Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Ауыл мектенбіндегі бейінді оқытудың моделі



бет7/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Ауыл мектенбіндегі бейінді оқытудың моделі

Бейінді оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Бейінді оқытудың қамтитыны:

1) оқушылардың жеке пән бойынша жалпы білім алуын тереңдетіп оқыту;

2) жоғары білім алуға дайындау;

3) оқушылардың сәтті әлеуметтенуі;

4) оқушылардың жеке оқу бағдарламасын құру.
6. Бейіндік сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ерекшелігі сонда, ол оқушыны тек қана біліммен қаруландыруға ғана қабілетті болып қоймай, сонымен қатар өздігінен үздіксіз және шығармашылық тәсіл арқылы жаңа білім алуға деген құштарлықты қалыптастыру, өздігінен білімін жетілдіруде біліктілігі мен дағдыларын шыңдауға жағдай жасау. Білімді жетілдірудің басты нәтижесі ретінде мектеп бітірушілердің, жастардың өз амандығы үшін де, қоғамның амандығы үшін де жеке жауапкершілікті көтеруге дайын болуы мен қабілеттілігі қарастырылады.

Бейінді оқытудың жемістілігінің басты және негізгі шартының бірі, жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің артықшылық бағыты ретінде мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру болып саналады.

Бейінді мектепке жаңа кәсіби сана-сезімді мұғалімдер қажет, тәжірибеде:

- білім беру үдерісін нұсқалық және тұлғалық бағыттылығын;

- білім беруді тәжірибелік әрекетке бағыттаушы;

- оқушылардың кәсіби өзіндік таңдауын аяқтауын қамтамасыз ететін мұғалімдер қажет.

Бейінді мектептің мұғалімі оқушылардың жобалау, іздеу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың әдістерін меңгеруі тиіс. Мұғалімдердің кәсіби қиыншылықтарын оқып-білу, дәл қазіргі уақытта жоғары мектепте бейінді оқытуды енгізу мұғалімнің өз қызметінің сапалы өзгеріске ұшырауына дайындығына байланысты екендігі жайлы қорытынды шығарылды. Оларға:

1) пәннің бейінді және базалық деңгейіндегі мазмұнын меңгеру;

2) сабақтың барысында және сабақтан тыс уақытта әрекеттің әр түрлі тәсілдерін қолдану: оқушылардың зерттеушілік және жобалық жұмыстары, танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық және жеке түрлері;

3) мектепішілік бағалау жүйесінің өзгеруі, бағаны жинақтау технологиясын меңгеру;

4) элективті курстардың сабақтарын ұйымдастыру әдістерін меңгеру;

5) оқудағы құзіреттілік көзқарастың мәнін түсіну. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім әрдайым өз білімін жетілдіріп отыруы, жаңа технологияларды (сонымен қатар компьютерлікті де) және жұмыстың әдістерін меңгеруі тиіс.

Бейіндік оқытуды енгізудің бір шарты - бейіндік мектепте қызмет ететін педагог мамандарды дайындау, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау.

Бейіндік мектептің мұғалімі тек жоғары деңгейдегі маман, бейінге сәйкес және өз қызметінің маманы болып қана қоймай, мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • білім беру үдерісінің вариативтілігі мен жеке тұлғаға бағдарлануын (жеке білім алу траекториясын жобалау);


  • білім беру үдерісіне интерактивтік, қызметтік компоненттерді енгізе отырып, практикалық бағдарын қамтамасыз ету (жоба-зерттеушілік және коммуникативтік әдістерді игеру);


  • жоғары сынып оқушыларының бейіндік еректенуінің аяқталуын және олардың таңдаған кәсіби саласы бойынша білім алуына қажетті қабілеті мен құзыреттері қалыптасуын.



Бейіндік сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер мыналарды айқын есте тұтулары тиіс:

  • бейіндік сыныптардағы білім мазмұнын өзгерту;


  • білім беру технологияларын өзгерту;


  • бейіндік оқытуды нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;


  • оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;


  • оқушылардың бейіндік дайындығын бағалау критерийлерін анықтау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет