Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Қалалық және ауылдық мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі



бет5/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
5. Қалалық және ауылдық мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі

Ауыл мектебін жаңарту педагогикалық ғылымның назарында ерекше орын алуы қажет. Ауыл мектебі, оқушылардың жалпы мәдениетін дайындаумен қатар, ауылда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және ауыл халқының мәдени деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарады. Сол себепті ауыл мектебінде неге және қалай оқыту сұрағы ойдан шығарылмаған, ол білімнің тұлғалық, өмірлік және кәсіби қажеттілігінің маңыздылығынан туындаған шындық.

Бейінді оқыту проблемалары бойынша қазіргі кездегі зерттеулердің, ауыл мектебі қызметінің нәтижелерінің, еңбек нарығындағы әлеуметтік жағдайлардың талдауы мынадай әлеуметтік қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік тудырады: экономиканың әр түрлі салалары үшін қоғамның білікті мамандарға сұранысы мен жалпы білім беретін мектепте білім, біліктілік пен дағды түріндегі білім нәтижелерін жоспарлануының арасындағы; бейінді білім берудің көптүрлілігі мен ауыл мектебінің оны жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектеулігі; бейінді оқытудың көрсетілген мақсаттары мен ауыл мектебінің оған жетудегі нақты мүмкіншіліктері. Ауыл мектептерінде бейінді оқытуды енгізу ауылды дамытудың жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайында жүзеге асырылуда, олар үшін келесі сипаттар тән: экономиканың көпқұрылымды түрлерінің дамуы, ауыл шаруашылық саласы мамандарына сұраныстың жоқтығы, өндірістік және әлеуметтік салаларда жаңа мамандықтардың пайда болуы, халықтың жұмыспен қамтылу құрылымындағы өзгерістер, ата-аналар мен балалардың білім алуға сұранысы, ауыл оқушыларының қолайлы да сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған, жалпы білім беретін ұйымдар жүйесін қайта құрылымдау .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет