Сабақтың тақырыбы: Дені саудың жаны сау Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет1/2
Дата02.03.2020
өлшемі311,07 Kb.
#59383
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Дені саудың жаны сау


Сабақ: Тәрбие сағат

Мектеп: Б. Момышұлы атындағы орта мектеп

Күні:

Сынып жетекші: Абдыкожаева З.Ж.

Сынып:   4 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Дені саудың – жаны сау

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):

70% оқушылар «Дені саудың – жаны  сау!»  тақырыбында берілген мәліметтерді толық түсінеді

Сабақ мақсаттары 


Барлық оқушылар: Денсаулық, тазалық, салауат туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Денсаулық туралы көп мағлұматтар біледі және өз ойларын ашық  айта алады.

Кейбір оқушылар: Денсаулық туралы көп мағлұматтар біледі және өз ойларын ашық  айта алады. Өлеңді мәнермен айта алады.

Тілдік мақсат


Оқушылар: ...(істей)  алады

   Дені саудың  - жаны сау туралы түсінік алады. Сабақтың  тақырыбын ашады, талдау жұмыстарын жүргізуді, жалпы дене  қимыл қозғалыстарын істей алады.

  Негізгі сөздер мен тіркестер:

 Денсаулық, тазалық, салауат - деген сөздер туралы мағлұмат алады.

  Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсартуда ауызша тапсырмаларды орындауда сөйлеу дағдылары дамиды.

  Талқылауларға арналған тармақтар: денсаулыққа пайдалы табиғи  өнімдер туралы не білесіңдер?

  Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Денсаулыққа кері әсер беретін, зиянды тағамдарды  пайдалансақ не  болатынын айта аласыз ба?

  Жазылым бойынша ұсыныстар:

Табиғи өнімдердің пайдасы -  деген тақырыпта өз ойларын жазады,  талқылап айтады.



Табыс  критерийлері


  1. Денсаулық туралы өлеңдерді мәнерлеп айта алады.
  2. Денсаулыққа пайдалы және зиян тағамдар туралы біледі.
  3. Жеке басының гигиенасын сақтауды біледі.

Алдыңғы тақырып

«Қамқорлық» акциясы

Жоспар


Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  жаттығулар


Ресурстар


Басталуы


  Ынтымақтастық  атмосфера  орнату  – Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр

 Ендеше, қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Үлкенге де Сіз!
Кішіге де Сіз!
Барша адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

 - Ал балалар, шаттық шеңберін жасаймыз.

Балалар бәріміз бірге  «Өрмекшінің өрнегін» жасай отырып бір-бірімізге жақсы тілек   айтайықшы.

      Енді балалар өздеріне қажетті суреттерді таңдап алып орнымызға жайғасамыз.

 - Әр топ өздерінің тобының атын айтады.
 1- топ «Денсаулық»
 2- топ «Салауат»
 3-топ «Тазалық»
 Жарайсыңдар!


Лента

 

Суреттер




Ортасы  


  Мағынаны тану:

  «Кинометафора» әдісі арқылы жаңа сабақты ашамын.

  – Ал, балалар бейне баянды тамашалап осы бейне баянға тақырып  қоямыз.

  –  Ал, кәне балалар бейнебаяннан нені білдік, не туралы көрдік, қане  сыный тұрғыдан ойланып айтамыз. Жарайсыңдар балалар бәріміз бірге бүгінгі сабағымыздың тақырыбын  айтайықшы.

  – Хормен: Дені саудың – жаны сау!

  – Міне балалар, біз денсаулық туралы бейне  бянды көрдік, енді,  сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

  – Біздің халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

 – Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдырыңызда. Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан- жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

  – Оқушылар: Денсаулық.

  – Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

  – Оқушылар: Шынығып, спортпен дос болып, дұрыс тамақтанату, тазалық сақтауымыз керек.

  – Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау – ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.

  – Денім сау болсын десең – тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.

  – Ендеше балалар денсаулыққа арнап өлен шумақтарымызды  айтайықшы.



Денсаулық  тобы

Тазалық  тобы

Салауат  тобы

 
Боларсың шымыр шынықсаң,
Денің сау болар балғадай.
Түсініп сырын сен ұқсаң,
Темекі досың болмағай.

 


Денсаулық - ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбіржерің ауырмай.

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай данамызда.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың бұл әлемде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай.
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті.
Құру үшін сен саулық,
Керек мықты денсаулық.

Денсаулық - қашаннанда   алтынға тең
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел.

Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білесің.
Жастық шақтың қадірін,
Қартайғанда білесің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсатқанда білесің.

Денсаулықты сақтап түзу өсесің,
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.

 

Улап қоймай өзіңді,


Жұртқа да тиер кесірің.
Жаман әдет жұққышы,
Болмасын шылым жан досың

 

 



- Оқушылар біздің деніміз сау болу үшін денсаулыққа пайдалы іс  әрекеттер жасап, имунитетімізді көтеру керек. Олай болса бейне баяннан денсаулыққа пайдалы кеңесімізді тыңдайықшы.
- Ал балалар,  біз денсаулыққа пайдалы табиғи өнімдерді туралы не  білеміз? «Кластер» әдісі арқылы біз Топтық жұмыс жасаймыз.

- Әр топ басшылары берілген тапсырманы аламыз және оны қорғап  шығамыз.

- Ал енді балалар денсаулыққа не зиян екенін білеміз бе?
- Оқушылар: ия, білеміз темекі, арақ, қытайдан келген тағамдар,  жалқаулық денсаулыққа зиян.  
- Осы айтылған сөздерді дәлелдеу үшін бейне баяннан көрейікші.
- Денсаулыққа зиян тағамдар туралы бейне баянды көрейік.
- Ендеше денсаулыққа зиян әдеттерден аулақ болып, зиянды заттарды  пайдалануға болмайтындығын біле жүріңіздер және есте сақтаңыздар!

- Оқушылар біз спортпен шұғылдану керек дедік жаңа, ендеше біздің  мектебімізде де ұстаздарымызда оқушыларымыда спортпен  шұғылданып салауатты өмір салтын сақтау дұрыс жолға қойылған.

- Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортсмендерімізді білеміз бе?
- Оқушылар: ия білеміз!
- Мінекей балалар біздің елімізді бүкіл әлемге спорт жағынат танытқан чемпиондарымыз
- Бізде осы чемпиондар сияқты бола аламыз ба?
- Ендеше Сергіту  әтінде Жазира Жаппарқұл сияқты зіл темір көтеріп  Қазақстанды әлемге таныта аламыз ба?
Қанекей балалар әр топтан бір жігіттен шығып зіл темір көтеріп  жарысамыз.               


Бейне баян

 

 



 

 

 



 

 

 



Слайдтар

Денсаулыққа  пайдалы бейне баян

Слайдтар, бейне  баян, табиғи өнім түрлері плакаттар,  маркерлер, 

 

 



Слайдтар,  суреттер

 

 



 

Денсаулыққа  зиянды бейне баян

 

 Слайд


Зіл темір

 

Қимыл іс – әрекет



Аяқталуы



  - Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымыздан не үйрендім, не білдіңдер,  нені алдыңдар, қандай көңіл күйде, қандай сезімде болдыңдар, соны білдіру үшін біз кері байланыс жасаймыз.
«Аралдарға» саяхатқа шығамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет