Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет174/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
До укрупления
I.Пушкинский с. Пушкино 646 с. Пушкино
313 Алабас 12
12 Узун-Булак 19
17 Кара-Су 20
12 Кажикбай 25
11 Ботакан 23
7 Кызл-Шал 40
9 Агыс 30
17 Шанрак-Кемер 32
19 Хасен 35
3 Куралы 24
9 Каска-Булак 21
13 Каска-Сгирь 16
4 Борсекты 9
7 Шагала 5
3 Жирк-Кудук 7
7 Кара-Су 14
486 с.Жана-Кала 7
294 с.Жастлек 12
5 Туе-Тас 15
5 Жанке 19
225 с.Курома 8
17 Сункаркия 42
9 Жас-Аран 85
32 Токан 91
12 Чонша 98
12 Чолак-Каин 106
11 Кокбактас 116
8 Каир 124
21 Ерен 125
5 Абдыкен 25
ИТОГО: 2252


357
После укрупнения
II.Пушкинский с.Пушкино 646 с.Пушкино -
313 Алабас 12
12 Узун-Булак 19
17 Карасу 20
12 Нажикбай 25
11 Ботакан 23
7 Кызыл-Шал 40
9 Агыс 30
17 Шапрак-Кемер 32
19 Хасен 35
13 Куралы 24
9 Каска-Булак 21
13 Каска Сиир 16
4 Барсыкты 9
7 Шагалы 5
3 Жирк-Кудук 7
7 Карасу 14
486 с.Жана-Кала 7
294 с.Жастлек 12
5 Туе-Тас 15
5 Жанке 19
225 с.Курома 8
ИТОГО: 2124


358
Еңбекшілер депутаттары 
Жаңаарқа аудандық 
Кеңес атқару комитетінің 
төрағасының орынбасары /А.Жахин./
Еңбекшілер депутаттарының Қарағанды облыстық кеңес атқару
комитетінің председателі Байұзақов жолдасқа
Жазбаша баяндама
Осымен бірге еңбекшілер депутаттарының Жаңаарқа аудандық кеңес 
атқару комитетінің «Қаражал» елді мекеніне жұмысшы поселкесі деп 
атақ беру және онда поселкелік кеңес құру туралы №78 16.05 1949 жылғы
қаулысын жолдап төмендегі түсініктеме береді.
1. Поселкелік кеңес құрылайын деп отырған Қаражал елді мекенде тұратын 
Атасу таукен зерттеу экспедициясының жұмыскер қызметкерлерінің 703 үйі 
тұрады. Жалпы халқының саны 1850 адам, мұның ішінде жұмыскерлер 830, 
оның үй семьясы 640 адам, қызметкерлері 30 адам, оның үй отбасы 250 адам. 
Мұның ішінде Қаражал поселкелік кеңесі құрылғалы отырған елді мекеннің 
қамтуына кіретін Қытай елді мекенінде үй саны 179, жұмыскері 79 адам, оның 
отбасы 112 адам, қызметкері 25 адам, оның отбасы 70 адам.
2. Осы Қаражал елді мекені орналасқан аумақта ауыл шаруашылығына, 
әсіресе жыртып егін салуға жарайтын жер және ауыл шаруашылығы мен әкім 
ететін елді мекендер жоқ.
3. Осы поселкелік кеңес құрылғалы отырған Қаражал, Қытай елді 
мекендерінде тұратын жұмыскер қызметкерлерінен өз меншігінде ірілі ұсақты 
1241 бас малы бар.
4. Ұйымдастырылуға ұсынылып отырған Қаражал поселкелік кеңесінің 
әкімшілік билеу қамтуына тек Қаражал, Қытай елді мекендерін және жаңадан 
салынуға тиісті темір жол бойын қалдыруды ұсынып отырмыз. Қаражал мен 
Қытай елді мекендерінің арасы 18 шм.
5. Қаражал поселкесінің шекарасы: күншығыс және солтүстік-батыс 
шегі Атасу поселкелік кеңесі мен батыс жағы Түгіскен ауылдық кеңесі мен 
шектескен мемлекет жерінен 1817 шм. жер.
6. Поселкеде жаңа тиісті салынған пәтер үйлер жоқ, тек балшықтан 
салынған үйлер.
7. Болашақ поселкенің орталығында кен зерттеу экспедициясының 
күшімен жүргізілетін бір монша және бір электростанция бар. Бұл 
электростанциясының күшімен 20-30 шамалы үйге жарық беріледі.
7. Қаражал поселкесінде бір бастауыш мектеп, Қытай елді мекенінде бір 


359
бастауыш мектеп небары екі мектеп бар. Осы жылдың октябрь айынан бастап 
20 койкелік бір больница, амбулаториясы мен және бір библиотека ашылуға 
тиісті.
8. Бекітулеріңізге ұсынылып отырған поселкелік кеңестің бюджет 
көлемі 170 мың сом, бұл бюджет қаражаты әзірше аудандық бюджетте тұр, 
мұның ішінде халық ағарту шығындарына 12 мың сом денсаулық сақтау 
шығындарына 133 мың сом, әкімшілік билеу орындары шығыны / пос.кеңес 
апараты шығыны/ 25 мың сом, бұл соңғы қаражат босатылуы сіздерден 
сұралып отыр.
9. Қаражал поселкесінің қарауына жататын Атасу кен-зерттеу 
экспедициясының зерттеу қорытындысы бойынша осы 1949 жылдың соңғы 
айларынан бастап Атасу атты қара металл шығаратын рудник ашылып, ол 
руда жұмысына кірісілмек. Рудник ашылумен байланысты Жарық-Жезқазған 
теміржол бойынан Атасу руднигі не яғни Қаражал елді мекеніне қарата 
ұзыныдығы 70-80 км теміржол салынбақ.
Бұл жүргізілейін деп отырған екі түрлі күрделі шараларға тиісті уақытында 
жанды, тікелей басшылық және көмек берумен қатар, өсіп келе жатқан 
жұмыскер қызметкерлерінің арасында ұйымдастыру – көпшілік жұмыстарын 
басқарып жүргізу үшін поселкелік кеңес ұйымдастыру өте қажет.
10. ССРО Министрлер Кеңесінің 1.07. 1947 жылғы №2271 қаулысы мен 
бекіткен типовой штатына сәйкес поселкелік кеңесінің штатын 5 адамнан 
бекітулеріңізді сұраймыз.
Осы жоғарыдағы жағдайларды түсіндіре келіп, Қаражал Қытай елді 
мекендерін Атасу поселкелік кеңесінен бөліп, Қаражал жұмысшы поселкесі 
деп атандыру мен бірге онда поселкелік кеңес ұйымдастыру жөніндегі 
Жаңаарқа аудандық кеңес атқару комитетінң қаулысын бекітуді сұраймыз.
Аудандық Кеңес Атқару комитетінің төрағасы /
Шаяхметов./
Жаңаарқа ауданындағы Қаражал елді мекенін жұмысшы поселкесіне 
айналдырып, онда поселкелік кеңесті құру жөнінде.
1. Еңбекшілер депутаттарынң Жаңаарқа аудандық Кеңес атқару 
комитетінің 16.05. 1949 жыл №78 Қаражал елді мекенін жұмысшы поселкесі 
деп атандыру және онда поселкелік Кеңесті құру туралы қаулысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалысы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінен сұралсын
Еңбекшілер депутаттарының Облыстық
Кеңес атқару комитетінің төрағасы: Х. Байұзақов
Еңбекшілер депутаттарының Облыстық
Кеңес атқару комитетінің хатшысы: М. Дәкеев
Түгіскен ауыл кеңесінің төрағасы: Қирабаев


360
Түгіскен ауыл кеңесінің хатшысы: Алимолдин.
Еңбекшілер депутатарының Жаңаарқа аудандық Кеңес атқару 
комитетінің қаулысы
Атасу поселкесі 27 август 1952 жыл.
Жаңадан Келтетал, Ынтымақ 
ауылдық кеңестерін құру жөнінде
Колхоздарды іріленіп, мекен қоныстары малдың отарлары көбейтуіне 
байланысты ауылдық Кеңестердің кезекті жұмыстары уақтылы атқарылмай 
келеді. Фермелер колхоз орталығынан алыс және шалғай қоныстарынан 
ауылдық Кеңес арқылы жүргізілетін есеп-санақ жұмыстары мезгілінде 
жүргізімейді. Тұрғын халықтың малы, жаны есебін алу, олардың талабына 
байланысты ауылдық Кеңес арқылы атқаратын денсаулық, байланысы т.б 
жұмыстар мүлдем кешеуілденіп жүргізіледі.
Әсіресе халықтың мекені және ауыл кеңесіне қарасты жаны көп 
Қарауылтөбе және Қызылшоқы ауыл кеңестеріне жоғарыдағы кемістіктер 
көп кездесіп келеді. Қарауыл төбе ауыл кеңесіне іріленген 47 мекенді пункті 
бар Киров атындағы, 19 мекенді пункті бар Ынтымақ колхозы қарайды,
Қызылшоқы ауыл кеңесіне 23 мекенді пункті бар Өндіріс колхозы, 20 мекенді 
пункті бар Өркендеу колхозы бар.
Қызылшоқы Қарауылтөбе ауыл кеңестерінің кезекті жұмыс атқаруының 
қиындығына байланысты Еңбекшілер депутаттарының Жаңаарқа аудандық 
Кеңесі атқару комитеті 
Қаулы етеді.
1. Қарауылтөбе ауыл кеңесінің қарауына іріленген 47 мекенді пункті бар 
Киров атындағы колхоз қалдырып, 19 мекенді пункті бар Ынтымақ колхозы 
бойынша жаңадан Ынтымақ ауыл кеңесі құрылсын.
2. Қызылшоқы ауыл кеңесінің қарауына іріленген 20 мекенді бекеті 
бар Өркендеу колхозы қалдырылып, 29 мекенді бекеті бар Өндіріс колхозы 
бойынша Келтетал ауыл кеңесі құрылсын.
3. Жаңадан құрылатын Ынтымақ және Келтетал ауылдық кеңестерін 
бекітуді Еңбекшілер депутаттары Қарағанды облыстық Кеңес атқару 
комитетінен сұралсын.
Еңбекшілер депутаттары 
Жаңаарқа аудандық 
Кеңес атқару комитетінің 
төрағасының орынбасары /А.Жахин./
Еңбекшілер депутаттары Жаңаарқа аудандық Кеңес атқару комитетінің 
Хатшысы
/Х. Абильдинов./


361


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет