4. Пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны
жекелеген бейіндердің қарастырылған оқу жопарларының нұсқалары ұсыныс ретінде сыпатқа ие болып, үлгілік болып табылады. Оларды үш типтің – базалық, бейіндік және элективтік курстардың нақты оқу жоспарын қалыптастырудың ұсынылған тетіктерін қалай қолдануға болатындығының көрнекілігі ретіндеқарастырған жөн.
Осылай, қарастырылып отырған нұсқалар - мүмкін бейіндердің оқу жоспарларының үлгілері ғана емес, сонымен бірге оларды құру ұстанымынң көрнекі түрде таныстыру деп түсінілсе дұрыс болады.
Бейіндік оқыту – кәсіби еректенудің тәсілі, құралы. Әрине, білім мазмұны болашақ кәсіби білім мен кәсіпке бағдарлануы тиіс.
Бейіндік сныптардағы білім мазмұны үш типтегі оқу пәндерінен құралуы керек: базалық жалпы білім беру (бейінді емес), бейіндік жалпы білім беру, элективтік.
Бейіндік оқытуды іске асыру тек бейіндік емес пәндердіңоқу материалын қысқартқанда ғана, кей ретте кіріктірілгенде ғана (артық жүктеме болмауы үшін) мүмкін болады.
Элективтік курстар бейіндікпен бірге, біріншіден, жалпы жән кәсіби ілім беру арасындағы сабақтастықты сақтау тиіс; екіншіден, кәсіби білім мен болашақ кәсібін уәжділікпен таңдауын қамтамасыз етуі тиіс.
Бірқатар пәндер бойынша - базалық курстар бойынша – базалық білім беу аяқталады.
Бірқатар пәндер бойынша - бейіндік курстар бойынша – дайындық кеңейеді әрі тереңдетіледі.
Элективтік курстарда – оқушылардың таңдауы бойынша дайындық бағыты мамандандыылады, кеңейеді не толықтырылады.
Элективтік курстар – оқушылардың таңдауы бойынша қатысуы міндетті курстар болып саналады, олар мектептің жоғары басқышындағы бейіндік оқыту құрамына кіреді. Элективтік курстар жоғары сыныптардағы білім мазмұнының вариативтік бөлігінің компонентті болып табылады және әрбір оқушының жеке білімдік қызығушылығын, сұранысы мен қабілеттерін қанағаттандыруға қызмет етеді. Олар жеке білім бағдарламаларын құрудың маңызды құралы болып саналады, өйткені әрбір оқушының өз қызығушылығын танытып, болашақ өмірлік жоспарларымен байланысты болатын пәндер сұрыпталынады. Осылай, элективтік курстар, жоғары сынып оқушыларының әр алуан білімдік сұраныстарына жауап беретін базалық және бейіндік курстардың мүмкіндіктерін толықтырады және дамытады. Ұсынылатын бейіннің құрамындағы элективтік курстардың саны оқушы таңдайтын крстардың санынан асып жығылуы керек [24].
Мынадай элективтік курстардың типтерін ұсынуға болады:
пәндік элективтік курстар;
оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімін кіріктіруге арналған пәнаралық элективтік курстар;
типтік оқу жоспарына енбейтін пәнер бойынша элективтік курстар.
Элективтік курстар мынадай міндеттерді шешеді:
бейіндік оқу пәнінің мазмұнын тереңдету;
базалық пәндердің бірінің мазмұнын кеңейту;
оқушылардың таңдаған салалары бойынша танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру;
адами қызмет аясындағы белгілі бір салаға деген кәсіби қызығушылықтың уәжделуі;
бейіндік жалпы білі беретін пәндер – жоғары деңгейдегі пәндер болып табылады, олар әрбір бейінді оқытудың бағытын анықтайды.
Оқытуды бейіндеу базалық пәндер мазмұнына бейін бойынша қажетті компоненттер қосуды және қолданбалы курстарды эксперименттік сыныптарға енгізуді негізге алады|.
Базалық пәндер мазмұнындағы бейіндік компонент барлық курстар бойынша бөлінген ауқымды және өзекті тақырыптардан тұрады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер «Шешендік өнер», «Дүниежүзілік көркем мәдениет», «Абайтану» сияқты қолданбалы курстарда қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |