16. Кəсіптік білім мазмұнын сұрыптауда талап етілетін өлшемдер мен дидактикалық принциптерді мазмұндаңыздар.
Кəсіптік білім мазмұнының тұжырымдамасы аға ұрпақтың
еңбек саласында жинақталған тəжірибесін жеткізуді оның басты
əлеуметтік фукнциясы ретінде қарастыра келе, төрт құрылымдық
элементтерін ашып көрсетеді:
1) Кəсіптік білім – бұлтиістібілімберуорнындажүйегекелтірілген
білім, білік жəне дағдыларды игеру барысы жəне нəтижесі, білім
алушыны өмірге жəне еңбекке дайындаудың кажетті шарты ретіндегі
əлемдік жəне отандық еңбек тəжірибесі жəне кəсіби іс-əрекет
жөніндегі білімдер. Кəсіптік оқыту мазмұнына жалпы жəне жеке
білімдер тəн. Жалпы білімдер еңбек үдерісі мен өнімдерінің жалпы
құбылыстарын бейнелесе, жеке білімдерге арнайы технология жəне
жалпы техникалық дайындық жатады. Арнайы технология білім
алушыларға, ғылым негіздерінен қазіргі техника, технология жəне
өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан, тиісті өндіріс саласы мен оның
даму болашағытуралыжалпымəлімет береді. Қазіргізаманғы техника,
өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін
неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың негізгі мəліметтерін,
жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді; жаңа техника мен
технологиялардан, өндірісті дамытудың əлемдік деңгейдегі озық
əдістерінен мағлұмат береді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке
гигиена ережелерін сақтауды үйретеді.
Жалпы техникалық дайындық – жекелеген өндіріс салалары
бойынша ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік-экономикалық
бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды
жүйелері туралы хабардар етеді.
2) Кəсіби іскерліктер – барысында ғылыми теорияны
практикалық тəжірибе негізі арқылы оқытушылардың білім
алушылардың біліктілігін арттыруға жол ашатын белгілі бір іс-
əрекет амалдарын жүзеге асыру тəжірибесі. Əлемдік жəне отандық
еңбек тəжірибесі жөніндегі кəсіптік білімдерін, кəсіби іс-əрекет
амалдарын пайдалана алу іскерлігі, яғни бұрыннан қалыптасқан
кəсіби іс-əрекет амалдарын жүзеге асыру тəжірибесінің меңгерілуі.
Бұл кəсіби мəдениетті сақтау, жеткізу қабілетін қамтамасыз ететін
тəжірибенің мазмұнын құрайды. Практикалық іскерліктер мен
дағдылар теория мен практика бірлігінде білім алушылардың кəсіби
мəдениеті қалыптасуының бастауы болып табылады.
3) Кəсіби шығармашылық жəне ізденімпаздық іс-əрекеттер
тəжірибесі. Бұл тəжірибе - жаңа проблемаларды шешуге мүмкіндік
беретін адамзаттың даму үдерісінде жинақталған қазынасы.
Ол өз кезегінде бұған дейін меңгерілген кəсіптік білімдер мен
іскерліктерді жаңа жағдайларда өз бетімен жүзеге асыруды, белгілі
іс-əрекет амалдарының негізінде жаңа амалдарды қалыптастыруды
талап етеді 4) Еңбек əлеміне, түрлі саладағы еңбек түрлерімен
шұғылданатын адамдарға, өзінің кəсіби əрекеттеріне деген
эмоционалды-құндылықтықарым-қатынасы.Бұл - бұрыннанбелгілі
кəсіби тəжірибені меңгерудің ең жоғарғы деңгейі. Бұл - тек кəсіптік
білім, іскерліктер ғана емес, тұлғаның проблемалардың шешіміне
деген өзіндік көзқарасы мен қарым-қатынасы. Мұндай жағдайда
меңгерілген кəсіби-əлеуметтік тəжірибе білім алушылардың
меншікті кəсіби тəжірибесіне, кəсіби іс-əрекет ету амалдарына
айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |