8. Кəспке баулу бағдарламаларын түзудің ғылыми-теориялық негіздері.
Кəсіптік оқыту үдерісі мен оқу-танымдық үдеріс ұғымдарын
жеке-жеке қарастыру қажет. Оқыту үдерісі – бұл таным өрісі, яғни
оқыту үдерісінде білім алушы кəсіби шығармаларды тыңдайды,
қабылдайды, оны қайтадан есіне түсіреді, бекітеді. Бұл ретте жаңа
білімдерді меңгеру міндеті қойылмайды. Ал егер білім алушы өз
бетімен білім алуды көздесе, өз бетімен ақиқатқа жетуді, кəсіби
құбылыстарды тануды жүзеге асыра алса, онда оның іс-əрекеті оқу-
танымдық үдерісі болып есептелінеді.
Кəсіптік білім үдерісінің əдіснамалық негізі танымдық
материалистік теориясы болып табылады.
Кəсіби танымның бірінші баспалдағы – заттармен құбылыстарды
сезім мүшелері арқылы бейнелеу. Нəтижесінде, белгілі бір ұғым,
түсініктер қалыптастырылады.
Кəсіби танымның екінші баспалдағы – ұғым, түсініктерді пай-
ымдау. Пайымдау бұрыннан меңгерілген кəсіби тəжірибе, ой операциялары негізінде жүзеге асырылады, нəтижесінде кəсіптік білім
меңгеріледі.
Кəсіби танымның үшінші баспалдағы – меңгерілген кəсіптік
білімді іс жүзінде қолдана білу, яғни кəсіби танымның толығымен
аяқталу үдерісі. Сөйтіп, кəсіптік білімді меңгерудің логикасы
қабылдау, пайымдап бекіту, қолдану құралдарымен сипатталады.
Педагогикалық сөздікте білім мазмұны ұғымына: «Жеке
тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін білім, іскерлік, дағдылардың,
шығармашылықтың іс-əрекет тəжірибесі мен дүниеге деген
эмоционалды-құндылықты қарым-қатынастардың педагогикалық
тұрғыдан бейімделген жүйесі»-деген анықтама берілген1
Кəсіптік білімнің жалпы мазмұны «не үшін оқыту?» деген
сұраққа жауап іздестіреді. Дегенмен, неге оқыту деген сұрақты
қанағаттандыру үшін, адамзаттың əлеуметтік өмірінде жинақталған
асабайкəсібимəдениетініңтəлімдік-тəрбиелікжағынанмаңыздысын,
ең қажеттісін таңдап алу жəне оны жас ұрпақтың бойына сіңірудің
мақсатын, міндеттерін анықтап алу қажет. Ал білім мақсаты əр та-
рихи кезеңдерде қоғамдағы өркениеттің дамуына сəйкес, сан қилы
өзгеріп отыратындығы мəлім. Міне, сондықтан кəсіптік білімнің
міндеттері, білім көлемі, оқулықтардың құрылымы, пəн мазмұны
үнемі даулы проблема болып келеді.
Кəсіптік оқытудың білім мазмұнына қатысты қазақстандық
ғалымдар бірнеше анықтамалар қалыптастырған. К.Өстеміров,
Н.Шəметов, И.Васильев сияқты ғалымдардың пікіріне сəйкес:
«Білім мазмұны- бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік
жəне дағдыларды игеру барысы жəне нəтижесі, оқушыны өмірге
жəне еңбекке дайындаудың шарты»,- десек, кəсіптік білім мазмұны
Б.Əбдікəрімов анықтама бергендей: «... оларды меңгеру нəтижесінде
оқушылардың ақыл-ой жəне дене қабілеттеріннің дамуын, халық
шаруашылығының белгілі бір саласында өнімді еңбек етуге даяр
тəрбиелі, білікті жұмыскерді даярлауды қамтамасыз ететін жалпы
білімдік, политехникалық, кəсіби жəне жалпы техникалық кəсіби
білім, іскерлік жəне дағдылар жүйесі». Өстеміров 41 б
Достарыңызбен бөлісу: |