әрі қарай жалғастыра береді
Қарапайымдардың 70000-ға таяу түрі бар. Олар табиғатта кең таралған және мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда .еркін және паразиттік тіршілік ететін түрлері кездеседі. Табиғатта топырақ, бор түзуге қатысады, адамдар мен жануарларда әр түрлі зілді ауруларды (малярия, лишманиоз) қоздыруы мүмін.
Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:

1. Саркодиналар,(тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа);


2. Талшықтылар класы (Ғ1аqе11аtа);
3. Споралылар класы (Sроrоzоа);
4. Инфузориялар (кірпікшелілер класы (.Jnfusогіа).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет