Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Қазақстан Республикасының білім стандарттарында қандай мəселелер қарастырылады?



бет11/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
10. Қазақстан Республикасының білім стандарттарында қандай мəселелер қарастырылады?

Қазақстан Республикасының білім стандарттарында мыналар

қарастырылады:

1. Мемлекеттің, білім алушыға əр бағыттар бойынша, міндетті

түрде жалпы білім беретін білім мазмұнының қажетті көлемдегі си-

паттамасы.

2. Белгіленген білім мазмұны бойынша білім алушының ең аз

мөлшердегі даярлығына қойылатын талаптар.

3. Оқу жылдары бойынша оқу жүктемесінің ең көп мөлшерде

мүмкін болатын көлемі.


11. «Кəсіптік білім» жалпыға міндетті білім стандарты жоғары білім саласындағы қандай халықаралық құжаттармен үйлестірілген?

Жоғары кəсіптік білім беруші 5В012000 «Кəсіптік білім»

жалпыға міндетті білім стандарты жоғары білім саласындағы

халықаралық құжаттармен, «ECTS пайдаланушыларға жетекшілік»

(«ECTS Users’ Guide»), «Еуропалық жоғары оқу орындарындағы

білімдік құрылымдарды икемге келтіру» («Tuning Educational

Structures in Europe» бағдарламаларының ұсыныстарымен

үйлестірілген бірыңғай деңгейін қалыптастыру жəне əлемдік білім

кеңістігіне ену мақсатына байланысты қолға алынған. Стандарттың

қағидалары меншік түріне, ведомствалық бағыныштылығы жəне

ұйымдастырушылық-құқықтық формаларына қарамастан бака-

лаврларды жəне жоғары арнайы білімді мамандарды даярлауды

жүзеге асырушы жоғары оқу орындарында қолдану міндетті сана-

лады. Бұл құжатты сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары,

аккредитациялық органдар, жоғары оқу орындарын лицензиялау

жəне аттестаттау комиссиялары, жұмыс берушілер пайдалана алады

жəне бакалаврлар мен жоғары арнайы білімді мамандарды даярлау

сапасына баға беру үшін негіз бола алады.

«Кəсіптік білім» жалпыға міндетті білім стандартын мейлінше

кеңінен ашып көрсету үшін оның ішкі жəне сыртқы байланыстарын

қарастыруымызқажет. Стандарттыңішкібайланыстарын, еңалдымен

оның заманауи қазақстандық қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық

қарым-қатынастар жүйесіндегі орнын салмақтау арқылы пайым-

даймыз. Кəсіптік білім стандартының сыртқы байланыстары оның

өзіне тиесілі элементтік құрылымы жəне элементаралық өзара

əрекеттестігі бар дербес қосымша жүйе ретінде қарастыруда көрініс береді. Бұл өз кезегінде оған қойылатын талаптарды белгілеуге негіз

болады.

Стандарттың қосымша жүйесінің, оның əрбір элементінің,

олардың өзара байланыстары аталған құжаттың мəнін, оның сипат-

тамаларын жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді.

Кəсіптікбілімстандартыныңқоғамныңəлеуметтік-экономикалық

жүйесіндегі рөлін түсінуде, оның «кімдер үшін» жəне «не үшін» де-

ген сұрақтарды туындататын, яғни оның атқаратын қызметін түсіну

маңызды. Біріншіден, білім алу жəне оқу іс-əрекетін орындау бары-

сында, оқытушылар жəне білім алушылар үшін, стандарттың талап-

тарын орындауға жəне оны өздерінің мүмкіндіктері мен мүдделерін

есепке ала отырып, толықтыруға тиісті. Екіншіден, кəсіптік білім

жүйесі əкімшілігі, қызметкерлері үшін оқу-тəрбие үдерісін жо-

спарлау, реттеу жəне бақылау саласындағы барабар механизмдерін

қалыптастыру; үшіншіден, еңбекпен қамту қызметкерлеріне

жұмыстан босаған жəне жұмыссыз тұрғындарды жұмысқа орнала-

стыру жəне қайта даярлау бойынша негізгі бағдар алу үшін қажет.

Төртіншіден, кəсіподақ ұйымдарына əлеуметтік серіктестерге, яғни

біліктілік жəне кəсіби құзыреттілік негізінде еңбек қатынастарын

реттеу үшін қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет