Қарағанды облысы



бет3/3
Дата06.11.2016
өлшемі496,5 Kb.
#1176
1   2   3

Көз жанары көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған Қарағанды облыстық мамандандырылған кітапханасы

Қарағанды қ., Коммунналар к., 1

Көз жанары көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Қарағанды облыстық арнайы кітапхана 30 1969 жылдың 30 қазанында құрылған ,1973 жылы облыстық деген атауға ие болды. Кітапхана мақсаты : ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру, әр түрлі мүмкіншілігі шектеулі оқырмандарға ақпаратқа, білім мен мәдениетке қолжетімді жағжай туғызу. Кітапхана 2 бөлімшеден тұрады, 6 кітапханалық пункт, үй және сырттайғы абонементі бар кітапхана облыс пен қала бойынша көз жанарлары көрмейтін мүгедек жандар мен басқа да санаттағы мүгедек жандарға арналған жалғыз ақпараттыық-мәдени мекеме болып табылады. Компьютерлік технологиялар дамуы көз жанары көрмейтін жандарға ақпарат алуда аса қолайлы мүмкіндіктер тудырды. 2007 жылдан бастап әдістік-библиографиялық жұмыс және типология бөлімі базасында Тифлоинформациялық орталық жұмыс жасайды. Ол маңызды технологиялық база болып табылады, денсаулық жағынан мүмкіншілігі шектеулі жандардың адаптациялық мүмкіншілігін көтереді.Компьютерлік сауат ашу сабақтары жүргізіледі, электронды ресурстармен өзіндік жұмыс жасауға жағдайлар жасалған. Кітапхана стандарттан тыс бағыттағы жүргізлетін жұмыстарға талпыныс жасайды.Бұл тұрғыдан көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандарға арналған бірнеше форматтағы өлкетану басылымдарының шығарылуы: рельефті-нүктелік, ірішрифтегі және цифрлық - аудио.Орталықтың қызметіне көбіне көз жанарынан мүмкіндігі шектеулі балалр мен үлкендер, көзі көрмейтіндерге арналған мектеп оқушылары, студенттер, жұмысшылар, әр түрлі саладағы білім мамандары,әр түрлі мәселелермен айналысатын мекеме жұмыскерлері. Барлық кітапханалық қызметтер тегін. Орталықта көз жанары көрмейтін жандарға арналған автоматтандырылған үш жұмыс орны – тфлокешендермен жабдықталған, арнайы сөйлеу «Virgo»бағдарламасымен, «Pocket-Vario» брайлевті дисплейімен және рельефті-нүктелік шрифтімен басып шығаруға арналған «Everest» принтерімен,  тифломагнитофондармен, 2 «Poet Compact» оқу машинасымен, «Philips» көз жанары нашар көретін жанрға арналған көп есе үлкейтетін электронды лупамен жабдықталған.    

Ерекше ұйымдастырушылық пен ерекше жағдайларда ғана оңалту әсерлері жүзеге асатындықтан кітапхана жанында «Ғибрат» және «Собеседник» атты клубтық бірлестіктер жұмыс жасайды, себебі кітапханада клуб қатысушыларына әлеуметтік байланыс жасауға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, қызығушылық активизциясына қажетті орта қалыптасқан. Кітапхана қызметкерлері мүгедектерге құжаттарды жинап, рәсімдеуге, шет ел және отандық фестивальдарға арналған шығармашылық жұмыстарды дайындауға, НПО конкурсына қатысуға мини-жобалар жасап дайындауға шығармашылық жағынан оңалту көмектерін көрсетеді.  Кітапхана оқырмандарының көпшілігі мәдени және спорттық ісшаралардың жеңімпаздары мен дипломанттары атанып жүр. 42 жылдың ішінде арнайы кітапхана көз жанары көрмейтін және нашар көретін жандардың кішкентай ғана қалалық мекемесінен облыстық дәрежесі бар қызмет көрсететін еліміздегі ірі кітапханалық орталыққа айналды.



Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайы

Қарағанды қ. , Ерубаев к. , 38

Қарағанды облыстық тарихи өлкетану мұражайы –бұл ғылыми-зерттеу және мәдени орталық болып табылады, бұнда өлке тарихының ерте заманнан осы уақытқа дейінгі көптеген куәгер жәдігерлер сақталған. Мұражай 1932 жылы политехникалық болып ашылды. 1938 жылы облыстық өлкетану мұражайы болып аталды, 1964 ж. тарихи-өлкетану мұражайы болды. 1938 жылы геология бөлімі АНСССР экспедициясы жұмысының нәтижесінде табылған пайдалы қазбалар негізінде толықты. 1940 жылы мұражай Мәскеу профессоры С.Киселевтің жетекшілігімен алғаш рет археологиялық экспедицияға шықты. В 1962 жылы мұражай қоры академика А.Маргуланның жетекшілігіндегі археологиялық экспедициының тапқан қола дәуірінің бағалы жәдігерлерімен толықты. 2002 жылы анторпологиялық портреттік компьютерлік анимациялық ғылыми жұмысы жобасы шеңберінде мұражайда алғаш рет Қазақстан бойынша «Бабалар бейнелері» жаңа экспозиция ашылды. Бұл коллекцияда компьютерлік графика арқылы Қазақстан жерінде өмір сүрген адам бас сүйегі арқылы бейне реконструкциясы мен одан арғы жанбітіру арқылы көрсетілген. Бұл экспозиция қазақ халқы этногенезінің көпқырлы процесін бақылауға жағдай туғызады, себебі қазақ халқы этносы екі нәсілден жергілікті европойд пен келіп қосылған монголойд нәсілдерінен құралғандығы туралы жаңадан мұражай жұмысында жаңаша беттер ашылды. «Doldy Digital» жүйесімен жабдықталған бірегей кинозал ашылған, онда оқыту бағдарламалыры мен лекцияларда қолданылатын ғылыми және документальді фильмдер көрсетіледі. Мұражай қорында 146833 астам жәдігер сақталған, олар: палеонтология бойынша бағалы материалдар, археология, этнография, сәндік-қолданбалы өнер, нумизматика, бағалы сирек кітаптар, құжаттар мен фотоматериалдар. Мұражай ауданы жалпы 1800 ш.м. алады және 16 залдан тұрады. Лекция, экскурсиялар және т.б. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы

Қарағанды, Бұқар жырау даңғ.,76

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы 1988 жылдың қыркүйегінде ашылған, аоғашында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімі болған. Тек 1989 жылы ғана оған облыстық бейнелеу өнері мұражайы атауы берілді. Ең әуелі мұражай қарағанды шеберлерінің сыйлаған суреттерімен толықты, кейіннен көптеген ұйымдардың сыйлаған жұмыстарымен толыға түсті. Солай қазақстанның атақты суретшілерінің: А.Кастеева, А.Галимбаевой, Г.Исмаиловой, К.Тельжанова, Л.Леонтьева, Е.Сидоркина, С.Мамбеева және т.б. жұмыстары Қазақстанның шығармашылық Дирекциясының көрмесінен жіберілді. Коллекцияның көптеген бөлігін экслибрис құрады. Мұражайдың графика бөлімін көп жылдар бойы суретші коллекционер Р.А.Граббе сақтаған кітап белгілері мен осы өнер бағытын бағалаушы С.Г. Ивенскидің жәдігерлері толықтырып тұрды. Аса қызығушылық тудыратын «Ұмыт болған есімдер» коллекциясы Қарағандыда 30-50 жылдары өмір сүрген кеңестік суретшілер жайлы, қала мәдениетінің негізі қаланған уақыт туралы сыр шертеді. ХХ ғасырдың әр жылдары жасалған халықтық қолданбалы өнер жәдігерлері мұражайда 173 дананы құрайды. Бұл бөлімде қазақ халық қолданбалы өнерінің толық көрмесі бар. Бұл коллекцияның ең бір бағалы дүниесі (ХХ ғ. басындағы) ішкі жабдықтарымен жабдықталған қазақы киіз үй болып табылады. Сондай-ақ орыс, украин, авторларының өз халық өнерін жалғастырушы бірегей туындылары қойылған (үрмелі шыны, керамика, қолжазба, инкрустация). Х1Х ғасыр шет ел өнері бөлімінде неміс және француз форфоры, сондай –ақ перломутормен оймышталған корей халқының ағаштан жасалған өнер туындылары қойылған. Скульптура бөлімінде 74 өнер туындысы қойылған. Барлық өнер шығармалары ХХ ғасырдың екінші жартысына тиесілі. Қарағанды скульптуралары атақты шеберлердің, Қаз.ССР еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің — Н. Гуммель и А. Билыктардың жұмыстары. Барлық қор келесі бөлімдермен классификацияланған: «Қарағанды живописі»; «Қазақстан живописі»; «ТМД живописі»; «Қазақстан графикасы»; «ТМД графикасы»; «Экслибристар»; «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері»; «ТМД мен Алыс шет ел сәндік-қолданбалы өнері»; «Ресей және Қазақстан скульптурасы».

Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Теміртау қ., Республика даңғ., 40

Орталықтың ең басты жұмысы - мәдениет шеңберіндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен мұражай ісі; Қазақстан Республикасындағы мемлекеттіктің тарихын құру мен мұражайлық бейнесін көрсету; сондай-ақ театрландырылған қойылымды ісшаралар ұйымдастыру мен өткізу. Мұражай ғимаратының баламасы жоқ , ол заманауи талаптарға сай орындалған. Бірінші қабатында: лекциялар өткізуге арналған опералық, халықтық, симфониялық жанрлардағы концерттер өткізуге арналған кино – лекциялық зал; ғылыми конференциялар, съездер, жиындар өткізуге арналған конференц-зал; кіші конференц-зал және оқу залы бар кітапхана орналасқан. Екінші қабатында жасампаз Қазақстанның құрылуы мен дамуына қатысты маңызды мұражай экспозициялары қойылған, Алғашқы Президенттің өмірі мен жүрген жолдары жайлы, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының тарихы жайлы сыр шертеді. Архивтік материалдар, кино және фотоқұжаттар, кітаптар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары мынадай тақырыптық экспозицияда қойылған: «Тәуелсіз Қазақстан», «Өз уақытының баласы», «Тұлға феномені», «Қазақстанның болат келбеті», «Жылдар тоғысында», «Қазақстан жолы». Мұражай экспозициялары жаңа шығармашылық және техникалық шешімде безендірілген. Мұражайда экранды Touch-Screen электронды ақпараттық киоскіер жұмыс жасайды. Оның көмегімен мұражай жәдігерлері бойынша толықтай ақпарт алуға болады, экскурсовод көмегіне жүгінбей-ақ, экспозициы туралы қосымша бейнелік және құжаттық материалдарды алу мүмкіндігі бар.

Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы

Балқаш қ., Ш.Уәлиханов к., 12

Орталықтың ең басты жұмысы - мәдениет шеңберіндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен мұражай ісі; Қазақстан Республикасындағы мемлекеттіктің тарихын құру мен мұражайлық бейнесін көрсету; сондай-ақ театрландырылған қойылымды ісшаралар ұйымдастыру мен өткізу. Мұражай ғимаратының баламасы жоқ , ол заманауи талаптарға сай орындалған. Бірінші қабатында: лекциялар өткізуге арналған опералық, халықтық, симфониялық жанрлардағы концерттер өткізуге арналған кино – лекциялық зал; ғылыми конференциялар, съездер, жиындар өткізуге арналған конференц-зал; кіші конференц-зал және оқу залы бар кітапхана орналасқан. Екінші қабатында жасампаз Қазақстанның құрылуы мен дамуына қатысты маңызды мұражай экспозициялары қойылған, Алғашқы Президенттің өмірі мен жүрген жолдары жайлы, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының тарихы жайлы сыр шертеді. Архивтік материалдар, кино және фотоқұжаттар, кітаптар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары мынадай тақырыптық экспозицияда қойылған: «Тәуелсіз Қазақстан», «Өз уақытының баласы», «Тұлға феномені», «Қазақстанның болат келбеті», «Жылдар тоғысында», «Қазақстан жолы». Мұражай экспозициялары жаңа шығармашылық және техникалық шешімде безендірілген. Мұражайда экранды Touch-Screen электронды ақпараттық киоскіер жұмыс жасайды. Оның көмегімен мұражай жәдігерлері бойынша толықтай ақпарт алуға болады, экскурсовод көмегіне жүгінбей-ақ, экспозиция туралы қосымша бейнелік және құжаттық материалдарды алу мүмкіндігі бар.

Көрме залы бар Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы

Жезқазған қ., Алашахан к., 22

Көрме залы бар Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы 1978 жылы 10 мамырда Жезқазған тау-металлургиялық комбинаты тарихи-өндірістік мұражайы базасы негізінде Қазақ ССР министірлігі кеңесінің қаулысымен ашылды . 1997 жылдың 4 шілдесінде облыстың ыдырып кетуіне байланысты тарихи-археологиялық болып аталды. 1998 ж. ежелден бастап осы кезге дейінгі Жезқазған облысының табиғаты мен тарихы жайлы сыр шертетін стационарлық экспозициялық мұражайы ашылды. 22 января 1999 жылдың 22 қаңтарында мұражай ҚМКШ «Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы» қайта құрылды. 2004 жылдың 18 желтоқсанында Жезқазған қаласының 50-жылдығына орай және қала мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін тарихи-археологиялық мұражай қалалық мәдениет бөлімінің «Алтын кітабына» енгізілген. Тарихи-археологиялық мұражайы Ұлытау-Жезқазған өңірі мәдени және тарихи ескерткіштерін жоспарлы зерттеу жұмыстарын басты назарға алады.

Мұражай археологтары Ұлытау ауданындағы Айбас-Дарасы тамы мен Талдысай ежелгі қола дәуіріндегі металлургтар қонысын Ә. Марғұлан атындағы археология Институтының Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұражайдың қызметкерлерінің жұмыстары Марғұлан және Байқоңыр ғылыми зерттеу жұмыстары оқуларының жинағында, республикалық және жергілікті БАҚ-да жарияланғын. 2010 жылы мұражай қорлары мұражайлық тарихи бағасы бар жәдігерлермен толықты. Олардың көбісі қалада өткізген көрмелер мен жәдігерлер жинастыру нәтижесінде келіп түскен еді. Оның ішінде 557 монетадан және қағаз ақшадан тұратын нумизматикалық коллекция, 1937 жылы корей диаспорасы берген қол сағат, 50 жылдардағы былғары, жауынгар интернационалистер Г. Куттыбаев пен С. Маргаренконың кешенді заттары, „Чернобыль апаты“ тақырыбы бойынша материалдар, С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драмалық театрының тарихы бойынша кешенді материалдар сақталған. Мұражай қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференцияларда өз зерттеу жұмыстары тақырыбында ғана емес, сондай –ақ жаңа жобалар, мұражай жұмысының дамуына қатысты идеялар мен ғылыми зерттемелерімен қатысып жүрді, облыстық және республикалық фестивальдарда, конкурстарда әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін жоғарылатып отырады.



Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы

Теміртау қ., Металургтар даңғ., 28/4

1972 жылдың 10 ақпанында қалалық жұмысшылар депутаттары Кеңесі атқару комитеті Теміртау қаласы тарихы мұражайын ашу туралы шешім қабылдады. СССР МИМ Карметкомбинатының бұйрығына сәйкес сауда орталығының ғимараты қалалық тарихи-өлкетану мұражайына жалға берілді. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұражай Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы болып аталды. Қорда 20796 жәдігер сақталған, оның ішінде 15844 жәдігер негізгі жәдігерлер қатарына жатады. Қарағанды облысы бойынша жалғыз «Нумизматика» залы ерекше қызығушылық туғызады, 1300 ден астам жәдігерден тұратын коллекцияда әр түрлі дәуірлер мен елдердің монеталары мен ақшалық белгілері бар. Мұражайда қала бойынша жалғыз көрме ұйымдастыру залы бар. Осы жерде ғана оқушылар нағыз өнермен: суреттер мен скульптуралар, фотографияларды тамашалай алады, халық және балалар шығармалары туындыларымен сусындай алады. Әр бір өткізілген экскурсия танымдық әңгімемен және оқушылармен зерттеу жұмыстарымен өріліп отырады, көрмелердің ашылуы кезінде суретшілер мен өнер адамдарымен ашық сұхбаттасуға болады. Көрме залының ауысымы әр ай сайын жасалып отырады. 10 экспозициялық зал, көрме залы, шығармашылық салоны бар.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына арналған мұражай

Долинка селосы, Шахтинск қ., Долинка с., Школьная к., 39

ҚР Президентінің тапсырмасымен, Қарағанды облысы әкімінің қаулысымен және Шахтинск қаласы әкімінің шешімімен 2011 жылы 24 ақпанда негізі қаланған. Мұражай Қазақстан территориясында орналасқан еңбекпен түзету лагерлері құрбандарының рухына тағзым ету және Қарлаг тарихи ескерткіштерін зерттеп сақтау мақсатында ашылған. Мұражай Карлаг НКВД Басқармасының бұрынғы ғимаратында орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 3326,6 ш.м. 2011 жылдың 31 мамырында Долинка селосындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына арналған мұражайдың экспозициялық презентациясы болды. Жалпы жәдігерлер саны – 3825 бірлік, оның ішіндегі 1460 жәдігер негізгі қорды құрайды. Тұтқын кереуеті; темір пеш; Карлаг тұтқынының тұрмыстық заттары; ХХ ғ. 30–60 жылдардағы оқиғаларды жазған Карлаг тұтқынының күнделік жазбасы; тұтқындардың фотосуреттері мен құжаттары; Н. И.Реченскийдің картинасы- мұражайдың бірегей жиынтық жәдігерлері.

Абай Құнанбаетың әдеби-мемориалдық мұражайы

Абайский район, г.Абай, ул.Абая, 32

1980 жылы ашылған. Қорда 4315 жәдігер қойылған, олар Абайдың қайраткерлігіне байланысты, ұрпақтары және шығармашылық мұрасына қатысты материалдар, құжаттар, фотосуреттер. 4 экспозициялық залында Абайдың өмірінің кезеңдері, әдеби мұрасы, Абай мен қазіргі дәуір, Шерубай-Нұра ауылы мен Абай қаласының тарихы көрсетілген. Зал экспозициясын Абай заманына сай жабдықталған қазақы киіз үй толықтырып тұр. Қойылған барлық заттар қазақ халық қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан дүниелер. Жәдігерлерден келушілер қазақтың дәстүрлі қолданбалы өнерімен таныса алады;әр жылдардағы ақын өлеңіне жазылған әндер пластинкалары қойылған ақын-композитордың музыкалық шығармашылығы жайлы сыр шертетін бөлім жұмыс жасайды, сондай-ақ ақынның музыкалық мұрасын алғашқы таратушылар жайлы материалдар жинақталған. Әр тілдегі «Абай жолы» кітаптар экспозициясы келушілердің қызығушылығын тудыруда

Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайы

Актогай селосы, Ж.Ақпаева к.,

1986 ж. негізі қаланған. Мұражай қорында 4041 жәдігер сақталған, оның ішінде археология, этнография, сәндік-қолданбалы өнер туындылары жиынтықтары бар. Мұражайдың ашылуына Ақтоғай ауданы территориясы аумағындағы көптеген археологиялық ескерткіштер мен мәдени мұралар себеп болды. Тас ғасыры мен қола дәуірінің ежелгі ескерткіштерінен бастап, сақ, ғұн, түркі, қыпшақ заманына дейінгі ескерткіштер сақталған. Олар академик Ә. Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан экспедициясымен зерттелген. Экспедиция1947 жылдан 1977жылға дейін, 30 жыл бойы осы өлкеде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Беғазы-Дәндібай мәдениетінің көптеген ескерткіштері ашылып, оларға ғылыми аннотациялар берілді. Мұражай ғимаратының қоршауы бар, ішкі жағында мұртты Қорған макеттері – ортағасырлық түркі-қыпшақ дәуірінің балбал тастары қойылған. Мұражайдың ең қызықты экспозициялары: «Алаштын арқадағы үш арысы», «Актоғай - ән мен күйдің өлкесі» , «Қазақ киіз үйінің жинақылығы», «Беғазы мәдениеті», «Бейбіт еңбек жазбалары».

Бұқар жырау тарихи-өлкетану мұражайы

Бұқар жырау ауданы, Ботақара селосы, Абылайхан к., 37

2004 ж. ашылған. Жастарға рухани тәрбие беру және халықтық шығырмашылықты дамыту, рухани және материалдық құндылықтарды насихаттап сақтау, әдеби-өлкетану мұраларын сақтау мақсатында бой көтерген. Мұражайда 3 экспозициялық зал бар. Жыл сайын мұражай қоры аудан, облыс, республикалық архивтердің материалдарымен толығып отырады. Ауқымды өлкетану жұмыстарымен айналысады. Бірегей жиынтықтар: бу және шойын үтіктер, 30 жылдардағы потефон мен «Рекорд» теледидары, Осколок метеорита 1935 жылы құлаған метеорит сынығы, 1940 жылғы ағаш түйгіш, 1935жылғы Фотоаппарат, 19 ғасыр соңындағы С. И. Мосиннің тапаншасы, қыш құмыра, 1940 жылғы ағаш астау, 1910 жылғы метирикалық кітабы, кітаптардан:Л. Толстойдың «Отец Сергий» 1912 ж. «Война и мир» 1952 ж., М. Горькийдің 1946 ж., күміс сапты айна 1901ж. Калинина атындағы сельхозартелдердің жерге орналастыруға қатысты құжаттары— 1935 ж., қолдан тоқылған матадан тігілген белдемше 1940 ж. Ұршық 1940 ж., Рубель и тербелме 1940 ж., Лампадка под икону 1901 ж., Икона 1908 ж., Орыс жеріндегі алғашқы форфоршы Кузнецовтың мөрі басылған тәрелке, күміс түйме, тасбих 1926ж., 1854ж.шығарылған Құран Кәрім.

С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа тарихи-өлкетану мұражайы

Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, С.Сейфуллин к., 26

1960 жылы Д. Ізтөлеуовтың мұрындық болуымен жәдігер жинау басталды. Музей официально открыт в Мұражай ресми түрде 1984 жылы ашылды. Бөлімдерден тұратын 4 экспозициялық зал бар: «С.Сейфуллиннің өмірі мен қайраткерлігі», «Сәкен ел жадында», «Революция жылдары», «Сәкен және әдебиет», «Азапты жылдар». Мұражай қорында 549 жәдігер сақталған, олардың ішіндегі қызықтылары: С. Сейфулиннің қайраткерлігіне байланысты құжаттар, кітаптар. Мұражай қоры аудан тарихы бойынша материалдар жинақтайды: қола дәуіріндегі археологиялық зерттемелер, өлке тарихи тұлғаларының (батырлар, ақындар, композиторлар) портреттерінің фоторепродукциясы. Совет заманындағы аудан құрушылырының, халық білім беру қызметкерлерінің, мәдениет, денсаулық сақтау, шойын темір жол транспортының, ҰОС ардагерлерінің және еңбек ардагерлерінің, атақты спортшылардың, ғалымдар мен ауған соғысының ардагерлерінің фотопортреттері қойылған. Мұражай мақсаты: сақталымды, тіркеуді қамтамасыз ету, тарихи-мәдени құндылықтарды жүйелеу; ақын, жазушы, саяси қайраткер С. Сейфулиннің мұрасын, ұлттық дәстүр мен өлкетануды насихаттау; қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұрпақты тарихи және өлкетану білімі арқылы рухани және эстетикалық құндылықтарға тәрбиелеу, халықаралық мәдени ісшараларға, акцияларға қатысу.

Нұра тарихи-өлкетану мұражайы

Нұра ауданы, Киевка кенті, Тәуелсіздік к., 43

Мұражай 2012 жылы 11 ақпанда ашылған. 3 көрме залы бар. Экспозицияда жасампаз Қазақстанның, Қарағанды облысының, Нұра ауданы мен Киевка аулының құрылуы, мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан бергі негізгі заңдары мен бұйрықтары қойылған. «Археология және этнография» залында Қазақ хандығы мен мемлекеттің құрылуы туралы, республика, облыс, аудан экономикасының дамуына орасан үлес қосқан тұлғалар жайлы материалдар қойылған. «Аумақ мәдениеті» залында Тәуелсіздік жылдарындағы Қарағанды облысының Нұра ауданы жайлы тарихи-мәдени матеиалдар жинақталған. Қазақ халқының сәндік-қолданбалық өнері: қазақ халқының тұрмыстық заттары, әшекей бұйымдары, Ресейдің орталық ауданынан келген келімсектердің үйінің ішкі жинақтық көрінісі көрсетілген.

Осакаровка тарихи-өлкеиану мұражайы

Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Советский қиылысы, 8.

Осакаровка тарихи-өлкеиану мұражайы 1985 жылы жауынгерлік және еңбегімен аты шыққан Курпский атындағы пионерлер үйінің базасында Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі ретінде ашылды. Мұражайдың басты жұмысының бағыты: жинақтау, тіркеу-сақтау, экспозициялық және ағарту жұмыстары. 23 декабря 2011 жылдың 23 желтоқсанында Осакаровка ауданының жаңа екі қабатты тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратының салтанатты түрде ашылуы болып, пайдалануға берілді. Общая площадь здания составляетҒимараттың жалпы ауданы 266 ш.м, экспозициялық -149 ш.м. Жаңа мұражайда 4 зал бар: «Этнография залы», «Атақты тұлғалар залы», «Кеңес дәуірі залы», «Тәуелсіздік залы», онда стендылар мен көрмелер тақырып бойынша безендірілген. Жалпы жәдігенр саны – 2714 бірлік сақталған.

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы +2 бөлімшелері

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Ә. Бөкейханов к., 34

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы 1977жылы 7 қарашада қоғамдық бастамамен ашылды.Ұйымдастыру жұмыстарымен энтузиаттар тобы айналысты. Оның құрамында көбіне ҰОС ардагерлері болды: Аймақов Әділхан, Аманбаев Сұлтан, Мезгілбаев Шаймаран, Иманқұлов Бөпежан, Нөгербек Спатаев. Мұражайдың негізін қалауға белсенді ат салысқан азаматтар: Дуанбеков Біләл, Едгин Елеусіз, Түсүпбеков Сейтқұл, Омарбаев Әбжан, Әрінов Ахметбек, Дүйсетаев Смағанбет, Мусин Серік, Әубәкіров Мейрам, Тохметов Тиышбек, Қадауов Жамсап, Баймұханбетов Қабден, Ахметова Бахия, Ахметов Аман. Мұражайда тас ғасырынан бастап Тәуелсіз ел болғалы Қарқаралы қаласының даму тарихы көрсетілген 7 зал бар. Қазіргі уақытта мұражай қорында 8090 жәдігер сақталған. Этнография және қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері заттары жәдігенрлікте сақталған. Мұражайдың екі бөлімшесі бар: Егіндібұлақ селосындағы өлкетану мұражайы және М. Мамыраев шаруа қожалығының Ақжол ауылында орналасқан К. Қуанышбаев атындағы өлкетану мұражайы.

Шет археологиялық-этнографиялық мұражайы+1 бөлімше

Шет ауданы, Ақсу-Аюлы аулы, Шортанбай жырау к., 141/б

Шортанбай жырау атындағы Шет ауданының археологиялық-этнографиялық мұражайы 1988 жылы Шет ауданының 70 жылдығына орай ашылған. 1989 - 1997 жылдар аралығында Жезқазған облысының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болған. 1993 жылы Шортанбай жырау Қанайұлының 175 жылдығы мерейтойын тойлауда мұражайға сол кісінің аты берілді. 1993 жыдан бастап мұражай Шортанбай жырау атындағы Шет аудандық тарихи-өлкетану мұражайы деп атала бастады. 1996 жылдан бастап аудандық мәдениет үйінің бөлімшесі болды. 2006 жылдың 19 маусымынан Шет ауданының археология-этнографиялық мұражайы болды. 2770 жәдігер сақталған. Олар қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ҰОС ардагерлері жайлы материалдар. Раритеттер, мұражай жиынтықтары: ақын Е. Мустафиннің домбырасы, ақын М. Жапаковтың жеке заттары (ішік, шапан, қамшы), өлке атақты адамдарының заттары.

Жезді аулының тау ісі және балқыту ісінің тарихи мұражайы

Ұлытау ауданы, Жезді аулы, Қожабай к., 4

Тау ісі және балқыту ісінің бірегей мұражайыҰлытау ауданының Жезді ауылында 1994 жылдан бастап жұмыс жасайды. 2006 жылға дейін мұражай жетекшісі болып негізін салушы керемет ұйымдастырушы, болашақ дамуды долбарлай білетін азамат - М.Төрегелдин болды. Орталық Қазақстандағы Тау кен және металлургия өнеркәсібінің құрылу мен дамуы тарихын зерттеу бойынша Қазақстан мен Орта Азиядағы жалғыз мұражай ретінде ерекше мәнге ие. Тарихи-мәдени кешен 4 га астам жерді алып жатыр, экспозициялық залдар- 815 ш.метрді құрайды, арнайы алаңдардағы ашық аспан астындағы экспозициялар - 875 шв.метр аумақты алып жатыр. Мұндай мұражайлар әлем бойынша санаулы ғана. Мұражайға келушілер ашық аспан астындағы – тау кен және металлургия өндірісінің ауқымды жәдігерлермен, кенді үйінділерімен,ежелгі мыс балқыту пештерінің макеттерімен таныса алады. Барлық панорама ежелгі және қазіргі Қазақстандағы тау кен ісінің тарихы мен дамуынан хабар береді. Мұражай қорында 15483 жәдігер сақталған. Оның ішіндегі негізгі қор - 12770 бірліктен тұрады. Бұнда үш демонстрациялық зал, жұмыс істеп тұрған мыс балқыту пештерінің макеттері, мыңға тарта бағалы және сирек кездесетін жәдігерлер, тау жынысының пародалары бар. Ашық аспан астындағы арнайы алаңдардағы жәдігерлер ерекше орын алады:
- еңбек құралдары, металлургияның тау кен өнеркәсібі және әр түрлі дәуірлердегі ауылшаруашылық техникалары;
- жер қойнауының байлықтарын көрсететін кен үйінділері, ежелгі мыс балқыту пешінің макеті;
- паровоз, тар шойын жолдағы вагон- думпкар.

Мұражай бөлімшесі – 1969 жылы ашылған Қарсақпай кентіндегі Қаныш Имантайұлы Сәтпаев мұражай үйі.



Мұражай жетістіктері:
• 1994 жылдың 3 қарашасында мұражай ашылған ашылған кезде ҚР Президенті келіп, мұражай ұйымдастырушылығына жоғары баға берген. Қолданыстағы балқыту пешінде балқыған мыстан бабалар әдісімен жәдігер құйды.
• ОҚАЭ құрамында Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институтымен бірлесе отырып Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Талдысай металлургиялық қонысында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
• 2000 жылы Астана қаласындағы Президенттік Орталықта, Түркістан қаласындағы атақты Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде мұражай көрмесін өткізді.
• Лондон қаласында Қазақстандағы Британ кеңесі ұйымдастырған «Шығыс-Батыс-Шығыс» халықаралық көрмесіне мұражай жәдігерлері қойылған (2005).

Аса қызықты экспозициялар:
•Ашық аспан астындағы ауқымды жәдігерлер: тау-кен техникалары, қолданыстағы ежелгі металлургиялық пештер макеті, алты қанатты киіз үйдегі ашық аспан астындағы этнографиялық көрме. • 2000 жылы Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арналған Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің Қайыңды аллеясы.

Келешек жоспарлары:
• Кеңес металлургиясының алғашқы қарлығашы Қарсақпай зауыты, Қ.И. Сәтпаев мұражай үйі арқылы үш бағытта Жезді-Қарсақпай тарихи мекендеріне туристік бағдарлар.
• Бұланты өзеніндегі Жезді – Қарсақпай — Байқоңыр петроглифтері.
• Жезді – Ұлытау («Ұлытау» тарихи-мәдени табиғи қорығы) – металлургиялық қоныс Талдысай, Басқамыр ортағасырлық қалашық.
• «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қола дәуіріндегі Талдысай металлургиялық қонысын мұражайлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет