Аралық бақылауға арналған сұрақтар Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы


Кəсіптік білім мазмұнының құрылымдық компоненттеріне мазмұндық сипаттама беріңіздер



бет20/25
Дата23.05.2020
өлшемі69,61 Kb.
#70790
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
18. Кəсіптік білім мазмұнының құрылымдық компоненттеріне мазмұндық сипаттама беріңіздер.

Кəсіптік оқыту үдерісі өзіне тəн компоненттерімен сипатталады.

Олар: кəсіптік оқыту (кəсіптік білім, кəсіби іскерлік, кəсіби

дағдылар), кəсіптік оқытудың мақсаты, кəсіптік білім мазмұны, кəсіптік оқытудың əдістері жəне құралдары, кəсіптік оқытуды

ұйымдастыру, кəсіптік оқытудың нəтижелері.

Кəсіптік оқыту педагогикалық үдерісте жүзеге асырылады.

Үдеріс – prozessus – латын тілінде алдыға қарай жылжу, өзгеру

деген ұғымды білдіреді. Кəсіби-педагогикалық үдеріс кəсіптік

оқыту педагогтары мен білім алушылардың өзара əрекеттестігінің

мақсаты, міндеттері, мазмұны, əдістері, құралдары, формалары жəне

осы əрекет ету нəтижелері сияқты компоненттерден құралады.

Кəсіптік оқыту – оқу жүктемесінің ауқымды мөлшеріне

арналған білікті жұмысшыларды даярлау үдерісінің маңызды

бөлігі. Көпшілік кəсіптер бойынша оқу шеберханаларында, оқу

зертханаларында кəсіптік оқыту, өндіріс жағдайында кəсіптік оқыту,

өндірістік практикада 3 негізгі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады.

Əрбір кезең кəсіптің ерекшеліктеріне байланысты ұзақтығы

түрліше болатын өндірістік оқыту бағдарламаларымен анықталады.

Кəсіптік оқыту əдетте өндірістік шебердің бекітілген топта білім

берудің басынан бастап, соңына дейін жетекшілік етуі арқылы

жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет