бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджан Куралай Алиевна мерзімі: 08.04.2015ж.
пәні: әдебиеттік оқу
тақырыбы: «Жыл мезгілдері» Ескен Елубаев
мақсаты: сабаққа жеті модульдерді ықпалдастыру. Оқушыларға сыни тұрғысынан ойлата отырып, топпен, жұппен дұрыс жұмыс жасауға, олармен дұрыс әрекеттесуге дағдыландыру. Табиғатты қорғауға, аялауға баулу.
көрнекілігі: стикер, Дымбілместің ағашы, кітаптар көрмесі, автор портреті, жыл мезгілдерінің суреттері, аудиожазба, музыка, мәтін
әдіс – тәсілдері: «Жүректен жүрекке», қайталау жаттығулары, топтастыру, коллаж жасау, әңгіме жазу, кесте толтыру
№
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушылардың іс – әрекеті
Ресурстар
1
Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топтастыру
-Оқушылар, мынау біздің қаламыздағы Төрегелді Шарманов атындағы кітаптар үйінің бұрышы. Сабақ барысында жинаған тиындарыңа топтаса отырып, кітап сатып алуларыңа болады