ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ШАМАЛЫҚ ТІЗІМІ
1. Мектептік білімге дайындық.
1. Гильбуха тесті.
Дайын екенін анықтайды: ақыл белсенділігі, оқу барысында өздігінен бақылау дағдысы, қысқа уақытта есте сақтау мінездемесі, өз ойын айту қабілеті, белсенді сөздік және фонематикалық қабілет.
2. Керна-Ийерасика тесті.
Баланың вербальдік ақпаратты жалпылай алатынын және талдай алатынын анықтайды, баланың вербальдік ойлау қабілетінің қаншалықты дамығанын білудің, сөйлеу тазалығы туралы және қолдың нәзік моторикасының дамуы туралы жалпы мәлімет береді.
3. П. Я. Коэсаның мектептік есею тесті (дарындық).
Оқу қызметі тұрғысынан баланың ең бір маңызды қабілетін табады – есте сақтау, зейін қою, ойлау, қиялдау. Әдіс 1-3 сынып оқушыларының танымдық даму мінездемесі үшін қолдануға болады. Гимназиялық сыныптарға таңдап алу үшін қолданылады.
4. МЭДИС.
Балалардың зияткерлік дамуы деңгейін жылдам тексеру үшін арналған. Тестік тапсырмалар сурет түрінде берілген.
2. Жеке дамудың диагностикасы және түзету ерекшеліктері.
1. Психологтың диагностикалық жұмыс дәптері.
Баланың танымдық ортасын мүмкіншілігінше зерттеудің экспресс-тесттері беріліп отыр.
2. Тест «4-інші артық».
Түсінік белгілері бойынша пәндерді сұрыптау икемдігі. Жалпылау деңгейін, логикалық негіздеме және нақты тұжырым, жалпы ойын қолдану мүмкіншілігін (вербальді-қисынды ойлау негіздері) зерттейді.
3. Төменгі сынып оқушыларының ойлау үдерісін дамыту үшін ойындық жаттығулардың жинағы.
Ойын кезінде төменгі сынып оқушыларының басқа үдерістерге қарағанда психикалық үдерісінің барлығы дамиды. Жинақтағы ойындар бөлімдерге топталады: зейін қою, есте сақтау , қиялдау, ойлау.
4. Ойлау дағдасын дамыту үшін түзету жаттығулары (2-5 сыныптар).
Жаттығу негізгі ойлау қызметінің қалыптасуына бағытталған.
5. Ойлау дағдысын дамыту үшін түзету жаттығулары (6-8 сыныптар).
Жаттығу түзетуге және негізгі ойлау қызметінің қалыптасуына және сөзбен жұмыс істей білуіне бағытталған.
3. Оқушының зияткерлік қызметінің дамуын оқып білу.
1. Д. Векслердің тесті (5-13 жас).
Жеке дамудағы вербальдік және вербальдік емес бөлшектерін сандық тізімдеуге мүмкіншілік береді.
2. Ақыл дамытудың мектептік тесті (АДМТ).
Зияткерлік қызмет түрлерін қолдануға бағытталған (хабардарлық, аналогия бойынша ойлау, сұрыптау, жалпылау, индуктивтік ойлау).
3. Қысқа бағытты тест (13 жастан).
Баланың жалпы қабілетінің интегралдық көрсеткішін анықтайды. Ойлаудың түрлі бөлшектерін түзету бойынша ұсыныстарды таңдау және беру үшін қолданылады.
Төменгі сынып оқушыларының танымал саласын оқыту әдістері.
Зерттейді: түрді, зейінді, есте сақтауды, ойлауды, сөйлеу қызметін тұтас қабылдау қабілеттерін.
Қысқа бағдарлы тест (ҚБТ).
Ақылдың дамуын және зияткерлікті тиімді диагностикалауға рұқсат береді. Алынған материал түзету жұмысының бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
4. Жеке тұлғаны танып-білу әдісі.
Төменгі сынып оқушылары үшін тестілер.
1. Р. Кеттелдің сұрақтары.
Баланың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып неғұрлым қолайлы жағдай құру туралы шешім қабылдауда эмоционалдық және мінез-құлықтық ауытқуын бағалау. Мектепте және отбасында тәрбиелік жұмысты тиімді өткізуге мүмкіншілік береді.
Жас өспірімдер үшін тесттер.
1. Р. Кеттелдің сұрақтары.
Баланың жеке ерекшелігін есепке ала отырып неғұрлым қолайлы жағдай туғызу туралы шешім қабылдайды, эмоционалдық және мінез-құлықтық ауытқуын бағалау керек болған жағдайда қолданылады.
2. Оқушылардың жеке қобалжуын диагностикалау.
Қарым-қатынас жағдайындағы мектептік қобалжуын, өзін өзі бағалаудағы қобалжуын, адамдар арасындағы қобалжуын диагностикалайды.
3. «Өмірде жоқ жануарлар» М. 3. Дукаревич.
Ұғынбау деңгейінде пайда болған, адамның жеке тұлғалық ерекшелігі туралы қосымша ақпарат береді.
Ересектер үшін тесттер.
1. Г. Айзенктің тесті.
Адамның қажырлылығы туралы, эмоциялық ортадағы түрлі мінездердің көрсетілген дәрежесі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
2. Кеттелдің 16 факторлық жеке сұрақтары.
Жеке тұлғалық құрылым, өз ара қарым-қатынастың ерекшеліктері, мінез-құлықтың жетекші стилі, ерікті бақылау деңгейі туралы түсінік береді және т.б.
Бағалы бағытты оқып білу әдісі.
Өмір сүрудің жалпы бағытын анықтайды.
4. Журавлев-Рубахиннің әдісі (жеке стильді оқып білу). Басшының жеке стилін оқып білуді ұйғарады. Әдіс мектеп әкімшілігінің басқару стилін және (шамалы себеппен) мұғалімнің сыныпты басқару стилін анықтау үшін қолдануға болады..
5. Кәсіптік бағдар.
1. Климов бойынша мамандықты сұрыптау (9-11 сыныптар).
Еңбек барысының бағытын, мақсатын және тілейтін мінезін анықтайды.
2. Жоғары сыныптармен кәсіптік кеңес өткізу бағдарламасы.
8-11 сынып оқушыларымен жеке кәсіптік кеңес өткізуге арналған. Кеңестің барысы:
оқушының кәсіптік бағытын және кәсіптік ниетін айқындау;
қызықтыратын белгілі бір қызмет саласын анықтау;
қабілетін диагностикалау;
психофизиологиялық ерекшеліктерін диагностикалау;
таңдаған мамандығын меңгерудегі жастардың мүмкіншіліктерін талқылау.
3. Д. Л. Холландтың кәсіптік бағдарлы тестісі.
Алынған нәтижелер өздігінен тәрбиелену жоспарының жасалуының (психологпен бірігіп), белгілі бір еңбек түріне дайындықтың негізі бола алады.
6. Ата-аналармен жұмыс.
1. Жасөспірімдердің отбасындағы қарым-қатынасының диагностикасы.
Жасөспірімдердің отбасыларын және отбасы тәрбиесін байқап білу, жасөспірімдердің жеке тұлғалық қалыптасуының анамалиясы және отбасындағы психологиялық бұзушылық арасындағы себеп-салдар байланысын орнату.
2.. Ата-аналар үшін сұрақтар (жасөспірімдік нұсқа).
Жеке тұлғаның отбасындағы психологиялық жарақатының қайнар көзін табуды қамтамасыз етеді.
7. Қарым-қатынас диагностикасы.
Социометрикалық және референтометрикалық процедуралар.
Оқу топтарындағы жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты диагностикалау, үстірт және бейресми құрылымдарды, топтарды, жеке тұлға арасындағы қарым-қатынастың өзгеру мінездемесін анықтау.
Мақұлдау себебінің тестісі.
Адамның оған басқа адамдардың берген жақсы бағаларына тәуелді болу деңгейін, оның орта және жеке тұлғалық қарым-қатынасқа нәзіктілігін және сезімталдығын анықтайды.
3. Жеке тұлғалық қарым-қатынас жүйесіндегі таңдау себебін зерттеу.
Жақтыру және жақтырмау негізінде жатқан зерттеу себептері. Мектеп ұжымындағы қарым-қатынас құрылымын суреттейді.
4. Қол жеткізудегі қажеттілік.
Кедергілерді жеңіп шығудағы өжеттілігі, не болса да жұмысты аяқтауға ұмтылуы бағаланады. Ұжымдағы қарым-қатынасты диагностикалауға мүмкіншілік береді.
5.. Қатынастағы қажеттілік.
Қатынас қажеттілігін, өзін, басқаны бағалаудағы эмоционалдық жайлардың пайда болуын анықтауға мүмкіншілік береді.
6. Тимоти-Лири тестісі.
Жеке тұлғалық қатынастың механизмін анықтайды. Отбасылық және өндірістік жанжалдарды, басшылар стилі және кадрларды орнықтыру, ұжымдағы топтық динамиканы түзету үшін қолданады
Оқушымен қарым-қатынастағы мұғалімнің жеке бағытын оқып білу.
Педагогикалық қарым-қатынастағы басты бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: сұхбаттастық, беделділік, конформдық және т.б.
Оқушының психолого-педагогикалық картасы.
Оқушыға беретін толық психолого-педагогикалық мінездемесі.
ЕСКЕРТУ:
а) түзету-дамыту жұмысы үшін диагностикалық әдістемелерінің жобалы саны ұсыныс сипатын алады.
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ
Бір жылдық жалпы жұмыс уақытыны жұмыс аптасының 36 сағатымен санағанда 1800 сағат құрайды, демек айына 150 сағат. Білім мекемесінің педагог-психологының жұмысын жаңаша ұйымдастыру мақсатында ішкі тәртіп ережесіндегі 2001 ж. 24.12. № 29/1886-6 нұсқаулы хатында берілген ұсыныстарды есепке алу орынды. Осы құжатқа сәйкес психологтың жұмыс уақыты аптасына 36 сағат құрайды, олардың ішінде:
18 сағат – жеке, топтық, алдын алу, диагностикалық, түзету, дамыту, оқушылармен (тәрбиеленушілермен) жұмыс, ата-аналармен және педагогтармен экспертті-кеңес және алдын алу жұмыстары.
18 сағат – жеке және топтық жұмысқа дайындық, өңдеу, талдау, алынған нәтижелерді талдап қорыту, педагогтармен және ата-аналармен эксперттік-кеңес беру және алдын алу жұмыстарына дайындық, аналитикалық және есептік құжаттарды толтыру, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, өздік білім.
Осы немесе басқа жұмыстарды орындауға кетен уақыт, психологқа бірінші немесе қайта жолығудың, жас мөлшері, жағдайы және тағы басқа ерекшеліктермен жолығуының түрленуіне байланысты болады. Одан басқа, білім мекемесінің әкімшілігінің сұранысы, жұмыс түрлерінің сәйкестігі және жұмыс уақытының саны, оның жүзеге асырылуы өзгеруі мүмкін. Егер бір түрге сұраныс болмаса, онда оның орындалуына берілген уақыт мекеме әкімшілігінің келісімімен басқа жұмыс түрлеріне бөлініп беріледі. Осылай, педагог-психологтың оқу жылы бойында көлем бағытты қызмет көрсеткіштері келесі қызмет түрлері бойынша құрылады:
жеке тексеру: 100 адам,
топтық тексеру: 10-20 сыныптар (топ),
жеке кеңес беру: 100-110 жолығу,
жеке сабақ: 100 сабақ,
топтық сабақ: 200 сабақ,
ересектермен ағарту жұмысы: 40 сабақ,
консилиумдерге, комиссияларға, әкімшілік кеңестерге қатысу: 10 отырыс.
БАҒДАРЛЫ МӨЛШЕР
білім жүйесінде педагог-психологтың түрлі жұмыстарының ұзақтығы
№\№
|
Жұмыс түрлері
|
с. б. орташа
уақыт
|
Ескерту
|
1.
|
Жеке психодиагностикалық жұмыс, тексеруге дайындық, оны өткізу және нәтижесін талқылау, тұжырымдар мен ұсыныстарды
хаттау.
|
3,5 - 6
|
Бір адамдық
есеппен
|
2.
|
Топтық психодиагностикалық жұмыс, тексеруге дайындық, оны өткізу және нәтижесін талқылау, тұжырымдар мен ұсыныстарды
хаттау.
|
16 - 20
|
15 адамдық
есеппен
|
3.
|
Оқушылармен жеке және топтық жұмыс, нәтижелерін хаттау
|
1,5 - 3
|
Бір сұхбатқа
|
4.
|
Жеке даму және психотүзету жұмысына қоса дайындық, мінез-құлық және нәтижелерді хаттау
|
3 - 6
|
Бір сұхбатқа
|
5.
|
Педагогикалық консилиумге дайындық және өткізу, нәтижелерді хаттау
|
5 – 7
|
Бір оралам
|
6.
|
Ата-аналарға жеке және топтық кеңес беру, нәтижелерді хаттау
|
1 – 2,5
|
Бір сұхбатқа
|
7.
|
Педагогтармен іскерлік ойындар, тренингтер және басқа да түрлі белсенді психологиялық жұмыстарды дайындау, өткізу және
хаттау
|
3 - 4
|
Бір оралам
|
8.
|
Педкеңесте, әдістемелік отырыстарды, ата-аналар жиналысында және т.б. дайындық және сөйлеу, нәтижелерді хаттау
|
1 - 4
|
Бір іс-шарада
|
9.
|
Балалар үшін психологиялық сағатты дайындау және өткізу, нәтижелерді хаттау.
|
1,5 - 3
|
Бір сабаққа
|
10.
|
Қорытынды құжаттарды күнде хаттау
|
0,5 – 1
|
|
11.
|
Әдістемелік жұмыстар
|
12
|
Аптасына
|
Орталықтарда жұмыс істейтін психологтар үшін қосымша
|
12.
|
Мекемелердің практикалық психологтарының семинарларға дайындықтары және өткізуі, нәтижелерді хаттау
|
2 - 4
|
Бір сабаққа
|
13.
|
Мектептер тапсырыстары бойынша жаппай тексеріс өткізу (диагностикалық жұмысты есепке ала отырып), тұжырымдар мен ұсыныстарды хаттау
|
40 - 60
|
Тексеріс топтарында
15-30 адамнан
|
14.
|
Кеңестерге, білім және басқа басқару мемемелерінің отырыстарына қатысу
|
Қажеттілік
бойынша
|
|
15.
|
Медико-психология-педагогикалық комиссия жұмыстарына, кәмілетке толмағандар ісі бойынша комиссияға қатысу және т.б.
|
Қажеттілік
бойынша
|
|
16.
|
Төменгі буын қызметінің қызметкерлерін аттестациялауға дайындық және аттестацияға қатысу, нәтижелерді хаттау.
|
Қажеттілік
бойынша
|
|
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ
а) Әлеуметтік -педагогикалық
балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтарына және қызметтеріне мақсатты педагогикалық әсер етумен қамтамасыз ету, талаптарын, шығармашылықтарын дамыту;
әлеуметтік көмек және балалар мен жасөспірімдерді қолдауды жүзеге асыру;
жәрдемақы және төлемдерді алуға ықпал көрсету, балаларға мекен-жайлық көмек көрсету, жетімдерге, балалар үйінің түлектеріне материалды көмек;
мүгедек балаларға және тәуекел тобынан шыққан балаларға әлеуметтік-педагогикалық патронаж;
микросоциумда балаға жағымды микроклимат құру.
б) Диагностикалық
бала өмірінің әлеуметтік-тұрмыс жағдайын, отбасы ерекшеліктерін, микроортасын білу;
әлеуметтік ауытқу диагностикасы;
қатал әлеуметтік-педагогикалық бақылауды талап ететін балаларды іздеп-табу;
балалар мен жасөспірімдердің қызығу, сұраныс және талаптарын, қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында мәселе жағдайының түрлі сатыда дамуын анықтау;
өзінің жетіктілік шегінде психолого-медико-педагогикалық жеке тұлғалы ерекшеліктерін оқып білу.
в) Түзету - дамыту және ақтау
жеке тұлғаны әлеуметті-педагогикалық түзету және ақтау, жеке тұлғалар арасындағы қарым-катынас, тәрбиелік әсер ету;
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын және эмоциялық, психологиялық, имандылық жағдайындағы әрекеттерді жүзеге асыру.
г) Алдын алу
балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму (девиантты, деликвентті және аддиктивті мінез-құлық) нормаларынан ауытқуларын, әлеуметтіліктегі түрлі жағымсыз жағдайларды (қаңғыбастық, әлеуметтік дезадаптация және т.б.) болдырмау бойынша жұмыстар жүргізу.
д) Құқықты қорғау
балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғалық құқығын қорғау;
әлеуметтік қорғау, көмек беру және қолдау көрсету бойынша ақпараттармен қамтамасыз ету;
түрлі дәрежедегі балаларға құқықтық кепілдемені жүзеге асырудағы ықпал;
балаларды үй, отбасы, еңбек, азаматтық сұрақтары бойынша құқықтық тәрбиелеу;
әлеуметтік-құқықтық жағдайларда балалар мен жасөспірімдерге делдалдық көмек көрсету.
е) Ұйымдастыру-басқару
мамандық мәні бар ақпараттарды жинау және өңдеу, түрлі білім, медицина, мәдениет, құқық мекемелерінің мамандарының өзара қызметімен қамтамасыз ету;
өз еркімен көмек көрсеткісі келетіндерді тарту және олардың әлеуметтік-педагогикалық жобаларға қатысуларына жағдай жасау.
ж) Әдістемелік
мемелекеттік құжаттарды, әлеуметтік бағдарламаларды, қолы жеткен нәтижелерді және пайда болған мәселелерді есепке ала отырып әдістемелік әдебиеттерді оқып білу, өздігінен білім алу негізінде әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жобалануы және жоспарлануы.
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ
МАМАНДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ШАМАМЕН АЛЫНҒАН ҮЛГІСІ
Үлгі құр.
бөлік
|
Қызмет бағыты
|
өзіне
|
балаларға
|
ересектерге
|
үдеріске
|
Мамандақ тапсырмалар
|
Жеке психофизиологиялық ерекшеліктер.
Икемділіктер.
Мүмкіншіліктер.
Ынтасы және оны жүзеге асыру.
Жеке тұлғаның күшті жағы.
Кемшіліктер және олардың орнын толтыру тәсілдері.
Жеке тұлғалық мәселелер және оларды шешу тәсілдері.
|
Жастық және типологиялық ерекшеліктер.
Онтогенездегі жеке тұлғаның даму динамикасы.
Тәрбие, білім және дамудың байланысы.
Психоәлеуметтік және жеке тұлғалық дамудағы жас мөлшері және ауытқуы
Балалар ұжымы және шағын топтардың ерекшеліктері.
Бала тәрбие және даму субъект ретінде.
Балалар, жасөспірімдер мен жастардың типтік
мәселелері.
Жасөспірімдердің бейресми ұйымдары.
Жастардың
субмәдениеті.
|
Жеке тұлға психологиясы.
Клиентоцентрлік кеңес.
Мамандық қызметтің психологиясы.
Психопедагогика.
Әлеуметтік психология.
Отбасы психологиясы.
Гендерлік психология.
Отбасылық педагогика.
Отбасылық психотерапия.
Қатынас психологиясы.
Конфликтология.
Әлеуметтік терапия.
Әлеуметтік және мамандық топтардың типтік мәселелері.
|
Ауыр балалық шақ психологиясы.
Девиантты мінез-құлық психологиясы.
Арнаулы психология.
Әлеуметтік педагогика.
Түзету педагогикасы.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі.
Әлеуметтік-педагогикалық технологиялары.
Ақтау педагогикасы.
Дефектология және невропатология негіздері.
Валеология негіздері.
|
Мамандық шеберлік
|
Өзін өзі диагностикалау.
Эмоционалдық жай-күйін өзі реттеу .
Психикалық қызметін өзі жию
(есте сақтау, зейін , ойлау, ерік) Өздік бақылау. Мамандық ақпараттарды іздестіру және талдау.
Өздік білім алу. Өздігінен жетілу.
|
Қатынастық.
Ұйымдастыру.
Әлеуметтік – педагогикалық диагностика.
Әлеуметтік алдын алу. Жас мөлшерлік – жеке кеңес беру.
Әлеуметтік фасилитация. Әлеуметтік– педагогикалық көмек.
Әлеуметтік қамқорлық және қорғау.
Оқыту.
Тәрбие.
|
Қатынастық .
Диагностика.
Ұйымдастыру.
Делдалдық .
Дипломатия.
Кеңес беру.
Әлеуметтік алдын алу .
Оқыту.
Суггестия.
Психотерапия.
Әлеуметтік терапия.
Ақтау.
Әлеуметтік патронаж.
Әлеуметтік бақылау және қадағалау.
|
Әлеуметтік-педагогикалық талдау.
Рефлексия.
Мәселелеу.
Мақсат қою.
Жоспарлау.
Әлеуметтік-педагогикалық бағдарлау.
Ұйымдастыру.
Мамандық қарым-қатынас.
Түрлендіру.
Жүзеге асыру.
Құжаттандыру.
|
Мамандықтың басты қасиеті
|
Зияттылық (білімпаздық , қисынды және пысықтық, рефлексивтік).
Социабельдік
(әлеуметтік қарым-катынасты құптайтын, қатынастық).
Жетістіктерге ынталы және өз өзін сынау.
Эмоционалды тұрақты және сауық сүйгіш.
Өз өзіне сенімді.
Өзін құрметтейтін.
Өзіне жеткілікті.
|
Аффилиция.
Балаларға қатысты махаббат және эмпатия.
Адамгершілікті.
Ілтипатты.
Аңғарғыш .
Төзім және төзімділік Жігерлік.
Ұстамдылық.
Әдептілік.
Педагогикалық көкейкөздік.
Педагогикалық қолайлылық.
|
Дипломаттық.
Ересектерге қатысты эмпатия.
Өз өзін ұстай білу.
Доссүйгіштік.
Өнегелі-әдептілік тұрақтылық .
Білімділік.
Жетіктілік .
Мәдениетті эмпатия.
Түп нұсқалық .
Шыншылдық .
Қатынасқа ашықтық.
Жұғымдылық.
Сүйкімділік .
Талапкерлік.
|
Сынамшылдық және ойлау тұрақтылығы .
Дұрыс ойлаушылық.
Түсінгіштік.
Жаңашылдық сезім.
Үлгіқалыпсыз, креативтік .
Түрлі жұмысты орындай алатын Тез ауыса алатын .
Біркелкілік, өзімділік
Ұқыптылық және ізбасарлық.
Оқыта алатын және өзіне көндіре алатын.
Қызметтестікке қабілеттілік.
Белсенділік
Жауапкершілік.
|
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ МАМАНДЫҚ ҚАСИЕТІ
Жұмыстағы мамандық адамдар арасындағы бірегей сенімділік ортасы ретінде таңдап алған бұл қызмет түрі адамның жеке қаситіне байланысты.
Демек, әлеуметтік педагогтың мынадай қасиеттері болуы қажет:
аутентичность – қоршаған ортамен қатынас кезінде өзімен өзі болу қабілеті;
адамгершіліктілік – мейірімділікке қабілетті, қоршаған ортаны жағымды қабылдау, адамға жан-жақты көмек көрсетуге дайын болу;
эмпатия – пайда болған түйінді мәселелерді мәмілелі шешуін іздестіру мақсатында басқа адамдар әлемді қалай қабылдаса, ол да солай қабылдай алу қабілетінің болуы;
ақжарқындық – әңгімелесушіге өз ойын және сезімін шын жүректен айта білу;
әдептілік – жұмсақтық, кішіпейілдік, басқа адамдармен қарым-қатынас кезіндегі әдептілік;
нақтылық – өз ойын нақты жеткізу, қойылған сұраққа нақты жауап беру немесе өз пікірін нақты мазмұндау;
қарым-қатынастылық – басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға бейімді, тез қатынасқа түсе алатын.
БІЛІМДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
1.1. Әлеуметтік педагог тікелей білім беру мекемесінің директорына бағынады.
1.2. Әлеуметтік педагог өз жұмысында ҚР Ата заңын, ҚР заңдарын, «Балалар құқығы туралы» Конвенцияны, Үкіметтің, білім Министрлігінің, МБМ Қаулыларын және бұйрықтарын және осы концепцияны басшылыққа алады
1.3. Әлеуметтік педагог қызметіне бейінді мамандық бойынша жоғары маман адам тағайындалады.
1.4. Әлеуметтік педагогқа әкімшілік бірлік болу және мектеп әкімшілік қызметін атқару уәкілдік емес.
2. ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ.
Білім беру мекемелерінде тәрбие, білім, даму, әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады.
Балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық жағдайын байқап біледі.
Балаға, оның отбасына және білім мекемесіне қатысты әлеуметті-диспетчерлік қызметті жүзеге асырады.
2.4. Білім мекемесіндегі әлеуметтік педагогтың міндетіне кіретін барлық жұмыс түрлерін жүзеге асырады.
2.5. Қажетті құжаттарды тиісті түрде жүргізеді; жұмыс нәтижесінде алынған мәліметтерді жалпылайды; әкімшіліктің талабы бойынша істелінген жұмысы бойынша есеп береді.
2.6. Еңбек тәртібін, білім мекемесіндегі ішкі тәртіп ережесін, техника қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғаныс ережелерін сақтайды.
2.7 Таңдау бойынша білім мекемесінің әкімшілігімен бекітілген зерттеу бағдарламасының жобасын құрады, ғылыми және әдістемелік жұмыс жүргізеді.
2.8. Балалар мен жас өспірімдердің тіршілік әрекетінің жағдайын жақсарту, еңбекті ұйымдастыру түрін жаңашаландыру бойынша ұсыныстарды дайындап және білім мекемесінің әкімшілігінің талқылауына шығарады.
2.9. Әлеуметтік-педагогикалық білімді насихаттауды ұйымдастырады.
ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША ҚҰҚЫҒЫ.
3.1.Білім мекемелерінің қажеттілігін және білім басқармасының ұсынысын есепке ала отырып басқадан артық қызмет бағытын таңдайды.
3.2.Қызметтік міндетті орындау үшін бекітілген тәртіп бойынша керекті ақпараттарды алады.
3.3. Мамандық міндетін жүзеге асырудың жолы мен шешімін өзі анықтайды, жұмыстың әртүрлі түрлерін өткізу кезегін бекітеді.
3.4. Білім мекемелеріндегі адамгершілікті қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.
3.5. Социумда өкілетті өкіл ретінде сөз сөйлейді. Заң шығару органдарында және орындаушы өкіметінде балалардың мүдделерін көрсетеді, қорғайды.
3.6. ПК және принтермен, арнаулы құралдармен жабдықталған жеке жұмыс орны болады.
3.7. Өзінің жетіктілік шеңберінде олармен алынған құпия ақпараттарды қолдану бойынша шешім қабылдайды.
3.8 Мамандық міндеттерді орындауға байланысты біліктілік арттыру және пәндер бойынша жаңашыл жүйеде әрқашан даярлаудан (қайта даярлаудан) өтіп тұру керек.
3.9. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында әрқашан мамандақ қарым-қатынас ұстап тұру керек.
3.10. Біліктілік санатына сәйкес өз қалауы бойынша аттестациядан өтуі қажет және аттестациядан жақсы өткен жағдайда оны алуы тиіс.
3.11. Оқу және факультативтік жүктемесі жылына 315 сағатқа дейінгі көлемде болады.
4. ЖАУАПКЕРШІЛІК.
4.1.Әлеуметтік педагог әлеуметтік-педагогикалық тұжырымның дұрыстығына, қолданылған әдістердің дәлдігіне, берген ұсыныстарының тұрақтылығына жауап береді.
4.2. Әлеуметтік педагог ресми бақылау хаттамаларының сақталуына, жалпы білім беру мекемелеріндегі бекітілген тәртіпке сәйкес құжаттарды жүргізуге жауап береді.
4.3. Әлеуметтік педагог өзіне қойылған нағыз қызметтік нұсқау міндетін сапалы және дер кезінде орындауға жауапты.
5. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША БАЙЛАНЫСТАР.
5.1. Мектеп директорымен бекітілген, жұмыс аптасының 40 сағатынан құрастырылған график бойынша жұмыс істейді. Жеке және топпен жұмысқа дайындалу, талдау және есеп беру құжаттарын толықтыруға, сонымен қатар әлеуметтік педагог мамандық жетіктілігін арттыруға аптасына 12 сағат уақытын жұмсайды, демек оның білім мекемесінде міндетті түрде болуы міндет емес.
5.2.Әр оқу жылына және әр тоқсанға өз жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспары жоспарлау уақытының басталуына дейінгі бес күннен кештетпей мектеп директорының қолымен бекітілуі қажет. Жазбахат түрінде бес жазба беттен кем түспейтін, оқу жылының аяқталуына бес күн қалғанға дейінгі уақыттан кештетпей мектеп директорына өзінің жұмысы туралы есеп беруі тиіс.
5.3.Мектеп директорынан және оның орынбасарларынан мөлшерлік-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипатта ақпарат алып, тиісті құжаттарға қол қою арқылы онымен танысады.
5.4.Мұғалімдермен, ата-аналармен және оларды ауыстырушылармен тығыз қатынаста жұмыс істейді; мектеп әкімшілігі және педагогтармен оның қызметіне жататын сұрақтар бойынша ақпатараттармен жүйелі түрде алмасып отырады.
МЕКТЕПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ.
(шамалы тізбесі)
Мектепте жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтың мынадай құжаттары болуы мүмкін (әкімшіліктің келісімі бойынша):
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша әкімшілік құжаттардың мәтіндері, бала құқығын жүзеге асыру бойынша заңдар мен заңды актілер.
Қызметтік нұсқаулар.
Жеке құжат болып та, білім мекемесінің жылдық жұмыс жоспарының құрамы да бола алтын бір жылдық алдын ала жобалайтын, күнтізбелік жұмыс жоспары. ( № 1 түр)
Әлеуметтік педагог жұмысының циклограммасы ( №2 түр).
Топтық және жеке жұмыс түрлерін есепке алу журналы ( №3, №4 түр).
Оқушылардың барлық санаттары бойынша мәліметтер және карточкалар жиынтығы. (№5,№6,№7, №8 түр)
Сынып қажеттілігіне байланысты шағын аудандардың әлеуметтік-педагогикалық төлқұжаты.
Түрлі әлеуметтік институттармен қарым-қатынастардың жоспарлары, графиктері, сызбалары (құқықтық, денсаулық сақтау, бала құқығын қорғау туралы, және т.б.).
Бала құқығын қорғау туралы қызметтерді құжаттау.
Қамқорлық және бағып-қағу сұрақтары бойынша құжаттар (ата-аналық құқығынан айыру күні және қамқоршы тағайындау бойынша нөмірлері қойылған жеке құжаттарың нақты тізімі, мекен-жайы, телефоны, жұмыс орны, тұратын үйінің, тұрмысының жағдайы туралы акті), тәртіп сақтау органдары мен сот органдарында бала құқығын қорғау құжаттары.
Құқық бұзғаны үшін есепке алынған, жеке білім бағдарын игеру бойынша мектеп ішінде бақылауда тұрған балалардың құжаттыры;
Әлеуметтік тұрмыс жағдайы нашар жанұядан шыққан балаларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау бойынша жасалған шаралардың есебі. ( № 9, №10, № 11 түр)
Ата-аналар үшін әдістемелік ұсыныстар.
Сынып жетекшілеріне, баланың әлеуметтік өмірінің мәселесін шешу бойынша мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар.
№1 түр.
Әлеуметтік педагог жұмысынның алдағы жоспарына қойылатын талаптар
Жылдық жұмыс жоспары ББ әкімшілігімен келісілуі және бекітілуі тиіс.
Жылдық жоспарды жасау сызбасы қызмет түрлеріне байланысты негізгі шараларды бөліп таратумен ұсынылуы мүмкін
Қызмет
бағыты
|
Санаты
(оқушылар,
ата-анала,
мұғалімдер)
|
Жұмыс түрлері
(сауалнамалау және талдау
әңгіме,кеңес беру, дәріс,
тренинг, сөз сөйлеу )
|
Мамандарды
қатыстыру
|
Орындалу
мерзімі
|
Ескертулер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№2 түр.
Әлеуметтік педагог жұмысының циклограммасы
Ғылыми еңбекті ұйымдастыру (ҒШБ) және барлық қызметтің бағыттары мен түрлерін қамту үшін циклограмманы бір айға құрастыру тиімді.
График (кесте) _________________ айға
Ай
|
Апта күндері
|
Уақыты және орны көрсетілген жоспарлы шаралар
|
Ескерту
|
1
апта
|
Дүйсенбі
|
|
|
Сейсенбі
|
|
|
Сәрсенбі
|
|
|
Бейсенбі
|
|
|
Жұма
|
|
|
Сенбі
|
|
|
2
апта
|
|
|
|
График айдың аяғында келесі мерзімге құрастырылуы керек.
Әлеуметтік педагог жұмысының шамамен алғандығы циклограммасы
Жылына бір рет: сынып және шағын аудан әлеуметтік төлқұжаттарын дайындау.
Айына бір рет: КтЖИ-мен бірігіп «Жасөспірім» операциясы шеңберінде рейд ұйымдастыру
Апта сайын: кеңесу, түрлі есепте тұрған оқушыларға кеңес беру.
Күн сайын: түрлі есепте тұрған оқушылардың сабаққа қатынасуларын тексеру.
Үнемі:
құқық бұзу және қаңғыбастықтың алдын алу бойынша Кеңес жұмысына қатысу;
оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жеке жұмыс жүргізу;
жасөспірімдердің сабақтан тыс бос уақыт ұйымдастыру.
№3 түр.
Тематикалық топтық кеңесберуді есепке алу журналы (график) (шамамен)
№
|
Күні
|
Тақарыбы
|
Топ санаты
(оқушылар, ата-аналар,
мұғалімдер)
|
Ескерту
|
|
|
|
|
|
№ 4 түр.
Жеке кеңес беруді есепке алу журналы (график) (құпиялы ақпарат)
№
|
Күні
|
Тақарыбы
| Топ санаты
(оқушылар, ата-аналар,
мұғалімдер)
|
Ескерту
|
|
|
|
|
|
№5 түр.
Есепке қойылған мектеп оқушыларының тізімі
№
|
Оқушының аты-жөні
|
сынып
|
Есепте тұр
|
Есепке қою күні
|
Есепке кою себебі
|
Ата-аналарының
аты-жөні
|
Ме
кен-жайы
|
мектепте
|
КтЖИ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№6 түр.
Мектеп оқушыларынның сабақтан тыс бос уақыттарын қызықты жұмыстармен қамтамасыз ету.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
сынып
|
Үйірме,клуб, секция аттары. Олардың орналсқан жері
|
Апта күндері бойынша жұмысы
|
Дүй
|
Сей
|
Сәр
|
Бей
|
Жұм
|
Сен
|
Жек
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№7 түр.
Сабақты қалдыруға икемді оқушылардың сабаққа қатынасуын бақылау
№
|
Оқушының аты-жөні
|
сынып
|
Қалдырылған сабақ саны
|
қыркүйек
|
қазан
|
қараша
|
желтоқсан
|
қаңтар
|
ақпан
|
наурыз
|
сәуір
|
мамыр
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№8 түр.
Оқу жылындағы «қиын» жасөспірімдер туралы санақтық мәліметтер
№
|
Көрсеткіштер
|
I
тоқсан
|
II
тоқсан
|
III тоқсан
|
IV тоқсан
|
Оқу жылы
|
1.
|
Есепке қойылды
|
|
|
|
|
|
2.
|
Есептен шығарылды
|
|
|
|
|
|
3.
|
Кеткен :
а) оқу мекемесіне
|
|
|
|
|
|
б) жұмысқа
|
|
|
|
|
|
в) қаладан тысқары (ауданға)
|
|
|
|
|
|
4.
|
Үлгіретіндердің барлығы
|
|
|
|
|
|
5.
|
Үлгірмейтіндердің барлығы
|
|
|
|
|
|
6.
|
Қайталап оқуға калдырылғандар
|
|
|
|
|
|
7.
|
Шартты түрде көшірілгендер
|
|
|
|
|
|
№9 түр.
Жағдайы жайсыз отбасының картасы
1. Жағдайы жайсыз отбасында тұратын баланың аты-жөні, туған жылы мен күні ____________________________________________________________________
2. Отбасының туған жылы мен күні, телефоны____________________________
3. Анасы (аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, жұмыс орны, қызметі, жалақысының көлемі, жұмыс телефоны)_________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Әкесі (аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, жұмыс орны, қызметі, жалақысының көлемі, жұмыс телефоны)_________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Балалары (аты-жөні, туған күні мен жылы, қай жерде оқиды, неге қатысады) ____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының басқа да мүшелері туралы_________________________________
____________________________________________________________________
7. Тұрмыс жағдайлары (үй жағдайына қысқаша мәлімет, балалар үшін жасалған жағдайлар, жыл мезгіліне сай қажетті киімдер, азық-түлік) ________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Отбасын тексеру күні _______________________________________________
9. Қажеттік көмектер (жөндеуматериалдық, медициналық, психологиялық) ____________________________________________________________________
10. Отбасымен жұмыс түрі (бару, әңгімелесу, алдын алу Кеңесіне шақыру, ОДН, сынып, мектеп жұмысына қатыстыру және т.б. )
________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
№10 түр.
Жағдайы жайсыз оқушының картасы
1. Жағдайы жайсыз отбасында тұратын баланың аты-жөні туған жылы мен күні ____________________________________________________________________
2. Туған жылы мен күні,айы___________________________________________
3. Мекен-жайы, телефоны _____________________________________________
4. Анасы (аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, жұмыс орны, қызметі, жалақысының көлемі, жұмыс телефоны)_________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Әкесі (аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, жұмыс орны, қызметі, жалақысының көлемі, жұмыс телефоны)_________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Медициналық көрсеткіштері денсаулық тобы, ескіден келе жатқан ауруы) ____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Педагогикалық көрсеткіштері (қай пәндерден үлгірмейтінін көрсету; қай пәндерден үлгірімі жақсы) ____________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Психологиялық көрсеткіштері (мінезінің ерекшеліктері, икемі, қабілеті) ____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік-педагогикалық мінездеме (мінезінің жақсы жағы, зиянды дағдылары, әлеуметтік мінез-құлқының ауытқуы (қатыгездік, төбелес, серуендік, әлсіздерді ұрып-соғу, күшпен алушылық, жануарлармен қатігез болу, ұрлықшылық, дәлелденбеген істер және т.б.), әлеуметтік мәртебе (көшбасшы немесе аласталған), кәмілетке толмағандармен жұмыс бойынша бөлімдерде есепте тұруы) ______________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№11 түр.
Оқушылардың үйлеріне бару күнделігі
№
|
күні
|
Аты-жөні
|
сынып
|
Бару себебі
|
Нәтижесі
|
Тағы басқалар
|
|
|
|
|
|
|
|
ӘПҚ / әлеуметтік-психологиялық қызмет/
ұйымының әдістемелік қамсыздандыру
пакеті
Қосымша
Білім мекемелеріндегі мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің кабинеті туралы ЕРЕЖЕ.
1. Жалпы ережесі.
1.1 Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің (әрі қарай ӘПҚ) кабинеті білім мекемесінің қазіргі қоғам жағдайындағы оқушылардың өзін жүзеге асыруға дайындықпен қамтамасыз ететін, білімдегі ӘПҚ туралы ережені жүзеге асыратын міндетті құрылым бөлімшесі болып табылады.
1.2. Кабинет жұмысы жалпы білім мекемесінің жоспарына және мектеп ӘПҚ сәйкес жүзеге асырылады.
1.3. Кабинет әлеуметтік педагогтың және педагог-психологтың негізгі жұмыс орны болып саналады.
1.4. ӘПҚ кабинеті туралы нағыз ереже білім мекемесінің міндеттерінің ерекшеліктерін және жұмыс мазмұнын ескере отырып нақтылануы мүмкін.
2. Негізгі міндеттері.
2.1. Білім мекемесінің әлеуметтік педагогы және педагог-психологының мамандақ қызметін жүзеге асыруда мектептің ӘПҚ мақсаты мен міндеттерін таратуғы ықпал ету.
2.2. Білім мекемесінің ӘПҚ жұмысын көп мазмұнды бағыттармен қамтамасыз ету.
2.3. Педагогикалық ұжымның жаппай оқуына, ата-аналар қоғамына, оқушыларға әлеументтік-психологиялық жәрдем беру.
3. Жұмыс мазмұны.
3.1. Кабинеттегі орындалатын жұмыс мазмұны мен көлемі мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің және білім мекемелерінің міндеттеріне, өзгешелігіне байланысты сараланады.
3.2. Кабинет өзінің қызмет мазмұнына сәйкес керекті ғылыми, оқу, әдістемелік және мезгілді әдебиеттер қорын құрайды.
3.3. Кабинет нормативтік және есеп беру құжаттарының, психологиялық және педагогикалық әдістемеліктер мен алғашқы ақпараттық құжаттардың (тексеріс хаттамалары, жеке кеңес беру және т.б.) орналасуын, сақтау және сақталу тәртібін жүзеге асырады.
З.4. Кабинет білім мекемелерінің педагогика қызметкерлерінің әлеуметтік-психологиялық білім беру және өздік білім алу орталығы болып саналады.
З.5. Кабинет мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметіндегі белсенді оқушыларының жұмыстарын ұйымдастырады және бағыт береді.
4. Жұмысты ұйымдастыру.
4.1. Кабинет оқшауланған, санитарлық-гигиеналық нормаға сай, керекті техникалық құралдармен, көшірмелеу-көбейту техникасымен, компьютермен және т.б. жабдықталған бөлме болу керек.
4.2. Мектептің психологиялық қызмет ету кабинеті білім мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс істейді.
4.3. Кабинеттің жабдықтары, материалды-техникалық және әдістемелік базасының жағдайы жаңа оқу жылына білім мекемесінің дайындығын анықтайтын көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
5. Кабинет құжаттарына қойылатын талаптар.
5.1. Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызмет ету кабинетінің төлқұжаты.
(№1 қосымша ).
5.2. Бар құрал-жабдықтардың хаттамалық тізімі (№2 қосымша).
5.3. Кабинеттің жұмыс графигі (№3 қосымша).
5.4. Кабинетті әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жағдайы (№ 4 қосымша).
5.5. Кабинеттің оқу жылына және мақсатына арналған жұмыс жоспары
(№5 қосымша).
№1 қосымша
Мектептің психологиялық қызмет ету кабинетінің төлқұжаты.
1. Білім мекемесі ____________________________________________________
2.Кабинетті ұйымдастыру күні _________________________________________
3. Кабинетке жауапты ________________________________________________
4. Жұмыстың қай түрі үшін кабинет жабдықталған________________________
5. Бөлме, алаң саны:__________________________________________________
6. Лаборанттың бар екені : ____________________________________________
7. Мектептің тақтасы және оның түрі : _________________________________
8. Жұмыс столының жабдықталуы:_____________________________________
9. Жұмыс столдары (саны, талапқа сайлығы): ___________________________
10. Орытдықтар (саны, жеткіліктілігі): __________________________________
11. Шкаф, сөрелердің бар екендігі : _____________________________________
12 Сейф-шкафтың бар екендігі: ________________________________________
13. Ауыспалы стендтердің бар екендігі және мазмұны: ____________________
14. Кабинеттің техникалық құралдармен жабдықталуы: ___________________
15. Кеңселік заттардың бар екендігі: ____________________________________
16. Нормативтік құжаттар: ____________________________________________
17. Мектептің психологиялық қызметінің есеп беру құжаттарының түрлері: (ӘПҚ туралы ережеге сәйкес):_________________________________________
Орындалу күні: _____________
Білім мекемесінің директоры_____________
№2 қосымша
Қолда бар құралдардың есептік хаттамасы.
№
|
ТСО аты ,
Қосымша бұйымдар
(видео, аудиоматериалдар, экрандар және т.б.)
|
Таң-ба
|
Алынған жылы Год приобритения
|
Мек.бой.есеп
|
Техникалық жағдайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№3 қосымша
Кабинеттің жұмыс графигі
____________ оқу жылына
Жұмыс түрі (жеке және топтық кеңес беру, тренингтер, ата-аналармен жұмыс, кеңесу және т.б./
|
Апта күндері
|
Дүй-сенбі
|
Сей-сенбі
|
Сәр-сенбі
|
Бей-сенбі
|
Жұ-ма
|
Сен-бі
|
ата-аналарға кеңес беру
|
|
|
|
|
|
|
белсенді оқушылармен жұмыс
|
|
|
|
|
|
|
және т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№4 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |