Ішек амебасы – Еntamoeba coli – ауру туғызбайды, морфологиялық құрылысы дизентерия амебасына ұқсас. Ол вегетативті форма және циста түзеді, циста да 8 ядросы болады. Цистасы 13–25 мкм.
Ауыз амебасы - Entamoeba gingivalis – тіс сыртында, таңдай миндалиналарының көмекей безінде орналасады, сау адамдардың 25%-да кездесетін, комменсал. Көлемі 6-30 мкм, циста құрмайды. Бактериямен, лейкоциттермен қоректенеді. Иек қанаған кезде эритроциттермен қоректенуі мүмкін.
Талшықтылар класы — FLagellata
Бұл класқа 6-8 мыңға жуық түрлер жатады, олардың көпшілігі адам паразиттері болып табылады.
Талшықтылардың денесі кішкентай, сопақша, домалақ не жіпше тәрізді, пішіні тұрақты. Олардың дене пішінін сақтауға пелликула жәрдемдеседі. Пелликула дегеніміз – көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа, иілгіш қорғаныш қабат.
Қозғалу органоиды – талшықтар және.желпуші жарғақша. Талшықтар - дененің алдыңғы жағында орналасқан цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып саналады. Талшық цилиндр пішінді базальдық денешіктен немесе кинетосомадан тұрады. Кейбір талшықтылардың (лейшмания, трипоносома) талшығының түбінде ерекше органоид - кинетопласт кездеседі, ал кейбіреулерінің талшығы денесін ұзына бойына бойлап, сыртқа шығып тұрады. Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақша - (ундилденуші жарғақша) түзеді. Талшықтыларда жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостиль – тірек органелласы бар.
Қоректенуі: гетеротрофты, кейбіреулері автотрофты немесе миксотрофты. Паразит нысаны қоректі денесінің бүкіл бетімен пиноцитоз аркылы сіңіреді; гетеротрофтылардың ас қорыту вакуольдері болады. Бөліп шығару органоиды - жиырылғыш вакуольдері еркін өмір сүретін формаларында ғана кездеседі, ал паразит формалары болмайды. Талшықтыларда негізінен бір кейде екі ядро кездесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |