Қарағанды 2020 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Адам философиясы және құндылықтар әлемі



бет9/24
Дата18.09.2024
өлшемі0,74 Mb.
#204656
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Оқу құралы 2020 жыл (2)

3 Адам философиясы және құндылықтар әлемі


3.1 Адам

Адам және оның өмірінің мәні философияның пәні мен объектісі болып табылады. Демек, адам мәселесі - философия ғылымының темірқазығы.


Адам мәселесі дәстүрлі түрде философиядағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Адам туралы ілім антропология деп аталады әрі ол адам мәселесін сонау ерте заманнан бастап зерттейтін философияның негізгі бөлімдерінің бірі.
Адам туралы алғашқы идеялар дүниегекөзқарастың философиялық формасы қалыптасқанға дейін, яғни мифологиялық және діни дүниетанымдарда көрініс тапқан болатын.
Адам мәселесін зерттеу тәсілі ерте Шығыс пен антикалық филосфияда айтарлықтай айырмашылықта болды. Ортағасырлық философияда теоцентрлік көзқарас басым болды: адамның шығу тегі, мәні, оның тағдыры Құдайға деген қатынасы арқылы анықталады. Қайта өрлеу дәуірінде ежелгі дәстүрлер одан әрі дами түсті. Адам Ғаламмен тығыз байланысты ғана емес, біртіндеп оның орталығы, Құдайға ұқсас, шығармашылық жасаушы қағида деп жарияланды. Ал жаңа дәуірдің мәдениеті мен философиясында адам өзі туралы ойлауға қабілетті, дербес, танып-біле алатын және шығармашылық тіршілік иесі ретінде түсіндірілді.
ХХ ғасырдағы постклассикалық ағымдар философиядағы «антропологиялық бетбұрыспен» сипатталады. Әлеуметтік және экзистенциалды қайшылықтар адам өмірінің біртектілігі, нәзіктігі, дағдарысы туралы идеялады терең зерттей отырып, ХХІ ғасыр философиясын ерешелей айнала білді. Адам болмысының өзгерістері туралы ойлау негізінен үш негізгі бағытта өрбіді:
Адамды натуралистік тұрғыда түсіндіру оның табиғатпен тығыз байланыстылығын аңғартады;
Экзистенциалды - феноменологиялық тәсіл адам болмысының ешнәрсеге ұқсамайтын ерекшелігіне баса назар аударады. Адам болмысы экзистенциалды еркіндік жағдайында тұлғалық мағынаға ие болады;
Антропологиялық философиядағы әлеуметтік-сыни бағыт (неомаркстік, структуралистік), маркстік дәстүрлерді жалғастыра отырып, адамды анықтауда әртүрлі тәсілдерді (саяси, идеологиялық, коммуникациялық, әлеуметтік) қолданып, оның мінез-құлқы, қарым-қатынасы, ой-зердесі, шығармашылығы жайында қарастырады.
Ерте Шығыс философиясы - Будда мен Конфуцийдің еңбектерінде, Ведалардың бөлімдерінде қарастырылатын адам туралы дүниегекөзқарастың мифологиялық, діни-символикалық синтездерімен ерекшеленеді. Бұл бастамалар мен элементтердің қатынасы өзгергенімен, адам туралы түрлі зерттеу тәсілдерінің бірлігі сақталып қала бермек. Ежелгі Шығыс философиясындағы адамның шығу тегі мен мәні туралы идеялар көбіне мифологиялық тұрғысынан зерттеледі. Бұл әлем және адам арақатынасы жөніндегі ойдың тұжырымы. Сондықтан, бұл дәуірге адамның шығу тегін табиғи құбылыстардың жандануымен, рухтануымен байланыстыратын анимизм, антропоморфизм тұрғысында зерттеу тән. Адам және әлем Құдайлардың туындысы деп есептеді.
Будда ілімінде адам өз тағдырын өзі жасап, өз формасын өзі таңдайды, себебі оған таңдау берілген. Ол қайғы - қасіреттен арылу үшін адамның имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. Адам баласы сонда ғана азаптардан құтылып, мәңгі рахатқа бөленбек. Ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрысталуы керек. Сол бойынша адам қайта туудан (сансарадан) арылмақ. Адам өмірден озғаннан кейін қайта туу процесіне тап болады. Буддистердің дүниетанымында адам жаны қайта тууға қабілетті. Бірақ бұл өмір азапқа толы. Сондықтан, Буддизмнің негізгі мақсаты өмір-азаптан біржола құтылу. Қайта туу процесін сансара деп атайды. Сансара шеңберінде қалып, адам жанының қайта дүниеге келуі карма деп аталатын заңға байланысты. Карма тіпті адамның қандай кейіпте келуін де анықтай алатын күш. Буддизмдегі карма дегеніміз адамның осы өмірдегі барлық жүріп өту жолы, іс-әрекеттерінің жиынтығы. Буддизмдегі діни нанымнан келіп адамның қоғамдағы немесе осы өмірдегі орны мен мақсаты туралы көзқарастар туындайды.
Конфуцийдің ілімі мемлекеттік идеологияны қалыптастыру мақсатында қалыптасқан еді. Оның ілімі Шығыс Азия елдері өміріне айтарлықтай септігін тигізді. Конфуций философиясының негізі - үйлесімділікке негізделген қоғам құру. Қоғамның әр мүшесінің өз орны болуы керек және олар өздеріне тиесілі қызметпен ғана шұғылдануы қажет деп түйіндеді. Қоғамдағы қай әлеуметтік тапты алып қарасақта оларды байланыстыратын негізгі күш ол адалдық деді.
Конфуций дүниетанымы философиялық - этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Мәрт ер». «Мәрт ер» болу үшін адам бай болуы шарт емес, ол үшін адамның тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез - құлқы болуы керек.
Конфуцийдің философиясы әділ адамға тән бес негізгі қасиеттерден бастау алады, бұлар: құрмет (Жэнь), әділеттілік (И), рәсім (Ли), даналық (Чжи), әдептілік (Синь).
«Жэнь» - «құрмет», «жомарттық», «мейірімділік» секілді асыл қасиеттерді топтастыратын қытай философиясындағы іргелі категория. Бұлар адам иеленуі керек бес қайырымдылықтың ең бастысы. «Жэнь» үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады: адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық, екі адамның бір-біріне деген дұрыс қарым-қатынасы, адамның айналасындағы әлемге, оның ішінде жансыз заттарға деген қатынасы.
«И» - «әділеттілік» мағынасын білдіреді. «И» қағидасын адам мұны өзімшілдігінен емес, «И» жолының жалғыз шынайы жол болғандығынан ұстанады.
«Ли» - «салт-дәстүр», «әдептілік», «рәсімдер» деген мағынаны білдіреді. Қытай философы әлемдік үйлесімділікке кедергі келтіретін қақтығыстарды жуып-шаю үшін әдептіліктің негізі болатын салт-дәстүр, рәсімдерді игеру арқылы шешу жолын ұсынады. «Ли» қағидасын меңгерген адам үлкендерді құрметтеп қана қоймай, олардың қоғамдағы орнын да түбегейлі түсінеді.
«Чжи» - бұл «даналық». «Чжи» - мәрт, асыл адамның бір қыры. «Ақыл-ой» адамды жануардан ажыратады, «Чжи» қыңырлыққа жол бергізбей, күмәннан арылтады, әрі ақымақтықпен күреседі.
«Синь» - бұл «сенімділік» (Благонадежный). Сенімді адам деп қайырымдылықты сезінетін адамды айтамыз. «Синь» рәсім, әдептілікті теңестіре отырып, екіжүзділіктің алдын алады.
Адам мәселесі ерте Грек дүниетанымында да философияның темірқазығына айнала білді. Тіпті адам әлемдегіү дүниедегі барлық заттардың өшеміне айнала білді. Адам туралы пікір әсіресе, Сократ пен Платон ілімдерінде кең бағытта зерттелді. Сократ (шамамен б.з.д. 469 - 339 жж.) – антикалық философ, оның ілімі сол кездегі атуралистік қағидалардан идеализмге өту кезеңімен тұспа-тұс. Соркратты философия тарихындағы рухани революционер деп атаса да облады. Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдардың ілімдеріне тікелей әсер еткен тұлға. Сократ ілімі бізге Платон мен Аристотельдің еңбектері арқылы ғана жетті. Сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз тек өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін деді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді өзің танып - біл» қағидасы тнегізінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өміршеңдігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (әділеттілік) анықтау мен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөзіндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғара түседі. Міне бұл Сократтың әйгілі «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасына жол ашады [5, 45 б.].
Платон - ақиқат мәселесін аса қажетті және жалпыға бірдей ең жоғарғы игілік деп қабылдаған Сократтың шәкірті. Платонның пайымдауынша, философия - таза ізденістер арқылы ақиқатты тануға ұмтылуды қамтитын ең жоғарғы мәнге ие ғылым саласы. Ол өзін, Құдайды және шынайы бақытты танудың жалғыз жолы. Платон, өзінің ұстазы Сократ секілді, моральдық-этикалық мәселелерді бірінші қатарға қоя отырып, адам, қоғам және мемлекет мәселесін зерттеудің аса маңыздылыға баса назар аударды. Платонның этикалық ілімі адамның болмысы туралы түсінікті анықтаумен ерекшеленеді. Платон мен Аристотельдің философиялық мұраларында адам өзін ғарыштың бөлігі ретінде танып, ғарыштық бастамаға ұмтылу жолдары сезіледі. Осылайша адам, өмірдің мәні өлім мен мәңгілік бастаманың қосылуын жүзеге асыруда деп түсінеді. Нәтижесінде неоплатонистер жасаған Құдайдың бастамасы ашылды - адам Құдайды өз бойынан таба білді әрі бұл адамның бостандығы мен тұлғалық сипатының қалыптасуына білдірді.
«Никомах этикасында» Аристотель «адам табиғатынан қоғамдық тіршілік иесі», ал «Полития» еңбегінде «адам саяси тіршілік иесі»деп атап көрсеткен болатын. Адам тумысынан саяси тіршілік иесі ретінде қалыптаса отырып, инстинкті түрде бірігіп өмір сүруге бейімделеді. Адамдардың топқа бөліну, олардың қоғамдағы атқаратын қызметтеріне қарай жіктелу себебі – адамдардың туа біткен қабілеттеріне байланысты. Адамда биологиялық және қоғамдық екі бастама бар. Адам өмірге келген сәттен бастап жалғыздыққа тап болмайды, ол өткені мен қазіргісін саралай отырып, адам баласына тән сезімдерді бойына сіңіріп, тәжірибе жинақтайды. Сондықтан, адам өмірін қоғамсыз елестету мүмкін емес.
Орта ғасырлық философияда адам Құдай орнатқан әлемдік тәртіптің бөлігі ретінде зерттелді. Ал христиан дінінде айтылатын адам туралы тұжырым «Құдай бейнесінде екенін және оған ұқсастығы» екендігін нақтылайды. Ортағасырлық христиан философиясының көрнекті өкілдерінің бірі әулие Аугустин болды. Оның онтологиясы мен абсолютті тіршілік ретіндегі Құдай туралы ілімі ғана емес, сонымен бірге адам туралы ілім де Платоннан бастау алды. Ол адам тұлғасының дамуын өзінің «Тәубеге келу» еңбегінде жан-жақты талқылауға тырысты. Адам бір-бірінен тәуелсіз, қарама-қайшы жан мен тәннен тұратың Құдай жаратқан тіршілік иесі деді Аугустин. Аугустинге қарағанда, Акуиналық Томас адам туралы христиандық ілімін негіздеу үшін Аристотель философиясына жүгінді. Адам - періштелер мен мақұлықтар арасындағы тіршілік иесі. Бұл жан мен тәннің бірлігін білдіреді, айырмашылығы тек жан ғана тәнді «қозғалысқа» түсіреді әрі адамның мәнін анықтайды. Жан - материалды субстанция емес, бірақ, өзінің түбегейлі өміршеңдігін тән арқылы жүзеге асыра алады.
Қайта өрлеуде адам философияның орталық мәселесіне айналды. Адамды діни тұрғыда түсіндіруге талпынған ортағасырлық философияның шырмауынан шығып, адамға шығармашылық жаратушы, тұлға ретінде сипаттама берді. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Адамға бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет салаларымен шұғылдануға толық мүмкіндік берілді. Ренессанстық кезеңдеді кең тараған ағымдардың бірі гуманизм (лат. Humanus - иманды) - адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде гуманизм тиянақты идеялық көзқарас ретінде қалыптасты. Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы бағытта дамыды. Гуманистер адам бостандығын жариялай отырып, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру құқын паш етті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері - Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо да Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтень, Джованни Пико делла Мирандола және т.б. зиялы қауым өкілдері адам туралы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды әрекеттер атқара білді.
Философия тарихында адам мәселесіне баса назар аударған ойшылдардың бірі Людвиг Фейербах болды. Фейербахтың пікірінде, дін - адам қиялының жемісі. Діни жаңсақ пікірлерден арылу үшін, адам Құдай жаратқан тіршілік иесі емес, мәңгі табиғаттың ажырамас бөлшегі екенін түсіну қажет деп тұжырымдады. Бұл тұжырым Фейербах антропологизмінің мәні еді. Фейербах адамды ең алдымен рухани тіршілік иесі ретінде қарастырған Гегельдің идеалистік көзқарасын терістеп, адамға материалистік тұрғыда анықтама беруге ұмтылды. Тек тән ғана адамды толыққанды дамыта отырып, адамның «Менін» қалыптастыра алады. Рухани бастама тәннен бөлек дами алмайды, жан мен тән организм депп аталатын нақты ақиқаттың екі қыры. Осылайша, адам табиғаты Фейербах дүниетанымында биологиялық тұрғыда түсіндіріліп, адамзат дамуының негізіне айналды.
Қай кезеңде болмасын, философтар адамұғымын түсінуге тырысып, оның бейнесін жасауға тырысты. Солардың бірі неміс ойшылы Фридрих Ницше болды. Ол философияда өмір философиясы бағыты арқылы адамға терең философиялық анықтама беруге тырысты. Өзінің дүниетанымында негізгі мәселе етіп «жоғары адам» концепциясын алға қояды.
Фридрих Ницше философиясы адам бейнесі мен оның сана-сезімі, мәні және болмысы саласындағы барлық зерттеулермен қаныққан, олар «жоғары адам», ерік туралы идеяларымен тығыз байланысты. Адам бейнесіне келетін болсақ, бұл оның болмысының түрлерін сипаттау немесе белгілі бір саладағы оның мүмкіндіктерінің эскиздік құрылымы. Ницше шығармаларындағы адам бейнесінің кейбір аспектілерін сипаттау кезінде нені ойластырғанын толық түсіну мүмкін емес, себебі ол адам болмысы мен оның мәнін түрлі қырлары бойынша сипаттайды. «Жоғары адам» - бұл ерік – жігері күшті, өз өмірінің ғана емес, өзгелердің өміріне қожалық еткен адам. Ф.Ницше өзінің «Заратустра осылай деген» атты еңбегінде адам үнемі өзін-өзі еңсеріп, «жоғары адам» болуға ұмтылуы керек деп баяндады.
Адам мәселесі қазақтың қоғамдық-философиялық дүниетанымында сана мен танымды жүзеге асырушы ретінде анықталады. Бұл мәселенің дамуы - қазақ рухының, оның ұлттық санасының даму тарихының көрінісі. Қазақ дүниетанымында адам мәселесіне толыққанды тоқталған ойшылдардың бірі Абай Құнанбаев болды. Ол өзінің «Адам бол!» қағидасын ұсына отырып, толық адам санатына қосылудың жолдары білімде әрі ғылымды тануда деп дәріптеді. Кез келген таным - білімнің негізінде махаббат жатыр. Себебі, баланың білімге деген құштарлығын ояту үшін, оған ең алдымен ғылымға деген сүйіспеншілігін оятатын себептер болуы керек, бұлар: жақсы ата-ана, жақсы орта, жақсы ұстаз. Абайдың тұжырымдауынша, бала ғылым-білімді өздігінше таба алмайды, сондықтан оған бағыттаушы болғаны абзал. Абайдың 37-ші қарасөзінде: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген»,- дейді.
Ұлы Абай этикалық дүниелермен тығыз байланысқан эстетикалық мәселелерді зерттей отырып, адамның танымдық қабілетін әлемге паш еткен теңдессіз ғұлама ойшыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет