Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Когнитивті индикаторлар: 
- күйзелістік жағдайларға тән жағымсыз триада – ӛз тұлғасын, қоршаған 
ортасын, ӛз келешегін жағымсыз бағалау (ӛз тұлғасы кейіпсіз, ӛмір сүруге 
лайықсыз боп кӛрінеді; әлем жоғалтулар мен кӛңілі қалулардан тұратындай; 
және ӛз келешегі үмітсіз, еш болашақсыз сияқты бағаланады); 


13 
- «туннельдік кӛрініс» - мәселені шешуде суицидтен басқа тиімді жолдарды 
кӛруге қабілетсіздік
- істеген ісінің сапасы тӛмендеп, зейіннің бұзылуы.
Эмоционалды индикаторлар: 
- күйзелістік кӛңіл-күй (ӛз тағдырына немқұрайлылық, басыңқы болу,
үмітсіздік, жәрдемсіз қалу, торығу); 
- кӛңіл-күйдің тез ауытқуға бейімділігі; 
- кӛңілсіздік, қайғыру, уайымдау, езілу, түнеріңкі жабырқау; 
- ызалылық, ашуланшақтық, ұрысқақтық, жауласушылық;
- үрейлену, орны толмас қайғыны күту, қорқу; 
- торығу тұрақты кӛңіл-күйге айналады, торығудың шектен шыққан күйі 
ашыну, тығырықтан шығар жол жоқ;
- қуанышты жағдайларда түнеріңкі кӛңіл-күйдің тереңдеуі.
Суицидтік қауіп-қатерді бағалау 
- бұдан бұрынғы суицидтік әрекеттер; 
- күйзеліс; 
- қауіп-қатер жағдайы. 
Жоғары ықтимал суицид белгілері

- ӛз ӛмірін қиғысы келетіні туралы ашық хабарлайтын сӛздер; 
- суицидтік әрекеттердің болуы мүмкіндігін жанама түрде «тұспалдау»; 
- алдын ала белсенді дайындық, қажетті құралдарды мақсатты түрде іздеу; 
- ӛз-ӛзіне қол жұмсау мысалдарына қадалу;
- жақын айналасындағылармен символикалы түрде қоштасу;
- ӛзінің жерлеуі туралы әңгімелер; ӛмірден кету туралы хат жазу.
4. Суицидтік ниеттер шкаласы
 
1.
Пассивті суицидтік ойлар ӛз ӛлімін кӛз алдына елестету, қиялдаумен 
сипатталады, бірақ ол ӛмірін ӛз еркімен қиятындай белсенділік туралы емес. 
Бұған мысал ретінде мыналарды жатқызамыз: «ӛлсем жақсы болар еді», 
«ұйықтап кетіп, оянбай қалсам ғой», «маған бірдеңе болып, мен ӛліп кетсем 
екен» және т.с.с.
5. Суицид 
4. Суицидтік әрекет
3. Суицидті жоспарлау
2. Ӛз ӛмірінің қиылуын тілеу 
1. Ӛз-ӛзіне қол жұмсау туралы ойлар 


14 
2.
Ӛз ӛмірінің қиылуын ойлау, тілеу – бұл суицид кӛрінісінің белсенді формасы, 
яғни ӛз-ӛзіне қол жұмсауға бет алу, оны жүзеге асыру жолдарын жоспарлау 
дәрежесі оның тереңдігімен параллельді түрде ӛсе береді. Ӛз-ӛзіне қол 
жұмсаудың әдістері, әрекеттің уақыты мен орны ойластырылады.
3.
Суицидті жоспарлау. Ӛз-ӛзіне қол жұмсауды ойлау, тілеу адамды оны 
орындауына итермелейді. Әрекеттің нақты тәсілдері, уақыты мен орны таңдап 
алынады.
4.
Суицидтік ойлардың пайда болуынан оларды жүзеге асыруға дейінгі кезең 
дәстүрлі түрде суицид алдындағы (пресуицид) деп аталады. Оның ұзақтығы 
минуттармен есептелуі мүмкін («ӛткір пресуицид»).
Суицидтік әрекет – ӛліммен аяқталмаған, ӛз ӛмірін қиятын әдіс-құралдарды
мақсатты түрде пайдалану.
Постсуицидтік кезең (постсуицид) оның «нәтижесін қорытындылаушы» 
құрамдас бӛліктерден тұрады, ӛз-ӛзіне қол жұмсауға итермелеген қақтығыстық 
жағдай, «психикалық және соматикалық» компоненттерімен қоса суицидтік 
актінің ӛзі, суицидті тоқтатудың ерекшеліктері және одан кейінгі қалпына 
келтіру іс-шаралары, соматикалық зардаптары және асқынулар, суицидтік 
әрекеттен кейін қалыптасқан оған деген жаңа тұлғалық кӛзқарас және т.б.
Постсуицидтер кезіндегі негізгі ерекшеліктер: 
а) қақтығыс және оның субьект үшін маңызы; 
б) суицидтік шешімді қабылдау; 
в) суицидтік мақсатқа тұлғалық кӛзқарас. 
Ӛз-ӛзіне қол жұмсау әрекетінен кейін жақын арадағы постсуицидте негізгі 
үш жағдай атап кӛрсетіледі: 
1) 
суицид тудырушы қақтығыстың маңыздылығы; 
2) 
суицидтік бағдарлардың нақтылық дәрежесі; 
3) 
орындалған әрекетке кӛзқарастың ерекшеліктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет