Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Кəсіптік оқыту педагогы бағдарламасының негізінде кəсіптік білім мазмұнының білімділік, тəрбиелік, дамыту функцияларына сипаттама беріңіздер



бет19/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
17. Кəсіптік оқыту педагогы бағдарламасының негізінде кəсіптік білім мазмұнының білімділік, тəрбиелік, дамыту функцияларына сипаттама беріңіздер.

Кəсіптік оқытудың білімділік функциясы - бұл білім алушылар-

ды кəсіби ғылыми білім, іскерлік, дағдылар жүйесімен қаруландыру.

Оның түпкі нəтижесі берілген білімнің іс-жүзінде саналы түрде

қолданыла білуі болып саналады.

Кəсіптік оқытудың тəрбиелік функциясы - кəсіптік оқытудың

мазмұнымен, оқытудың формасымен, əдістерімен анықталатын жəне

кəсіптік оқыту педагогы мен білім алушылардың қарым-қатынасы

арқылы жүзеге асатын үдеріс. Кəсіптік оқыту үдерісінде жеке

тұлғаның белгілі бір көзқарастары, қарым- қатынастары, тұлғалық сапа-қасиеттері, кəсіптік өнерге, кəсіби іс-əрекеттерге деген өзіндік

көзқарастары, пікір-пайымдаулары, мінез-құлықтары қалыптасады.

Кəсіптік оқыту дамыту функциясының басшылығымен жүзеге

асырылады. Кəсіптік оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы білім

алушылардың сенсорлық, қозғалыстық, мотивациялық-қажеттік,

интеллектуалдық дамуына көмектеседі. Қажеттілік жəне тұлғаның

танымдық үдерістерінің белсендірілуі арқылы əсіресе кəсіби есту,

кəсіби ес, кəсіби ойлау, қиялдау, сонымен бірге кəсіби қабілеттері

дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет