Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет175/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Еңбекшілер депутаттары Қарағанды облыстық 
Кеңес атқару Комитеті төрағасының орынбасары Ткаченко жолдасқа
Сіздің 24304 санды телеграммаңыз бойынша Жаңаарқа аудандық кеңес 
атқару комитеті «Ауылдық кеңестерді ірілендіру жөнінде» төмендегіше 
хабарлайды.
Біздің аудан бойынша 9 ауылдық кеңес бар. Бұрынғы 29 колхоздан 
іріленген 11 колхозды қамтиды. Онымен қатар теміржол станцияларымен 
разъездерін қоса қамтиды. Колхоз халқының саны көп болумен қатар мал 
шаруашылығына байланысты жағдай қоныстанған ең кем дегенде 30-40 
бөлек ферме орталықтары бар. Мұның өзі кезекті санақ алу жұмыстарында 
қиындық туғызып келеді.
Осымен қатар ауыл кеңестерді ірілендіру жұмысы жүргізілген уақытта 
оның қамтитын халық пункттері өте мөлшерден тыс көбейтуге тиіс. Сол 
сияқты ауылдық кеңестердің еңбекшілер арасында олардың талап-тілегіне 
байланысты жұмыс атқарылуына қиындық түсуге тиіс.
Сондықтан да бізде алдын ала жасалған материалдар бойынша атқару 
комитетінің мәжілісінде ауылдық кеңестерді бұрынғы қалпында қалдыруға 
деп шешілді.
Еңбекшілер депутаттары 
Жаңаарқа аудандық 
Кеңес атқару комитетінің 
төрағасының орынбасары /А.Жахин./


362
Еңбекшілер депутатарының 
Атасу ауылдық Совет атқару комитетінің қарары
Орталығы Атасу колхозы №4 3 апрель 1959 жыл
Атасу ауылдық Кеңесіне Талдыбұлақ ауыл кеңесін қосу туралы
Атасу колхозының шаруашылық жұмысымен Ленин атындағы колхоздан 
территориясының бір-біріне жақындығын ескеріп, Атқару мәжілісінде 
Атасу ауыл кеңесіне Талдыбұлақ ауыл кеңесін қосу туралы қаулы етеді:
1. Атасу ауыл кеңесіне Талдыбұлақ ауыл кеңесін қосу мақұлдансын.
2. Осы қаулыны бекітілуін аудандық Кеңестен сұралсын.
Атасу ауылдық Кеңесінің төрағасы : Молдабеков
Атасу ауылдық Кеңесінің хатшысы: Шырынбеков 
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қызылтау кеңшары КСРО-к ІІМ 
Карлагы кеңшары болған, 1958 ж. бастап Қызылтау кеңшары КСРО кеңшарлар 
Одағы министрлігінің трест басшылығына беріледі. Қазіргі кезде кеңшар
ауыл кеңесі жоқ, Жанаарқа ауданының орталығынан 120 км. қашықтықта, 
оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
Сондықтан Қызылтау кеңшарында ауыл кеңесін құру керек деп есептейміз.
А) кеңшар құрамында І.І-1954 жылғы, халқының саны – 1054
Б) ауыл шаруашылық мағынадағы кеңшар құрамындағы жер мөлшері 
280293 га, соның ішінде 1958 га өңделуде.
В) кеңшар құрамында 365 бас ірі-қара мал бар.
Г) Қызылтау кеңшарының аумағында, өнеркәсіп орталықтарында 
Қызылтау қорғасын руднигі, кеңшардан 30 км батысқа қарай орналасқан.
Д) кеңшар құрамында 21 тұрмыстық баспана құрылысы бар, оның 4-і 
тастан, қалғаны саманнан, көше бар, одан да басқа кеңшар құрамында МТФ 
пен ОТФ-қ 8 баспана құрылысы бар.
Е) Баспана салуға қатысты ауылда электрификация қызметі жұмыс істейді.
Ж) кеңшар құрамында мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-тұрмыстық 
НСЖ басқармасы, клуб, балабақша, аурухана, почта, монша жұмыс істейді.
З) кеңшармен байланыс почта арқылы жүреді, оны Ағадыр почталық 
бөлімшесі қамтамасыз етеді.
И) Жергілікті бюджеттен кеңшарға әлеуметтік-тұрмыстық нысандар керек
(аурухана, балабақша, мектеп), 64,8 мың рубль қаржы қарастырылған.
К) Болашақ Қызылтау кеңшарының өсуі мен дамуының келесідей:
1954 жылғы пайдаланған жерді 2020 га жеткізу, ірі қара мал басын 1500 басқа 
дейін жеткізу қой ешкіні 22000 басқа дейін жеткізу, жылқыны 500 басқа дейін 
жеткізу.


363
3 қыркүйек
Жаңарқа ауданының атқарушы комитетінің төрағасына
ҚОНАҚБАЕВ Қ. жолдасқа 
Жеңіс колхозын үлкейту және жерді пайдаланудағы қателіктерді түзету 
мақсатында қажетті шараларды қолданған жөн.
Облыстық Кеңес атқарушы комитетінің еңбекші депутаттары Жеңіс 
колхозында аталған жұмыстарды өткізу үшін арналған комисия құруын 
өтінеді. Комиссия құрамында: Аудандық Кеңестік атқарушы комитетінің 
төрағасы (комиссия төрағасы), зоотехник, землеустроитель мен гидротехникті 
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасынан, бас агрономы, Дроздов жолдас 
пен бүкіл колхоздардан өкілдер болуы керек.
Комиссия және колхоз өкілдерінің жиналысында қателіктерді жөндеу 
шараларын талқылап шешу қажет. Бүкіл материалдарды Аудандық Кеңестік 
атқарушы комитетінде қарап, Облыстық кеңестік еңбекші депутаттарының 
атқарушы комитетіне 1953 жылдың 25 қыркүйегінде тапсыру қажет.
Облыстық Кеңес атқарушы 
комитетінің төрағасының орынбасары /Н. Агафонов/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет